Қытайлық автоөндіруші Түркістанға инвестиция салуға қызығушылық танытты
Бүгін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында Қытайдың Xinjiang Baolong Automobile Manufacturing Co., Ltd. компаниясының өкілдері ресми сапармен болып, Палата басшылығымен кездесті. Делегацияны компанияның өкілі Xie Xiaozhou бастап келді.
Кездесу барысында қытайлық тарап өздерінің өндірістік мүмкіндіктерін, техникалық базасын және автомобиль жасау саласындағы жаңа әзірлемелерін таныстырды. Компания ауылшаруашылық техникаларын, дала және көше тазартатын арнайы машиналарды, қала көгалдарын суаратын техникаларды, сондай-ақ түрлі электротехникалық құралдарды шығаратынын атап өтті. Бұл өнімдер Қазақстан нарығына бейімдеуге қолайлы екені айтылды.
Компания өкілдері Қазақстан нарығына, соның ішінде Түркістан облысына инвестиция салуға нақты қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Xinjiang Baolong Automobile Manufacturing Co., Ltd. автокөлік техникасы мен қосалқы бөлшектерін өндірумен айналысады, сондай-ақ өндіріс, логистика және дилерлік желіні дамыту бағытында халықаралық серіктестік орнатуға мүдделі.
Тараптар кездесуде Түркістан өңірінің индустриялық аймақтарындағы мүмкіндіктерді, мемлекеттік қолдау шараларын, логистикалық артықшылықтарды және болашақ бірлескен жобаларды талқылады. Палата басшылығы инвесторларға қажетті ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
.jpeg)
.jpeg)

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және алдағы уақытта нақты жобаларды бірлесіп пысықтауға уағдаласты.



Пікір қалдыру:
Пікірлер: