astana-view

Қалалық жарнаманың бірыңғай стандарттары: Астанада дизайн-код талқылануда

2025 жылғы 24 Ақпан
- Астана қаласы
379 просмотров

Астаналық Кәсіпкерлер палатасында сыртқы жарнама мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы – «Астана қаласының дизайн-коды» жобасы бойынша бизнес қауымдастығының ұсыныстары. Бұл – елордадағы жарнамалық құрылымдар рәсімдеудің бірыңғай стандарттарын айқындайтын ережелер жинағы.

Қала келбетін жақсарту үшін сыртқы жарнаманы реттеу маңызды, өйткені бұл ыңғайлы визуалды орта қалыптастыруға және эстетикалық тұрғыдан тартымды қала жасауға ықпал етеді. Алайда кәсіпкерлер жарнамалық құрылымдарды келісу барысында түрлі қиындықтарға тап болады. Отырыс барысында КММ «Астана Жарнама» өкілі қазіргі жағдайды саралап, бизнес өкілдері өзекті мәселелерді ортаға салды. Осы бағыттағы басты ұсыныстардың бірі – жарнамалық құрылымдарды келісуге арналған бірыңғай электрондық портал құру. Бұл процесс ашық әрі жедел болады, коррупциялық тәуекелдер азаяды және өтініштерді рәсімдеу уақыты қысқарады. Дизайн-кодты бекіту процесін жеделдету жоспарлануда – қазіргі уақытта барлық мәселелер жинақталып, кәсіпкерлердің сұрақтарын шешу үшін КММ «Астана Жарнама» мамандарымен бірлескен егжей-тегжейлі талқылау жүргізілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер