astana-view

Ұлттық тағам – пайдалы өнім, кәсіпке берекелі жол

2025 жылғы 25 Тамыз
- Алматы облысы
384 просмотров

Дереккөз: Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пайдалы әрі ысырапсыз өнім

Кәсіпкердің айтуынша, құрт пен сүт өнімдері ешқашан банкроттыққа ұшыратпайды. Себебі шикізат толығымен пайдалы әрі қайта өңдеуге жарамды:

 «Қатық іріп кетсе де, одан құрт жасауға болады. Қайнатып жіберсең, ірімшік шығады. Сары майдың да түр-түрін ұсынамыз: қарынға салынған май, қарынға салынбаған май, тұз қосылған және тұзсыз түрлері бар», – дейді кәсіпкер.

Мемлекеттік қолдау – дамудың кепілі

Риза апай кәсібінің өрге домалауына мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың әсері мол екенін айтады:

 «Кәсібімнің алға ілгерілеуінде мемлекеттік бағдарламалардың пайдасын көп көріп отырмын. Қазіргі таңда жұмысымыз өнімді, алдағы уақытта тағы да мемлекеттік қолдауға ие болып, өндірісті кеңейтіп, өнімді шетелге дейін жеткізуді жоспарлап отырмын», – дейді ол.

Жаңа белестерге жол

Ұлттық тағамды жаңаша форматта ұсынып жүрген кәсіпкердің мақсаты – өнімдерін халықаралық деңгейге шығару. Құрт, ірімшік пен майды тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің әр түкпірінде тұтынушыларға таныстыру – оның басты арманы.

Бұл бағытта «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы әрқашан қолдау көрсетіп, ауыл кәсіпкерлерінің дамуына жол ашуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер