АӨК
7 сәуірде мемлекеттік органдар және бизнестің қатысуымен АӨК саласында дағдарысқа қарсы шаралар мәселесіне қатысты онлайн-конференциясы өтті
Кездесу хаттамасымен МЫНДА танысуға болады.
«Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитеті отандық аграрлық бизнесі субъектілерді дамыту мақсатында олардың міндеттері мен проблемаларын шешу үшін бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттесуі мақсатында құрылды.
Комитет дауыс беру құқығы бар 14 салалық қауымдастықтан (одақ), сондай-ақ кеңес беру құқығымен 14 қауымдастықтан тұрады, олар келесі салаларда көрсетілген:
- мал шаруашылығы (ет одағы, сүт одағы, құс өсірушілер одағы, шошқа өсірушілер қауымдастығы, мал дәрігерлері қауымдастығы, Қазақстан ара өсірушілер одағы);
- өсімдік шаруашылығы (қазақ мақта қауымдастығы, ҚР картоп өсірушілері одағы, бидай одағы, май-тоң май өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы, Қазақстанның өсімдіктерді қорғау өнімдерін өндірушілер қауымдастығы);
- аралас (несие серіктестіктерінің қауымдастығы, Қазақстан фермерлер қауымдастығы, тұтынушылық кооперациялар одағы).
Комитет міндетіне «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келесі мәселелер бойынша шоғырланған және келісілген ұстанымын әзірлеу және сараптама жасау кіреді: АӨК саласындағы мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тәсілдемелер; АӨК сұрақтары бойынша заңнаманы жетілдіру; ауыл шаруашылық саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімді талап ететін басым мәселелерді анықтау; АӨК дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қатысу; ауыл шаруашылық мәселелерін мемлекеттік органдардың қатысуымен шұғыл шешу мақсатында аграрлық нарық субъектілерінің мәселелерін шоғырландыру; халықаралық ұйымдармен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайту.