astana-view

Студенттер ықтималды жұмыс берушілермен танысты

2025 жылғы 04 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
305 просмотров

Енді оқу орнын бітіргеннен кейін оларға жұмысқа орналасу оңайырақ болады, өйткені кәсіпкерлер өздеріне қажетті қызметкерлерді көріп үлгерді.

Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған өңірдің жетекші кәсіпорындарының қатысуымен дөңгелек үстел және бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Колледж директоры Иргебаев Ернар құрылыс және көлік саласында заманауи маман даярлаудың инновациялық тәсілдері туралы айтып берді.

Сонымен қатар, оқу орындары мен бизнес арасындағы перспективалық қатынастар анықталды.

Кәсіпкерлер өз кезегінде студенттерді техникалық салада мансап таңдауға ынталандырды, қазіргі кездің жұмыс жағдайлары мен жұмысшы мамандықтарының артықшылықтары туралы айтты.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Мамырбаев Қайрат Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінде мамандар даярлаудың сапасын атап өтті.

«Оқу орнының мамандары металлургия ғана емес, құрылыс саласы кәсіпорындарында да сұранысқа ие. Механиктер сұранысқа ие», - деді Қайрат Нұржанұлы.

Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Әсет Әділхан кадрларға деген жоғары қажеттілікке назар аударды.

«Қазір колледждерге кадрларды өз бетінше дайындау қиын, мамандарға қойылатын талаптар қазір өте жоғары. Еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілік үшін ынтымақтастық қажет: кәсіпорындармен қатар мамандар даярлау. Мұндай тәсіл дуальды даярлау жүйесі арқылы жүзеге асырылады", - деп атап өтті Әсет Адылхан.

Көптеген кәсіпорындар қазірдің өзінде дуальды оқыту бойынша колледждермен белсенді жұмыс істейді.

Мысалы, VK Development group құрылыс саласындағы колледжбен өзара қарым-қатынас жасайды. Компания өкілі бірлескен дайындық жүйесі туралы айтып, кәсіпорынға жыл сайын осы колледждің түлектері жұмысқа орналасатынын атап өтті. Сонымен қатар, тәлімгерлік жүйесінеде қызығушылық танытып, биыл бес адамды оқытуды жоспарлауда.

Сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, жұмысшы жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және техникалық мамандықтардың тартымдылығын арттыру, жұмысшы кәсіптерінің имиджін ілгерілету мәселелерін талқылады. Барлық кәсіпорындар оқу орнымен ынтымақтастықты күшейтетінін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер