astana-view

Бизнеске заңнаманың толық емес тұстарын шешу үшін не керек?

2025 жылғы 13 Мамыр
743 просмотров

Неліктен кәсіпкерлердің бизнесі тартып алынып, өздері тұтқындалып жатыр? Бизнеске кедергі келтіру бойынша Қылмыстық кодекстің баптары неліктен қауқарсыз? Бизнес-климатқа не әсер етеді? Бүгінде кәсіпкерлер қандай қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр? Осы және өзге де мәселелер «АТАМЕКЕН» ҰКП Youtube арнасындағы «ЛАБИРИНТ ПРАВОСУДИЯ» подкасында көтеріледі.

Алматыда брокерлік компанияның басшысы ешқандай алаяқтық мәмілелерге қатыспағанына қарамастан, алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ақтауда әділ жұмыс істеп, бюджетке 20 млрд теңгеден астам салық аударғанына қарамастан, мұнай өнімдерін тасымалдаумен және өңдеумен айналысатын ЖШС-нің бес қатысушысы қамауға алынған. Астанада тұрғын үй кешендерінің құрылысы соңғы кезеңде болса да, негізсіз тоқтата тұру жағдайлары жиілеп кеткен. Бұл ретте, мемлекеттік органдар тарапынан қысымның айқын белгілері көрініс табады.

Бүкіл республика бойынша осындай  біршама жайттар тіркелген. Жыл сайын көптеген кәсіпкер өздерінің құқықтары мен бостандықтарының өрескел бұзылуымен бетпе-бет келеді. Қылмыстық қудалау, бизнесті тоқтату, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының келісімі. Бұл – бүгінгі кәсіпкерлердің шынайы өмірі. Осындай жағдайда «не істемек керек?» деген заңды сұрақ туындайды. Бизнеске кім қолдау білдіруде? Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қандай деңгейде жүргізіледі? Құқық қорғау органдары бизнесті, сондай-ақ кәсіпкерлерді қудалаудың және мүлкін тартып алудың қандай схемаларын, амалдар мен әдістерді қолданады? Тың форматтағы жаңа подкаста танымал әрі беделді спикерлер кәсіпкерлерді жазықсыз қудалаудың нақты мысалдарын келтіре отырып,  кәсіпкерлерге қалай көмектесуге болатындығы, оларды негізсіз тексерулерден қорғау және бизнестің, мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардың диалогына қандай құралдар қажет екендігіне тоқталады.                                                                  

Подкаст қатысушылары:

Райымбек Баталов – «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы

Абзал Құспан – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Игорь Вранчев – Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары, адвокат

Қанат Нұров – бизнес-омбудсмен

Қайырбек Сүлейменов – «Атамекен» ҚР ҰКП  Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы, генерал-полковник, «Халық қаһарманы»

Аталмыш форматты кәсіпкерлер Палатасы алғаш рет іске қосып отыр.  Себебі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеттерінің бірі – жүйелі негізде бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жыл сайын құқықтық қорғау желісі бойынша мыңдаған өтініш қаралады, қорғалған мүдделер сомасы –миллиардтаған теңгені құрайды. Палата Қылмыстық кодекстің бірқатар экономикалық баптарын қылмыссыздандыруға және ұйымдасқан қылмыс туралы нормаларды бизнеске қолдануды болдырмауға тырысады. Кәсіпкерлер палатасының қызметіне қатысты өзекті мәселелер – жаңа подкастың әрбір шығарылымының өзегіне айналады. Себебі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты мақсаты – елімізде кәсіпкерлер үшін ашық, әділ әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.

Сондықтан рейдерлік әрекеттер, активтерге талас, кәсіпкерлерді негізсіз сотқа тарту, заңнаманы өз қалауынша қолдану, статистиканы бұрмалау және өзге де өткір тақырыптар  «ЛАБИРИНТ ПРАВОСУДИЯ» подкасында қозғалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер