astana-view

Жұмысшы мамандықтары: сұранысқа ие кәсіптер және олардың болашағы

2025 жылғы 18 Ақпан
- Түркістан облысы
361 просмотров

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл бастама жастарды техникалық және жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандыруға, еңбек нарығындағы сұранысы жоғары кәсіптерді танымал етуге бағытталған.

Өңірлік палата жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және студенттерді осы салаға тартуға ерекше назар аударады. Өйткені өндіріс, құрылыс, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты салаларда білікті мамандардың тапшылығы байқалады.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев бұл бағытта жүзеге асырылып жатқан келесі шараларды атап өтті:

✔️ Білім беру бағдарламалары мен технологияларын жаңғырту – түлектердің заманауи дағдыларды меңгеруіне және жоғары біліктілік алуына мүмкіндік береді.
✔️ Дуальды оқыту жүйесін дамыту – студенттердің кәсіпорындарда тәжірибе жинақтауына жағдай жасайды.
✔️ Кәсіпорындардағы тәлімгерлік жүйесін жетілдіру – жаңа қызметкерлердің тәжірибелі мамандардан үйренуін қамтамасыз етеді.
✔️ Қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру – жұмысшылардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.

Жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын нақты мысалдар арқылы көрсету үшін Кентау трансформатор зауытының машина жасау технологиясы саласының өкілдерімен сұхбаттастық.

Ақмарал Асабаева – электромонтаждық схемаларды жинаушы, өз тәжірибесімен бөлісті.
Нұрислам Кожахмет – Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті, болашақ машина жасау маманы ретінде бұл бағытты таңдаудағы негізгі себептерін айтып берді.

Олардың пікірінше, жұмысшы мамандықтары тұрақты табыс, сұраныс және кәсіби өсу мүмкіндіктерін ұсынады.

Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру – экономиканың тұрақтылығы мен елдің әлеуметтік дамуы үшін маңызды қадам. Мемлекеттік қолдау мен бизнестің белсенді қатысуы арқылы бұл саланы жаңа деңгейге көтеруге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер