astana-view

Мұрат Қарымсақов Бакуде жетекші бизнес өкілдерімен кездесіп, B2B форматындағы жиынға қатысты

2025 жылғы 15 Ақпан
3400 просмотров

14 ақпанда Бакуде Түркі инвестициялық қоры (TIF) және Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағы (TCCI) ұйымдастырған бизнес көшбасшыларымен ақпараттық кездесу және B2B нетворкингі өтті. Іс-шараға Әзербайжанның Экономика министрінің бірінші орынбасары Эльнур Алиев, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қубанычбек Өмуралиев, Түркі инвестициялық қорының Президенті Бағдат Құлтаев, Түркия палаталар және тауар биржалары одағының Президенті және TCCI Құрметті президенті Рифат Хисарджыклыоглу, сондай-ақ Әзербайжан кәсіпкерлерінің ұлттық конфедерациясының президенті Мамед Мусаев қатысты.

Сондай-ақ, кездесуге KOBIA, AZPROMO, TCCI және ASK секілді жетекші компаниялар мен ұйым өкілдері қатысып, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараның маңызды сәті – Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағы (TCCI) мен Түркі инвестициялық қоры (TIF) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға (МТМ) қол қойылу рәсімі болды. Бұл келісімдер Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің бизнес-қауымдастықтарының ынтымақтастығын күшейтуге, шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға, сондай-ақ бірлескен инвестициялық бастамаларды дамытуға бағытталған.

Кездесу барысында сауда байланыстарын нығайту, өнеркәсіптік кооперация және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Мұрат Қарымсаков Түркі мемлекеттері ұйымының елдері үлкен экономикалық әлеуетке ие екенін және олардың тарихи-мәдени байланыстарының берік негізі бар екенін атап өтті.

«Бүгін біз цифрландыру, логистиканы дамыту және инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге шыққанын көріп отырмыз. Қазақстан осы процестерге белсенді қатысуға дайын», – деді ол.

Сыртқы сауда палатасы шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлерге сенімді серіктестер табуға, құқықтық қолдау алуға және халықаралық бизнес шараларға қатысуға жәрдемдеседі.

Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі «Орта дәліз» және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту болды.

«Біз Қазақстанды ТМҰ елдері үшін сенімді логистикалық хабқа айналдыру үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз», – деп атап өтті Каримсаков.

Кездесудің қорытындысында қатысушылар ТМҰ елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға дайын екендерін білдірді.

«Бүгінгі кездесу бизнестің бірлескен жобаларға деген үлкен қызығушылығын көрсетті», – деп түйіндеді Мұрат Каримсаков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер