Астаналық іскер әйелдерге «Алтын сапа» байқауларына қатысу жайы түсіндірілді
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі тақырыбында бизнес-тренинг өтті. Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер салааралық кеңесінің «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған бұл іс-шарада кәсіпкер әйелдер өз біліктіліктерін арттыра отырып, банк және мемлекеттік органдардың өкілдерімен пайдалы байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, іс - шара спикерлері - сауда министрлігінің өкілдері Гүлнара Яшкина мен Кеңес төрағасы Сания Ирсалиева қатысушылармен өз бизнестерін одан әрі дамыту үшін практикалық білімдерімен бөлісті.
Тренинг барысында қатысушылар жоба ұйымдастырушылары ұсынған конкурстарға қатысу критерийлерімен танысты. Олар беделді марапаттарды жеңіп алудың артықшылықтары туралы мағлұмат алып, мұндай байқауларға қатысу бизнестің ішкі және халықаралық нарықтағы позициясын нығайтуға қалай көмектесетінін талқылады.
«Отандық өндірісті қолдауда бұл байқаулардың маңызы зор. Олар компанияларды өз өнімдері мен қызметтерінің сапасын арттыруға ынталандырады, сонымен қатар, өз жетістіктерін жоғары деңгейде көрсетуге бірегей мүмкіндік береді», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП республикалық конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Мерей Исаева.
Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының конкурсы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі кәсіпкерлікті дамытуға, сапалы өндірісті қолдауға және бизнесті кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.
Сыйлық конкурстық негізде өнім және/немесе қызмет сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері үшін, сондай-ақ, сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін (менеджмент жүйелерінің болуы міндетті) беріледі. Байқаудың басты мақсаты – отандық өнімнің сапасын арттыру, ал критерийлер осы саладағы айтарлықтай нәтижелерді бағалайды.
Жыл сайын елімізден 200-ге жуық кәсіпорын «Алтын сапа» байқауына қатысып, өздерінің үздік жетістіктерін көрсетуге ұмтылады. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы су тасқынына байланысты күрделі жағдайға байланысты және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында конкурс өткізілмей қалған болатын.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: