astana-view

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Литвамен ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

2025 жылғы 25 Қыркүйек
610 просмотров

2025 жылғы 25 қыркүйекте Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиюс Навикаспен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және іскерлік байланыстарды жандандырудың жаңа тетіктерін құруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, кездесу барысында 1 қазанда Алматыда Silk Way форумы аясында өтетін Қазақстан–Литва бизнес-форумы мен Іскерлік кеңестің жұмысы қаралды.

Мұрат Қарымсақов Қазақстан мен Литваны берік ынтымақтастық байланыстары біріктіретінін атап өтті. Бұл байланыстар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі арқылы ғана емес, сондай-ақ Қазақстан–Литва бизнес-форумы мен «Қазақстан–Литва» іскерлік кеңесінің жұмысы арқылы да нығаюда. Ол Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының алдағы бірлескен бастамалар мен іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 152,6 млн АҚШ долларын құрады.

Кездесу барысында көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне де баса назар аударылды. Атап айтқанда, қазақстандық экспорт үшін Қлайпеда портын «Еуропаға қақпа» ретінде пайдалану, сондай-ақ Ақтау және Құрық порттары арқылы мультимодальды тасымалдаудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды. Контейнерлік тасымалдардың өсуі Балтық теңізіне тұрақты сервистерді ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасайтыны атап өтілді.

Мұрат Қарымсақов іскерлік кеңестің келесі отырыстарының күн тәртібін кеңейтудің маңыздылығын да ерекше атап өтті. Ол көлік пен логистикадан бөлек сауда, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы сияқты салаларды қамтуды ұсынды. Эгидиюс Навикас бұл ұсынысты қолдап, келесі жылы қазақстандық компаниялардың Литваға бизнес-миссиясын ұйымдастыруға шақырды.

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту қажеттігін атап өтіп, екіжақты тауар айналымын ұлғайту үшін әлеуетті арттырудың маңыздылығын жеткізді


Еншілес ұйымдар

Серіктестер