astana-view

Жұмысшы мамандықтары: сұраныс, даму және дуальды оқыту мүмкіндіктері

2025 жылғы 27 Наурыз
- Түркістан облысы
936 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжіне барып, оқу орнының қызметімен танысты. Кездесу барысында колледж директоры Айдос Абпазов оқу орнының білім беру бағдарламалары, өндірістік тәжірибе ұйымдастыру жүйесі және дуалды оқыту бағдарламалары туралы ақпарат берді.

Бұл сапар өңірдегі жетекші колледждердің жұмысшы мамандықтарын даярлау деңгейін бағалау, білім беру бағдарламаларын өзектілендіру және дуалды оқыту жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылау мақсатында жүзеге асырылды.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының 2025 жылдың – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау бастамасын қолдайды. Палата жұмысшы мамандықтарының экономиканы дамыту мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі негізгі рөлін ерекше атап өтеді.

Сонымен қатар, палата бизнес-қоғамдастықты жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға белсенді қатысуға шақырады. Бұл кәсіптердің еңбек нарығындағы сұранысын көрсетіп, жастарға бағыт-бағдар беруге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер