astana-view

Кәсіпкерлер атынан алғыс

2025 жылғы 09 Қыркүйек
- Ұлытау облысы
550 просмотров

 

 

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында жақсы жаңалықтар бар. Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу және дамыту бөлімі бойынша І санатты сарапшы Дарын Төлеубек мемлекеттік қолдау шараларын алуға көрсеткен көмегі үшін «Молдашев» ЖК атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Білікті көмек пен сүйемелдеу нәтижесінде біздің ұйым агроөнеркәсіптік кешен мен туризм саласындағы субсидияларды сәтті алды. Сізге және Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жұмыстарыңызда табыс, амандық және бизнесті қолдау ісінде жаңа жетістіктер тілейміз», – делінген алғыс хатта.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер