Алматы-Чжэнчжоу: екіжақты бизнес-байланыстарды дамытудың жаңа кезеңі
Чжэнчжоудан келген делегация Алматы кәсіпкерлеріне сауда, өндіріс, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс және басқа да салаларда берік серіктестік құруды ұсынды. Халықаралық кездесу «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.
Чжэнчжоу делегациясының өкілдері муниципалды халық үкіметінің, нарықты дамыту орталығының және бизнес пен индустрияны дамытудағы жетістіктерімен танымал экономикасы қарқынды дамып келе жатқан осы аймақтың сауда бюросының мүдделерін білдірді.
Талқылаудың негізгі тақырыптары - екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, сауда және инвестициялық байланыстарды дамыту, сондай-ақ технологиялармен алмасу.
Қытай тарапы өндірістік секторда және саудада бірлескен жобаларды іске асыру үшін жағдай жасауға баса назар аударды, бұл өзара тиімді бизнес-байланыстарды құрудың үлкен әлеуетін білдіреді. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар қазақстандық кәсіпкерлермен белсенді өзара іс-қимылдың маңыздылығын білдіре отырып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қазақстандағы іскерлік ортаны қолдау мен дамытудағы ерекше рөлін атап өтті. Бұл кездесу, екі тараптың пікірінше экономикалық қатынастарды нығайту және екі ел арасындағы әріптестікті тереңдету үшін елеулі перспективалар ашады.
Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов Қытай делегациясының сапарына ризашылығын білдіріп, Палатаның екіжақты бизнес-байланыстарды дамыту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендігін растады. Ол кәсіпкерлер палатасы табысты ынтымақтастық пен бірлескен бизнес-бастамаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, қазақстандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсететініне сендірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: