astana-view

Сыр елінің бизнес қауымдастығы Үкімет өкілдерімен Салық реформаларын талқылады

2025 жылғы 12 Ақпан
- Қызылорда облысы
394 просмотров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 7 ақпандағы Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде қосылған құн салығы бойынша мөлшерлеме саралануы тиістігін, салық-бюджет реформасын жүргізудің маңыздылығын атап өткен болатын. Президент Үкіметке ҚҚС мөлшерлемесінің мөлшері туралы шешім қабылдау үшін мүдделі тараптардың – бизнес өкілдерінің, экономика, қаржы және салық саласындағы сарапшылардың пікірін ескеруді тапсырды.

Осы ретте, бүгін, 11 ақпан күні Достық үйінде ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Құдайбергенов Бауыржан Әлібекұлы салық жүйесінің реформасы, оның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін көтеру мәселесін талқылау мақсатында өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Шараға 300-ге жуық бизнес қауымдастық, қоғамдық кеңес, мемлекеттік орган, департаменттер мен бірлестік өкілдері қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы бүгінде қоғамда қызу талқыға түскен жаңа салық реформасы болды. Бизнес өкілдері Вице-министрге тікелей сауалдарын қоя отырып, нақты ұсыныстарын білдірді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, барлық өңірдегі бизнес өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін білу үшін бүгін Сіздермен арнайы кездесіп отырмыз. Осы себепті нақты ұсыныстарыңызды білдірсеңіздер, біз өз ретімізде  оларды саралап, әрі қарай ҚР Парламентіне ұсынатын боламыз»-деді Б.Құдайбергенов.

Кездесу ұзаққа созылды, дегенмен министрлік өкілі әрбір пікірді құлақсыз қалдырмауға тырысты. Жиынға қатысушылар салық реформасы кәсіпкерлер үшін де, халық үшін де, еліміз үшін де оңтайлы шешілсе игі деген ортақ мақсатпен кездесуді қорытындылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер