Бизнестің дауысы естілді: Қаржы министрлігі құрылыс тендерлерінде жеке тәжірибелерді сақтап қалды
Бұған дейін Қаржы министрлігі құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулардағы жұмыс тәжірибесін бағалау кезінде жеке тәжірибені толығымен алып тастауды көздейтін мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге бастамашылық жасаған болатын.
Бұл бастама мемлекеттік сатып алудың жекелеген қатысушыларының электрондық депозитарийде құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) және техникалық қадағалаудың инжинирингтік қызметтерін жеткізушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды бұрмалаудың жиілеп кеткен фактілеріне байланысты болды. Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары іс жүзінде мәлімделген тәжірибеге ие болмай, конкурстардың жеңімпаздары болады.
Айта кету керек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салалық қауымдастықтармен және одақтармен бірлесіп, мемлекеттік сатып алулардағы проблема туралы алғашқылардың бірі болып мәлімдеді. Мұндай тәжірибені адал мердігерлер өте теріс қабылдайды, өйткені ол мемлекеттік сатып алуға қатысушылар арасында қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыруға кедергі келтіреді және жобаларды уақтылы және сапасыз іске асыру, сондай-ақ, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін арттырады.
Алайда, уәкілетті орган ұсынған тәсіл бизнес қауымдастығында үлкен резонанс тудырды, өйткені ол адал жеткізушілердің құқықтарын шектеді. Ұлттық палатаның атына құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуға қатысушылардан олардың мүдделерін қорғау және жеке инвестициялар есебінен іске асырылған объектілер бойынша олардың тәжірибесін есепке алу мүмкіндігін қорғау туралы өтініштер жаппай түсе бастады.
Салалық қауымдастықтар жүргізген талдауға сәйкес, сатып алудағы жеке тәжірибені алып тастау нарықтағы компаниялардың санын инжинирингте 40% - ға және ҚМЖ-де 15-20% - ға дейін қысқартып, жаңа қатысушыларға кіруді шектеуі мүмкін. Жобалау ұйымдары да зардап шегеді. Үлкен тұрғын үй кешендерін жобалау тәжірибесі бар компаниялар шағын нысандарды жобалаушыларға қарағанда бәсекеге қабілеттілігі төмен болады, өйткені олардың тәжірибесі ескерілмейді.
«Жеке (бюджеттен тыс) тәжірибені ескеру оның көлеміне қарамастан, бүкіл құрылыс бизнесі үшін түбегейлі маңызды мәселе.
Көптеген жылдар бойы мердігерлердің басым көпшілігі жеке меншік нысандарда – коммерциялық, инвестициялық, индустриялық нысандарда практикалық тәжірибе жинады. Бұл бәсекелестік, ресурстардың тапшылығы және жеке тапсырыс берушілердің жоғары талаптары жағдайында алынған нақты, көбінесе күрделі және жауапты тәжірибе. Мұндай тәжірибені мемлекеттік сатып алу жүйесінен алып тастау автоматты түрде көптеген адал, білікті компаниялардың мемлекеттік тапсырыстарға қол жеткізуінен – олардың қабілетсіздігі себебінен емес, ресми критерийге байланысты кесуді білдіреді», - деп есептейді ҰКП Төралқасының Құрылыс және ТКШ Комитеті төрағасының м.у.а. Ирина Манжанова.
Өз кезегінде, уәкілетті орган бизнес ұсыныстарын ескере отырып, келіссөздерге және бастамашылық жасалған түзетулер редакциясын ықтимал қайта қарауға дайын екенін білдірді.
Бірнеше рет кездесулер мен талқылаулардың нәтижесінде мемлекеттік кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы бар техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша жеке тәжірибені есепке алуды сақтау маңызды.
«Ереженің қолданыстағы редакциясы – талдауға және Қаржы министрлігі мен бизнесті білдіретін Ұлттық палатаның келісілген ұстанымына негізделген ойластырылған тәсілдің нәтижесі», - деді Қазақстан құрылыс салушылар Қауымдастығының президенті Виктор Микрюков.
Тиісті түзетулер ағымдағы жылғы 21 тамызда күшіне енеді. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2500036586 және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережелерінде және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу Ережелерінде бекітілетін болады.
Қабылданған өзгерістер, сарапшылардың бағалауы бойынша, сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттырады, жосықсыз қатысушыларды жіберу тәуекелдерін азайтады және бұл ретте күрделі жобалар сегментінде бәсекелестіктің жоғары деңгейін сақтайды.
«Жеке тәжірибені есепке алу құқығын қорғау – әсіресе мемлекеттік сараптамадан өткен техникалық күрделі объектілерде – әділдік, бәсекелестік пен тең қолжетімділік қағидаттарын сақтау. Бұл сапалы құрылыс бюджеттік келісімшарттармен шектелмейтінін және жеке меншік объектілердегі нақты тәжірибе пайдаланылуы тиіс құнды ресурс екенін мойындауды білдіреді», - деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Назира Үсенова.
Оның айтуынша, Ұлттық палата мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдіре отырып, уәкілетті органның бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысын және оның сындарлы диалогқа ашықтығын жоғары бағалайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: