astana-view

«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысу жолдары Түркістанда түсіндірілді

2025 жылғы 23 Сәуір
- Түркістан облысы
181 просмотров

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасы Президентінің Алтын сапа сыйлығын алуға арналған байқауды және Қазақстанның үздік тауары көрме-байқауын өткізу тәртібі мен бағалау критерийлері» тақырыбында оқыту-семинары өтті.

Аталған семинарды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының республикалық конкурстар мен сыйлықтарды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Мерей Исаева жүргізді. Ол байқаулардың мақсат-міндеттері, қатысу тәртібі, бағалау өлшемдері туралы жан-жақты мәлімет беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинар аясында кәсіпкерлерге байқау құжаттарын дұрыс дайындау бойынша практикалық кеңестер беріліп, «Ұлы дала елі», «Парыз», «Іскер» секілді сапа және әлеуметтік жауапкершілік саласындағы республикалық конкурстармен таныстырылды.

Іс-шараға Түркістан облысының шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысып, семинар соңында арнайы сертификаттарға ие болды.

Бұл іс-шара өңір кәсіпкерлеріне өз қызметін дамытуға, өнім сапасын арттыруға және ұлттық байқауларға қатысу арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға зор мүмкіндік берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер