astana-view

Қазақстанның Қытай және Еуропа елдерімен сауда көлемі төмендемейді

2014 жылғы 19 Мамыр
3869 просмотров

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі оның Қытай және Еуропа елдерімен сауда көлемін төмендетпейді. Бұл туралы Bnews.kz тiлшiсiне «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Руслан Сұлтанов мәлiмдедi.

«Бұрын Кеден одағының құрылуы және кедендік баж салығының қымбаттауы үшінші әлем елдерімен еліміздің арасындағы сауда үлесінің төмендеуіне алып келеді деген күдік болған еді. Алайда, салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, 2009 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауданың үлесі 13 пайыз болса, 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдың үлесі 17 пайызға артқандығын көруге болады», - деді Руслан Сұлтанов. 

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш, тіпті, Ресейдікімен бірдей. 

«Әрине, Қытай және Еуропалық одақ елдерінің өнімдеріне деген қызығушылық бар. Ол қызығушылық сақталып қалады да. Сондықтан да Еуразиялық экономикалық одаққа кіру арқылы Қазақстанның Қытай және Еуропа елдері арасындағы саудасының үлесі төмендемейді», - деп толықтырды ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер