Теміржол көлігі саласындағы кәсіпкерлер үшін станциялардағы жүктердің тұрып қалуына байланысты алымдар азайтылды
Көлік министрлігінің осы жылғы 14 ақпандағы бұйрығымен алымды кезең-кезеңімен ұлғайтуды көздейтін градация енгізілді.
Межелі станцияда жүктерді сақтау үшін алымды есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттің 10 еселігінен 5 еселенген коэффициентіне дейін 3 тәулікке төмендеуін көздейтін алым сомасын төмендету бөлігінде өзгерістер енгізілді.
«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин алымды белгілеу станциялық инфрақұрылымды босату үшін ынталандырушы шара болып табылатынын атап өтті. Осыған қарамастан, жоғары алымдар мен кезең-кезеңмен градацияның болмауы кәсіпкерлерге ауыртпалық тигізді.
Бизнестің бұл мәселесі Үкіметке отандық кәсіпкерлер Кеңесінің отырысында шығарылды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Көлік министрлігі және ҚТЖ бірлескен жұмысының нәтижесінде ұзақ келіссөздерден кейін ережеге тиісті өзгерістер енгізілді, бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге жыл сайын 900 млн теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік береді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес келесі талаптар белгіленді:
Межелі станцияға келгеннен кейін жүк алушыға жүкті қабылдауға 24 сағат беріледі және сақтау үшін алым есептелмейді.
24 сағат өткеннен кейін 48 сағатқа дейін бір реттік мөлшерде алым қойылады.
Тасымалдаушының тарифтік нұсқаулығына (прейскурантына) сәйкес бес еселенген мөлшерге дейін ұлғайтылған сақтау үшін алым, алымның ұлғаюы туралы хабарландыру ілінгеннен кейін, жүкті тағайындалған станцияға келгені туралы жүк алушыға хабарланған сәттен бастап 48 сағат өткеннен кейін және 72 сағатқа дейін қолданылады.
Тасымалдаушының тарифтік нұсқаулығына (прейскурантына) сәйкес он еселенген мөлшерге дейін ұлғайтылған сақтау үшін алым, алымды ұлғайту туралы хабарландыру ілінгеннен кейін, жүк алушының межелі станцияға жүк келгені туралы хабардар еткен сәттен бастап 72 сағат өткен соң қолданылады.
Жүктерді сақтау үшін алымның он есеге дейін ұлғайтылған мөлшерін есептеу 30 күнтізбелік күннен аспайды.
ҚР Көлік министрлігі бұйрығының толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2500035729
Пікір қалдыру:
Пікірлер: