astana-view

Бизнес пен биліктің бірлескен іс-қимылдары ТМК дамытудың драйвері болмақ

2025 жылғы 05 Қыркүйек
3162 просмотров

«Атамекен» ҰКП Үкімет пен Премьер-министрге алғысын білдіріп, отандық кәсіпкерлер кеңесінің хаттамалық шешімдерін жүзеге асыруға кірісті.

2025 жылғы 27 тамызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы («Атамекен» ҰКП) бастамасымен ҚР Үкімет Аппаратында Премьер-министр О. Бектеновтың төрағалығымен отандық кәсіпкерлер кеңесінің (ОКК) отырысы өткен болатын. Жиын тау-кен металлургия кешенін (ТМК) дамыту мәселелеріне арналды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі бизнес, мемлекеттік органдар және «Атамекен» ҰКП арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындаған хаттамаға қол қойды.

Тау-кен металлургия кешені – ел экономикасының жүйе құраушы салаларының бірі. Ол өнеркәсіптік өндірістің елеулі бөлігін, экспорттық түсімдерді және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Бүгінде ТМК-да жүздеген мың адам еңбек етеді, сондықтан бүкіл саланың тұрақты дамуы өнеркәсіптің өсуіне, әлеуметтік тұрақтылыққа және елдің экономикалық болашағына тікелей әсер етеді.

Қол қойылған хаттама «Атамекен» ҰКП көтерген мәселелердің басым бөлігін уәкілетті органдарға пысықтауды жүктейді. Бұл – Үкіметтің тек жекелеген сегменттердің ғана емес, тұтас ТМК саласының стратегиялық маңыздылығын мойындайтынын көрсетеді.

2025 жылғы 4 қыркүйекте «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің  хаттамалық шешімдерді іске асыруға арналған ОКК қатысуымен кездесу өтті.

Қатысушылар құжаттың жедел қол қойылғанын атап өтіп, қарастырылған шешімдердің басым бөлігі тұтастай саланы қолдауға бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Г. Бижанова тапсырмаларды орындау мерзімінің аздығына назар аударып, белсенді қимылдан бөлек, бүкіл ТМК саласының бірауызды ұстанымын және мемлекеттік органдармен тығыз әріптестікті талап ететінін жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар арасында хаттамалық тапсырмаларды орындау және қосымша талдамалық материалдарды әзірлеу сұрақтары қарастырылды.

Алдағы уақытта «Атамекен» ҰКП бизнес-қоғамдастықпен және уәкілетті органдармен бірлесіп, ҚР Премьер-министрі мен Үкіметінің тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ тұрақты дамудың ұзақмерзімді стратегиясын қалыптастыруға бағытталған конструктивті әрі теңгерімді шешімдерді әзірлеуді жалғастырады.  

ТМК саласының консолидациясы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: бизнес пен мемлекеттің бірлескен күш-жігері арқылы тек Премьер-министр мен Үкіметтің тапсырмаларын орындап қана қоймай, саланы жаңғыртуға, инвестицияларды арттыруға және ел экономикасының тұрақты дамуына берік негіз қалау мүмкін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер