astana-view

Бүкiләлемдiк банктiң есебi бойынша Қазақстан 50-орында

2014 жылғы 19 Мамыр
3576 просмотров

Бүкіләлемдік Банктің «Doing Business 2014» есебі бойынша еліміз 189 елдiң iшiнде 50-орында тұр. Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан үш сатыға көтерілген. Бұл туралы бүгiн Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингiнде ҚР ЭБЖМ Сыртқы сауда қызметi департаментi директоры қызметінің міндетін атқарушы Әлия Әлiмбетова хабарлады, BAQ.kz. 

«Сыртқы сауда саясатының тиiмдiлiгi бизнес климаттың даму деңгейiмен, отандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiмен және өз тауарларын сыртқы нарыққа шығарумен, сауданы либерилизациялау деңгейімен анықталады. Бүкіләлемдік банктiң 2014 жылғы есебi бойынша Қазақстан 189 елдiң iшiнен 50-орында тұр. Бiз өткен жылмен салыстырғанда 3 сатыға көтерiлдiк. Бiздiң ел ТМД мемлекеттерi бойынша көш бастап тұр. Мысалы, Ресей 92-орында, Беларусь 63-орында, Қырғызстан 68-орында. Көптеген ТМД елдері бiзден қалып келедi. Үздiк елу елдiң қатарын енуіміз бiздiң елдегi сыртқы сауда саясатының бизнес климатының дамуы мен жақсаруына, экспорттық-импорттық операциялардың жетiлуiне септiгiн тигiзедi», - деді Әлия Әлiмбетова.

Оның айтуынша, Қазақстанның интеграциялық үрдістерге қатысуы өте маңызды. 2010 жылдан бастап Қазақстан Кедендік одақ аясында жұмыс істеп келеді. Осы уақыттан бастап сыртқы сауда саясатының бірыңғай шаралары жүзеге асырылған. Яғни, бірыңғай кедендік тариф пен терифтік емес реттеудің шаралары қолға алынған.

«4 жыл ішінде кедендік баж салығы төлеменің көлемін өзгерту мен тарифтік емес реттеулер бойынша шаралар қабылдау ұсыныстары дайындалды. Айта кету керек, біз бұның барлығына белсенді ат салысудамыз. Кеңес аясында барлық сауалдар қаралып, шаралар қабылданады», - деді ол. 

Айта кетейік, Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiру, Кедендiк Одақты қалыптастыруды аяқтау, ТМД және үшiншi әлемдегi елдермен еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қол қою, барлық сауда қарым-қатынастарды дамыту және инвестиция тарту - соңғы жылдары Қазақстанның сыртқы сауда саясатындағы басым бағыты болып табылады.

Бұған дейін айтып өткеніміздей, ҚР Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясыжәне Дүниежүзілік банк тобының Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі арасында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту бойынша негіздемелік келісімге қол қойылған болатын.

ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Е.Досаев журналистерге берген сұхбатында атап өткендей, Дүниежүзілік банк тобымен бірге қол қойылған Негіздемелік келісім Үкімет жүргізіп жатқан жұмысқа қолдау көрсетуге бағытталғанын. Сол мақсатта аталған банк 2,5 млрд. АҚШ долларын бөлетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер