Келісім комиссиясы тағы да бизнесті қорғады
Бүгін Қостанай облысында келісім комиссиясының кезекті отырысы өтіп, нәтижесінде кәсіпкер жосықсыз өнім берушілер тізілімінен шығарылды. Бұл 2025 жылғы төртінші келісім комиссиясы және тағы да бизнестің пайдасына шешім қабылданды.
Кәсіпкерлер палатасы даулы мәселелердің әділ қаралуын қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлердің құқықтарын белсенді түрде қорғауды жалғастыруда. Әрбір комиссия отырысы бизнеске адалдығын дәлелдеп, негізсіз санкцияларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Давлетпаев ұйым адал кәсіпкерлердің өздеріне байланысты емес жағдайлардан зардап шекпеуі үшін жұмысты жалғастыратынын атап өтті. Палата әділ шешімдер табуға көмектесіп, кәсіпкерліктің тұрақты дамуы үшін жағдай жасайтын сенімді іскер серіктес болып қала береді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: