astana-view

Өңірлік туризм бизнесінің мәселелері республикалық деңгейде талқылануда

2025 жылғы 17 Маусым
701 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Туристік сала комитетінің мүшелерімен кездесу өтті. Жиын барысында салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік орган өкілдері өңірлік салалық кеңестермен өткен жиналыстың қорытындысын талқылады.

Еліміздің өңірлерінде салалық кеңестердің қатысуымен өткен жиналыстарда шамамен 80-ге жуық жүйелі мәселе көтерілді. Ұлттық палата мен мемлекеттік органдардың бірлескен бастамасының мақсаты - саланың нақты жағдайын түсіну болды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жиындарға белсенді қатысуы бірқатар мәселені ведомствоаралық деңгейде көтеруге мүмкіндік беріп, олардың жедел шешілуіне жол ашты.

Отырысқа қатысқан кәсіпкерлер салалық министрліктер, ұлттық компаниялар, әуе тасымалдаушылар мен байланыс операторлар өкілдерінен өз сұрақтарына тікелей жауап ала алды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев ішкі туризмге, табиғи аймақтарға деген қызығушылық пен қызмет көрсету сапасына артқанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол барлық мемлекеттік органдар мен арнайы қызметтерді туристік маусымда бірлесіп, қызмет көрсету мен қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге шақырды.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы салалық кеңес төрайымы Татьяна Верницкая әр өңірдің өз туристік брендін әзірлеп, олардың барлығын бейнелейтін республикалық бренд жасауды ұсынды. Сарапшының пікірінше, мұндай өңірлік брендтер Қазақстанның ұлттық туристік имиджін қалыптастыруға оң әсер етіп, елдің ішкі әрі сыртқы туризмін қарқынды дамытуға жол ашады. Сондай-ақ, ол туристік іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін жасап, оны өңірлік шаралармен байланыстыру қажеттілігіне тоқталды. Мұндай күнтізбе туристерге жоспар құралы, ал туроператорларға маркетинг және стратегиялық құрал бола алады.

Бұл мәселеге қатысты вице-министр Ержан Еркінбаев қазіргі уақытта «Born Bold» («Батыл болмыс») ұлттық туристік бренді әзірленіп жатқанын хабарлады. Халықаралық нарықтарда жылдың соңына дейін науқан жүргізіледі. Оның ұраны ұлттық болмысты, тарихи-мәдени ерекшеліктерді, кәсіпкерлердің пікірлерін ескеру үшін сарапшылармен талқылар жалғасатын болады.

Қазіргі таңда, kazakhstan.travel порталында орналастырылған күнтізбе барлық өңірді қамтымайды. Оны тез арада жүйелендіру мен толық енгізу жоспарлануда. Алайда, портал мемлекеттік органның балансына өткізу мәселесінен бөлек, қосымша қаржыландыру мәселесі де орынды.Оны шешу үшін мемлекеттік емес қаражат тартылу қарастырылуда.

Абай облысы кәсіпкерлер палатасындағы кеңесте мүшелік ететін Елена Асылбекова Алакөлге Астана мен Алматыдан баратын субсидияланған рейстердің тапшылығына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі билеттер саны туристік маусымда сұранысқа сәйкес келмейді. Сарапшы бұл мәселені шешу үшін тәуелсіз әуе компанияларды тартуға шақырды.

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің өкілі Руслан Шаяхин аталған бағыттарда рейстер жиілігін қайта қарастырылып, Алматы – Үшарал бағдарындағы ұшулардың бір бөлігі Астана – Үржар бағытына ауыстырылғанын хабарлады. 12 маусымнан бастап «Южное небо» компаниясы Астана – Үржар бағытында аптасына үш тұрақты рейс орындай бастады. Билет бағасы – 30-40 мың теңге шамасында.

Qazaq Air компаниясының коммерциялық директоры Сүлейман Мырзаев туроператорлармен бірлесіп, компанияның Алакөл бағытына чартерлік рейстер ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Елена Асылбекова Алакөл маңындағы инфрақұрылым мәселелерін көтерді. Электр энергиясының жиі өшуі тұрмыстық техникаларды істен шығарғаны, көшелерде жарықтың, дәріханалар мен санитарлық нысандардың жоқтығы өңірлік туризмге қызығушылықты түсіретінін айтты.

Солтүстік Қазақстан облысы салалық кеңесінің төрағасы Владимир Витченко шекаралық өңірлердегі туристік бағыттарда ұялы телефон байланысының жоқтығы туралы сөз қозғады.

Цифрлық даму министрлігінің өкілі Ләзизбек Құрбантаевтың айтуынша, мұндай жерлерде станция болмағанын байланыс операторлары үшін оларды құру қымбат болғанымен, абоненттік қызмет алушылардың аз болуымен түсіндірді. Министрлік ұялы байланыс операторларына туристік аумақтарда қызмет көрсету міндетін жүктеу және оларды ынталандыру құралдарын (мысалы, салықтық жеңілдіктер арқылы) қарастыруда.

Сонымен қатар, жуырда Цифрлық даму министрлігі мен Starlink (SpaceX) компаниясы Қазақстанда спутниктік интернетті ресми түрде іске қосу туралы келісімге келді. Бұл жаңалық шалғай өңірлерде кең тараған экотуризмді дамытуға үлес қосып отыра, туристерді сапалы байланыс қамтамасыз ететін болады.

Жалпы, жиын барысында кәсіпкерлер инфрақұрылым, қаржы тарту, байланыс сапасы сияқты бірқатар мәселелерге қосымша сұрақтар қойды. Мемлекеттік органдар олардың бірқатарына нақты жауап беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Кездесуді қорытындалаған Тимур Нақыпбеков пен Ержан Еркінбаев кәсіпкерлер көтерген мәселелерді бірлесіп пысықтауды жалғастыруға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер