astana-view

Нұржан Әлтаев Алматының инновациялық кәсіпорындарында болып қайтты

2014 жылғы 22 Тамыз
- Алматы қаласы
8632 просмотров

 

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтің жұмыс сапарының кезекті бекеті еліміздің ең ірі қаласы Алматы болды. Сапар бағдарламасының бірінші тармағында – Алматы Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен кездесу

Жақын арада ғана директор болып Артур Котенев тағайындалғанын естеріңізге сала кетейік.  Нұржан Әлтаев айтып кеткендей, жаңа директор кандидатурасын ҰКП Төралқасы бекітті, және де жаңа басшылыққа ерекше міндет жүктелді – Палатаны басымдылықты бағыттар бойынша сапа жағынан жаңа деңгейге шығару.

ҰКП Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда Палатада жақсы өркендеп келе жатқан екі негізгі жоба бар – бұл кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сервистік қолдау. Алайда алға жылжып, серпінді идеяларды жүзеге асыру қажет.  Нұржан Әлтаев сонымен қатар осы жолдағы өз көзқарасымен бөлісіп, бүгінгі күні қандай басымдылықтардың маңызды екенін ортаға салды. 

«ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының барлық жобаларын бақылауға алу, жобалар кестесін жасау. Ерекше басымдылықты 3-4 бағытты анықтау және кластерлер мен серпінді жобалар құру жолымен олардың дамуына түрткі жасау. Әрбір ауданның төлқұжатын жасау қажет. Онда кәсіпорындар саны, тұтынушылық нарыққа талдау, кәсіпкерлер саны берілетін болады. Сұранысқа мониторинг жүргізу керек: қандай тауарлар әкелінеді, қайдан әкелінеді, бағалық сұраулар. Осы негізде ұсыныстар беру, тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлерін отандық өндіріспен толықтыру мүмкін бе», - деп атап өтті ҰКП басқарма мүшесі.

Нұржан Әлтаевтың «Рахат» фабрикасына және «Қазстройстекло» шыны зауытына сапары ортақ көңіл-күйді қолдай түскендей.  Шыныны өнеркәсіптік өңдеу саласындағы зауыт мамандары өз жұмысында инновациялық және тиімді шешімдерге ғана сүйенеді, және де бұл адамдар өмірі сапасының жақсара түсуіне жәрдемдеседі. Дегенмен, зауыт өкілі Роман Краевский айтып кеткендей, Кеден одағы бойынша серіктестерге лайықты бәсекелес болу үшін және осы нарықтағы өз орнымызды табу үшін, отандық бизнеске салмақты көмек қажет.    

«Зауытымыз әлеуметтік-маңызды нысанға жатады. Отандық кәсіпкерді қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Біздікілерді әлі де сәл-пәл оқыту керек. Оларға, мысалы, ЭКСПО құрылысына қатыса алмайтындығын айтып, алайда жарты жылға машықтандыруға жіберіп. Ақшасын төлеп беретінімізді, ал келесі нысанды өз қолымен жасайтындығын айту қажет. Ақша құйған екенбіз, талап та ете алатын болғандықтан, олармен шарт та жасасу қажет. Осының барлығын бірге жасаймыз – өз өндірушілерімізді қорғаймыз, сіздің ұйымыңыз арқылы. Сіздің мамандарыңыз бен біздің консультанттар. Сіздерде мүмкіндік бар үкіметке, кез-келген органға дәйекті базамен жүгіне аласыздар. Сонда біз кез-келген шайқасты жеңіп шығатын боламыз», - деді Роман Краевский.

Нұржан Әлтаев Роман Краевскийдің ойымен келісті және ҰКП-ның қазіргі сәтте КО техникалық реттемелерімен байланысты проблемалармен айналысып жатқандығын жеткізді, және де кез-келген проблема төңірегінде Алматы Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге шақырды. Себебі ҰКП және оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің негізгі міндеті – бұл бизнес-жобаларды жүзеге асырудағы, отандық бизнесті дамытудағы, елдегі жағымды бизнес-климатты жасаудағы көмек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер