Қазақстан мен Татарстан бірлескен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жаңа өндірістік алаң құруға арналған Қазақстан мен Татарстан өкілдерінің кездесуі өтті. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин, Қазақстан Республикасының Набережные Челны қаласындағы құрметті консулы Равиль Канцеров және татар компанияларының өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан аумағында жабдықтар өндірісін құру болды. Бұл бастама екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Өз сөзінде Мұрат Амрин жоба Қазақстан мен Татарстан арасындағы экономикалық қатынастарды кеңейту жолындағы елеулі қадам болуы мүмкін екенін атап өтті.
«Біздің елдеріміз экономиканың әртүрлі секторларында ұзақ уақыт бойы тұрақты серіктестікті қолдап келеді және өнеркәсіптік әлеуетті дамыту ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз», - деді ол.
Талқылау барысында Басқарма төрағасының орынбасары инвестициялардың ел үшін маңыздылығын, сондай-ақ олардың экономиканы дамыту, өңдеу өнеркәсібін жақсарту және Қазақстанда жаңа жұмыс орындарын құруға қосқан үлесін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: