astana-view

Мораторий талаптарын бұзған 11 тұлға жазаланды

2014 жылғы 28 Мамыр
3898 просмотров

Шағын және орта бизнесті тексеруге тыйым салынса да, кәсіпкерлердің мазасын алғыштар азаймай тұр. Прокуратура өкілдері осы күнге дейін мораторий талаптарын бұзған 11 лауазымды тұлғаны ұстағанын айтады, Қазақстан.  

Түрлі сылтау тауып, онысын прокурорға бекіттіріп алып, бизнесменнің берекесін алсам, дейтіндер де аз емес екен. Қадағалаушы орган тексеріс туралы 10 актіге рұқсат бермей қойған.  

Мораторий енгізілгелі бері, бизнесмен бел жазып, еркін қимылдауға мүмкіндік алды.  

Мәселен, былтыр бизнес саласында орта есеппен 200 мың тексеріс жүрген екен. Бұдан бөлек, жиында қандай жағдайда кәсіпкерді тексеруге, өндіріс ошағына рейд жасауға болатындығы  айтылды.  

Саян Әбдіқайранов, ҚР Бас прокуратурасының бөлім басшысы:

Бүгінгі күні Бас прокуратурамен тек қана 3 тексеру жүргізу келісілді. Ол ҚР халқының денсаулығын қорғау мәселесі бойынша және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында.  Үш кәсіпкерге мораторий кезінде тексеріс жүргізілді. Ол ерекше жағдайлар болып саналады. Ерекше жағдайларда ғана Бас прокуратураның келісі арқылы жүргізіледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер