astana-view

«Атамекен» Павлодар Палатасы кәсіпкерге цирк орнатылатын аумақ мәселесіне жедел көмектесті

2025 жылғы 29 Сәуір
- Павлодар облысы
469 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы Павлодардағы Мемлекеттік орган жер учаскесін келісуден бас тартқан ЖК Фахрануровтың құқықтарын толығымен қорғады.
«Атамекен» ӨКП мекенжайына сәуір-мамыр айларында Гагарин атындағы саябақ аумағында цирк орнату үшін аумақ бөлу мәселесі бойынша «Ringo Star» шапито циркінің директоры Р.Ф. Фахрнуровтан өтініш келіп түсті.

«Өз өтінішінде ЖК Фахрнуров жергілікті атқарушы органның аумақты келісуден бас тартқанын көрсетеді», - дейді «Атамекен» Өңірлік палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Гүлнар Бассуова.

Бұл мәселені шешу үшін кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органмен жедел келіссөздер жүргізді.

«Мәселе оң шешімін тапты. Цирк орнатуға арналған аумақ келісілді. Кәсіпкердің құқықтары қорғалды», - деп түсіндірді «Атамекен» Павлодар ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер