Астанада «Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесі өтеді
Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!
Сіздерді 12-13 қарашада Астанада, «Қазмедиа орталығында» өтетін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бір ауыл – бір өнім» жобасының республикалық көрмесіне шақырамыз.
Шарада Қазақстанның барлық өңірінен келген финалистер жергілікті шикізаттан жасалған бірегей өнімдерін ұсынбақ.
Өңірлік брендтермен танысып, жергілікті өндірушілерді қолдаңыз!
Мекенжайы: Астана қаласы, Қонаев көшесі 4.
Басталуы: сағат 09:00.



Пікір қалдыру:
Пікірлер: