Мерзімді әскери қызмет сарбаздарына Шығыс Қазақстан облысында білім алу ұсынылды
Әскери қызметтен кейін бірден жауынгерлер аймақтағы колледждерге түсіп кейіннен жұмысқа орналаса алады.
27943 әскери бөлімінде әскери міндетін өтеп жатқан сарбаздар үшін Өскемен жоғары политехникалық колледжінде кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өткізілді.
ШҚО білім басқармасының басшысы Чернышева Иннесаның айтуынша, кәсіптік бағдар беру шарасы әскери қызмет өткеріп жатқан елдің халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірінің жастарын жергілікті колледждерде тегін кәсіптік-техникалық білім алуға және ШҚО кәсіпорындарында жұмысқа орналасуға ынталандыруға бағытталған.
«Іс - шараның басты мақсаты - жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, әскери қызметшілерге мамандық таңдауда көмек көрсету, сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру», - деді Иннеса Чернышева.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Адылхан Әсет тек Шығыс Қазақстанда ғана кадрларға қажеттілік 2030 жылға дейін 500 мың бос орынды құрайтынын, оның 70% - ы жұмысшы мамандықтары екендігін атап өтті.
Ол жастарға мамандық таңдау барысында, ең алдымен, кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ойлануды ұсынды.
«ШҚО колледждері әлеуметтік серіктестермен тікелей жұмыс істейді, кәсіпкерлер палатасының тізілімінде дуальды жүйе бойынша білім беру мекемелерімен қатар жұмыс істейтін 500-ге жуық кәсіпорын бар. Бұл диплом алғаннан кейін жұмысқа қабылдаудың 100 пайыздық кепілдігін білдіреді», - деп түсіндірді Адылхан Әсет.
Сарбаздар колледжбен танысып, экскурсиялар, тренингтергеқатысты. Өңірдің ірі кәсіпорындарының өкілдері Қазмырыш, Согра ЖЭО, БЭСК өз компаниялары, кадрларға қажеттілік және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Өскемен жоғары политехникалық колледжінің директоры Исин Исатай ақпараттық және инженерлік технологиялар, инженерлік графика, электроника, мехатроника, электр монтаждау, энергетика мамандықтарына егжей-тегжейлі тоқталды. Ол сондай-ақ оқытудың жаңа бағыттарының: ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы, жаңартылатын энергия көздерінің жабдықтарының операторы мамандықтарының ашылуы туралы жаңалықтарымен бөлісті.
Колледж тіпті әскери бөліммен дрондармен жұмыс жасау үшін бірлескен жоба ұсынды. Өйткені, мұндай дағдылар мен білім әскерилер үшін әрқашан.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: