astana-view

Павлодарлық бизнесі "Атамекен" Палатасына ЭТД басшысымен кездесуге шақырады

2025 жылғы 18 Ақпан
- Павлодар облысы
676 просмотров

21 ақпанда сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін Павлодар облысының "Атамекен" Палатасында Экономикалық тергеу департаментінің басшысымен проблемалық мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жеке қабылдауы өтеді.

Кездесу, ай сайын сияқты, Палатаның бизнесті қорғау жөніндегі жұмысы аясында өтеді. Алдын ала жеке қабылдауға телефон нөмірі бойынша жазылуға болады: 660311 (ішкі. 5518).

«Мемлекеттік органдардың басшыларымен «Атамекен» Палатасының алаңында құқық қолдану тәжірибесін зерделеу және түсіндіру мақсатында жоспарланған тұрақты семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстары аясында кездесуге болады», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер