astana-view

Жекеменшік балабақшалардың болашағы: бизнес өкілдері жүйелі өзгерістерді талап етті

2025 жылғы 22 Сәуір
- Түркістан облысы
155 просмотров

Бүгін ҚР «Атамекен» ҰКП мен «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының» бірлесуімен жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңеске облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы кәсіпкерлер палаталары, жеке балабақша иелері, салалық сарапшылар мен жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиында бірнеше өзекті тақырып көтерілді:
    •    Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда тіркеудің биометриялық жүйесін енгізу;
    •    Жан басына шаққан қаржыландыру әдістемесіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар;
    •    Жер ресурстары басқармалары тарапынан жүргізіліп жатқан тексерулер мен жекеменшік білім беру нысандарына берілген жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселелері.

Кәсіпкерлер тарапынан аталмыш реформалардың іске асу жолдарына байланысты нақты ұсыныстар мен ескертпелер айтылды. Әсіресе қаржыландыру әдістемесіне өзгеріс енгізу, балабақшалардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін маңызды екендігі ерекше атап өтілді.

Іс-шараны «Атамекен» ҰКП-ның адами капиталды дамыту басқармасы ұйымдастырды. Кездесу нәтижесінде ұсыныстар жинақталып, жауапты органдарға жолданатын болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер