astana-view

Аккредиттелген қауымдастықтар

ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТУ

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңы,  Қауымдастықтарды (одақтар) аккредиттеу ережесіне сәйкес ҚР ҰКП жүйесіне заңды тұлғалар бірлестіктері және (немесе) қауымдастық (одақ) формасындағы жеке кәсіпкерлер өтуге құқылы: 

  • республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар),
  • шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары.

Заңға сәйкес Ұлттық палатада аккредиттетуден өткен жоғарыда аталған қауымдастықтар (одақтар): 

  • Ұлттық палата Съезі;
  • Ұлттық палата Төралқасы; 
  • Ұлттық палата Төралқасының комитеттері жұмысына қатысуға құқылы. 

Ұлттық палата, сондай-ақ, Ұлттық палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтар) келісімшарттық негізде «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңы және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілерінде қарастырылған функцияларды жүзеге асыруға тартуға құқылы. 

Төралқаның 2016 жылғы 13 мамырдағы бекітілген шешімімен (№11 хаттама) Ұлттық палата жүйесіндегі кәсіпкерлік қызмет саласындағы қауымдастықтарды (одақтарды), өзін – өзі реттейтін ұйымдарды аккредиттеу қағидаларымен және аккредиттеуге қойылатын біліктілік талаптарымен (бұдан әрі-қағидалар) аккредиттеуден өту тәртібі мен талаптары белгіленген.

Акредиттеу тұрақты негізге беріледі (Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҰКП Съезін өткізу туралы ресми хабарламасынан кейін ұсынылған қауымдастықтардың (одақтардың) немесе өзін-өзі басқаратын ұйымдардың құжаттар пакетін қабылдаудан және қараудан бас тартуға құқылы). Осы ретте аталған қауымдастықтар (одақтар) немесе өзін-өзі басқаратын ұйымдар ҰКП Съезін өткізген соң құжаттар пакетін беруге құқылы. 

2025 жылдың жаңартылған ақпараты бойынша ҰКП-да 204 қауымдастық (одақ) аккредиттелген. 

Аккредиттеу мәселелері бойынша ҚР ҰКП Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне хабарласуды сұраймыз, тел: 8 (7172) 919 356

Еншілес ұйымдар

Серіктестер