astana-view

Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарлама жемісін көруде

2014 жылғы 19 Мамыр
3522 просмотров

Ауыл тұрғындары «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының жемісін көре бастады, деп хабарлайды 24kz.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының кішігірм ауылдарының өзінде шағын наубайханалар мен дәріханалар ашылып, жекеменшік таксилер де халыққа қызмет көрсетуде. Көкпекті ауданындағы Миролюбовка ауылдық окіругінде 4 тұрғын 11 млн. теңге несие алып, кәсіптерін дөңгелетіп жатыр. Олар шағын кәсіпорындар ашып қана қоймай, дуальды оқыту жүйесін дамытуға атсалысуда. Миролюбовка ауылында алғаш рет жекеменшік наубайхана ашылды. Қазір оған жетекшілік ететін Ләззат Құдайбергенованың мамандығы наубайшы болса да, 5 жыл бойы жұмыссыз отырған. Қол қусырып отыра алмай, мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, іс бастайды.

Ләззат Құдайбергенова, кәсіпкер:

- Мен кәсібім алға бастаынына сенімдімін. Біздің ауылымыз жолдың бойында орналасқан, әрі-бері өтетін адам көп. Өз ауылымды да, көрші ауылды да нан өнімдерімен қамтуға қауқарымыз жетеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер