astana-view

Карантин режиміндегі бизнес. Ashyq жобасына қалай қатысуға болады?

Жобаға қалай қатысуға болады?

1-қадам. ЭЦҚ кілтін қолданып, InfoKazakhstan.kz сайтына кіріңіз

2-қадам.  «Менің өтінімдерім» терезесі ашылады, онда «Ashyq QR-кодын алуға өтінім» түймесін басыңыз

3-қадам. Жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттарды, енгізілген деректер үшін жауапкершілікті растаңыз. Пайдаланушы келісімімен танысып, қол қойыңыз, өтінімді жіберіңіз

4-қадам. Ақпараттық материалдарды жүктеп, танысыңыз.

5-қадам. QR-кодыңызды жүктеп алыңыз.

Ashyq жобасының QR-кодын алған соң кәсіпкер 1 апта бойы сынақ режимінде жұмыс істейді. 7 күннен соң жоба қатысушылары туралы ақпарат мемлекеттік орган сайтына жариялау үшін әкімдіктерге жіберіледі.

 Егер қолыңызда хабарлама болмаса:

1-қадам. Компанияңыздың ЭЦҚ кілті көмегімен elicenze.kz сайтына кіріңіз/тіркеліңіз.

2-қадам. «Денсаулық сақтау» бөлімінде → эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама → хабарлама тәртібін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беру түймесін басыңыз.

 3-қадам. Компания деректерін толтырыңыз, хабарлама нөмірі мен санын сақтаңыз. Ақпарат Ashyq жобасына қатысушының өтінімі үшін қажет.

4-қадам. Хабарламаға ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

 Егер қолыңызда жұмыс істеуге хабарлама немесе рұқсат болса, оның нөмірін білгіңіз келсе:

1-қадам. Компанияңыздың ЭЦҚ кілті көмегімен elicenze.kz сайтына кіріңіз/тіркеліңіз.

2-қадам. «Менің өтінімдерім» бөлімінде нысанды ашу немесе алынған рұқсаттар туралы жіберліген хабарламалар тізімі шығады.

 

«Күзетші» режимін қалай қосуға болады

Режимді қосу 4 әрекеттен тұрады.

 1-қадам. infokazakhstan.kz сайтына кіріңіз.

2-қадам. «Менің өтініштерім» бөлімінде «Ashyq QR» терезесін таңдаңыз, деректерді енгізіп, жеке кабинетке өтіңіз.

 3-қадам. Режимді іске қосу үшін нысаныңыздың деректері жанындағы «әрекет» жолағын басып, «күзетші» режимін таңдаңыз, бизнес нысан қолданысындағы нөмірді енгізіңіз.

4-қадам. «күзетші режимін қосу» жолағын таңдаңыз.

  Жобадан не үшін шығарып жіберуі мүмкін?

- мониторинг тобы жобаға қатысу талаптарын бұзу фактісін анықтап, растайды;

-нысан келушілерді check-in тексеруін 3 күннен бері жүргізбей келеді;

Жұмыстың қолданыстағы алгоритмін бұзған қатысушы, мониторинг топтың қорытындысы бойынша жобадан ең кемі 2 аптаға шеттетіледі.

 Жұмыстың қолданыстағы алгоритмін қайтадан бұзған қатысушы мониторинг топтың қорытындысы бойынша жобадан ең кемі 2 айға шеттетіледі

«Ashyq» лидері» статусын қалай алуға болады?

нысан/сала

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары

областар

Қоғамлық тамақтану орындары,

караоке,

компьютер клубтары,

лотерея клубтары,

спорт кешендері (іс-шаралар), сауналар, фитнес-орталықтар, бассейндер,

театрлар, филармониялар, концерт залдары,

кинотеатрлар,

көрмелер,

туристік тасымалдау,

океанариум,

балалар ойын-сауық орталықтары (жабық нысандағы), цирктер

2 аптада 2 000-нан астам тіркеу

2 аптада  1 000-нан астам тіркеу

бильярд клубтары,

боулинг клубтары,

СПА-орталықтар,

репитиция жүргізу

қонақ үйлер

 2 аптада 1 000-нан астам тіркеу

2 аптада 500-ден астам тіркеу

«Ashyq» лидері» статусын алуға қатысушылар тізімін жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады, жобаға қатысып жатқан кәсіпорынның (2 апталық кезеңде)  келушілерді код арқылы (check-in ) тіркеу бойынша көрсеткіші назарға алынады.

 Статус ведомствоаралық комиссияның шешімімен тізім бойынша бекітіледі. «Ashyq лидері» статусы 2 апталық мерзімге беріледі. Тізім әкімдік сайтында жарияланады.

 «Ashyq лидері» статусын алған қатысушыға келесі жеңілдіктер қарастырылған:

- «қызыл» аймақтағы қатысушылар «сары» аймақ шарттарымен жұмыс істейді;

- «сары» аймақтағы қатысушылар «жасыл» аймақ шарттарымен жұмыс істейді;

-«жасыл» аймақтағы қатысушыларға жұмыс кестесін қосымша 2 сағатқа ұзарту, сондай-ақ нысан толымдығы 10%-ға арттыру мүмкіндігі беріледі.

 

ҚР Бас санитар дәрігердің қаулылары

3 маусым

 «Кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын енгізу туралы» қаулы

- жобаға балалар ойын-сауық орталықтары (жабық), цирктер, қонақ үйлер мен қонақ үйлер қосылды.

22 мамыр

«Кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын енгізу туралы» қаулы  

- жобаға Шымкент және Түркістан қалаларының (2021 жылғы 31 мамырдан бастап), Ақтау және Қостанай қалаларының (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) әуежайлары, лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері қосылды.

6 мамыр

«ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы 

- 12 мамырда жобаға Нұр-сұлтан қаласының әуежайы, 21 мамырдан бастап Алматы қаласының әуежайы қосылады.

30 сәуір

«Кәсіпкерлік нысандарында Ashyq мобильдік қосымшасын енгізу туралы» қаулы  

- 5 мамырдан бастап жобаға «жасыл» аймақтағы караоке, банкет залдары, көрме қызметін жүзеге асыратын бизнес субъектілері, марафондар, көрермендермен спорттық іс-шаралар, океанариум қосылды.

13 сәуір

«Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотты өткізу туралы» қаулы

 

- 26 сәуірде «Ashyq» пилоттық жобасы өз жұмысын аяқтайды, содан кейін ол барлық өңірлерге таралады

 

- 14 сәуірден бастап пилоттық жобаға кинотеатрлар мен қоғамдық тамақтану объектілері (банкет залдарын, асхана, фаст-фуд және стрит-фуд сияқты объектілерді қоспағанда), театрлар, филармониялар және ерікті қатысушылар қатыса алады

- 21 сәуірден бастап-облысаралық және қалалық жүйесіз (туристік) тасымалдар, бильярд клубтары мен концерт залдары

26 ақпан

«Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпкерлік нысандарында Ashyq мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилоттық жобаны өткізу туралы» қаулы

 

Келесі кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" пилоттық жобасын іске асыруды бастау:

- фитнес-клубтар;

- спа-орталықтар;

- сауналар, бассейндер;

- компьютерлік клубтар (18 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);

- боулинг клубтары.

Пилотттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне келушілерді жіберу олар кіреберісте немесе үй-жайдан шығу жолында көрсету үшін келушінің мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеген жағдайда жүзеге асырылады.

 Анықтама үшін:

«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

 «Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

 «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі.  Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

 «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

 «Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

 Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке   qr-код беріледі.

 Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа елдерде де қолданылуда.

 Статусты нысанға кірмей қашықтан тексеруге мүмкіндік қарастырылған ба?

Иә, статусты үйден шықпай-ақ http://ashyq.kz/ сайтынан қашықтан тексеруге болады. Статусты тексеру үшін қосымшаны жүктеп алу қажет. Осы ретте сайтта орналасқан QR бейтарап болады, яғни код ешқандай бизнес нысанына жатпайды.

 Орта есеппен тәулігіне 3 мыңнан астам азамат осы сервисті пайдалануда. Күніне қашықтан 80-130 азаматтан «қызыл» статус анықталып жатыр.

  1. Қосымшада вакцина алған адамдар қалай анықталады?

Ағымдағы жағдайда вакцина алған адамдар туралы деректер қосымшада көрінбейді. Қазіргі кезде «Ashyq» жобасын вакциналау паспортымен біріктіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүйелерді интеграциялаудан кейін вакцина алған азаматтарға қосымшада «жасыл» статус белгіленеді. Сонымен қатар COVID-19-ке ПТР-тестілеуі (72 сағат) теріс шыққан адамдарда «жасыл» статус болады.

«Көк» статус ПТР тестілеуі жоқ және науқас адамдармен байланыста болмаған адамдарға беріледі.

Қосымшаның қалған әдістемесі өзгеріссіз қалды.

  1.  Нысандарға «Ashyq» қосымшасы арқылы ғана кіру азаматтардың еркін қозғалуға қатысты конституциялық құқығын бұзбай ма?

 Азаматтардың конституциялық құқығы бұзылмайды, өйткені «Ashyq» жобасын бизнес субъектілері ерікті түрде қосып жатыр. «Ashyq» жобасына қатысушы бизнес иесі келушілер статусын тексеру жауапкершілігін өзіне алады. Бүгінде нысанға кірерде «қызыл» статусты 1236 адам және «сары» статусы бар 541 адам анықталған.

Келушілердің статусын тексеру келушілердің өзіне артықшылық береді, өйткені «Ashyq» жобасын іске қосқан нысанға барған адам айтарлықтай қауіпсіздікте болады. Сондай-ақ, вирусты жұқтырған азаматтарды анықтауға мүмкіндік беретін қосымшаның қосымша функциясы арқылы жобаға қатысушы кәсіпкерлер басқа кәсіпкерлік субъектілерімен салыстырғанда жұмыс кестесін ұзарту тұрғысынан жеңілдіктер ала алады.

  1. «Көк» статус деген не, ПТР-тестілеуді мүлде тапсырмаған адамдар қоғамдық орындарға баруға жол ашатын «көк» статустың берілуі қоғам үшін қауіпсіз бе?

«Көк» статус бейтарап белгі, демек мұндай статусы бар адамдар ҚР ДСМ базасында ПТР-тестілеуі оң науқастар қатарында жоқ және науқас адаммен байланыста болмаған. Келуші статусының өзгеруі ҚР ДСМ деректер базасындағы ақпаратқа байланысты.

  1. Егер ковидпен бұрын ауырған адамның статусы «жасыл» емес «көк» болып шықса?

«Жасыл» статус келушінің деректер базасында ПТР тестілеуі теріс шыққан азамат ретінде тіркелгенін білдіреді. «Жасыл» статус 72-сағатқа ғана сақталады да, ары қарай «көк» статусқа өзгереді.

  1. Азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі қалай сақталады (байланыс нөмірлері, ЖСН)?

Қазіргі таңда «Ashyq» жобасы «Электронды үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инрфақұрылымы операторы болып табылатын  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверінде қорғалған контурда орналасқан.

  1. «Ashyq» жобасын AppStore арқылы жүктеуде техникалық олқылықтардың шығуына қатысты пікір білдірсеңіздер?

AppStore есептік саясатының өзгеруіне байланысты қосымшаны ағымдағы жылдың 5 мамырынан бастап жүктеп алу уақытша тоқтатылды. Өз кезегінде осы күнге дейін мобильді қосымшаны AppStore арқылы жүктеп алған азаматтар қосымшаны қолдана береді, ал жаңа қолданушылар нысандарға бизнес субъектісінде орнатылған «күзетші режимі» арқылы кірген. 5 мамыр күні AppStore-дан қосымша бұғаттан шығып, жүктеуге қолжетімді болды.

  1. Қосымшада азаматтардың жүріп-тұруын бақылау мүмкіндігі бар ма?

«Ashyq» мобильді қосымшасы азаматтардың орналасқан жерін бақылауға қатысты функциясы жоқ. Телефон баптауларында әр адам қосымшаның неге рұқсат сұрап жатқанын көре алады.


 9. Сынақ режимі деген не? Сынақ режимінде жобаға қатысып жатқандарға жеңілдіктер қарастырылған ба? Қатысушылар мен сынақ-қатысушылар арасында қандай айырмашылық бар? Сынақ кезеңінің ұзақтығы қандай?

 Бизнес субъектілері QR-кодын алғаннан бастап алғашқы 7 күн сынақ режимінде жұмыс істеуге құқылы, яғни процестерді реттеп, қызметкерлерді оқытады. Сынақ режимінде жұмыс істеп жатқан ұйымдарға «Ashyq» жобасы аясында қарастырлған барлық жеңілдіктер беріледі.

Тестілеу кезеңінде бақылау топтары қатысушыларға қатыссты ескерту жасай алады, бірақ оларды жобадан шығармайды. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін, егер мониторинг тобы жобаға қатысу талаптарының бұзылғанын анықтаса, кәсіпкерлік субъектісі 2 аптаға жобадан шығарылуы мүмкін.

  1. «Ashyq» жобасын қатысатын және қатыспайтын ШОБ нысандарының жұмыс кестесінде қандай айырмашылық бар?

 Қосымшаның індетке шалдыққан адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін қосымша функциясы арқылы жобаға қатысушылар басқа бизнес субъектілеріне қарағанда жұмыс кестесі бойынша бірқатар жеңілдікке ие. Мысалға «қызыл» аймақта бильярд, компьютер клубтары, боулинг, караоке, көрмелер жұмысына тыйым салынған. Бірақ, осы салаларда Ashyq жобасымен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер жекелеген шектеулермен жұмыс істеуге рұқсат алады.  Шектеулер және жеңілдіктер тізімі Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулысымен анықталған.

  1.  Мемлекеттік органдар Ashyq жобасы арқылы жұмыс істей ме? Оларға қосымшада жұмыс істеу алгоритмдері бизнестен бөлек пе?

Қазіргі кезде мемлекеттік органдардың Ashyq қосымшасымен жұмыс істеуі ерікті ретінде мүмкін, жеңілдктер берілмейді.

  1. Мониторинг топтары заңсыз әрекет жасаса, қайда хабарласуға болады?

 ҚР Бас прокуратурасында 115 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді (қоңырау шалу тегін), осы нөмірге кәсіпкерлер карантиндік шектеулер бойынша тексерулер кезінде мониторинг топтарының заңсыз әрекеттері туралы шағым түсіре алады. Сонымен қатар, бизнесті қорғаудың өңірлік мобильді топтары тәулік бойы жұмыс істейді.

  1.  «Ashyq» жобасының ерікті қатысушылары кім?

Жобаға ерікті қатысушылар ретінде қызметіне жұмыс істеу рұқсат етілген (Бас санитар дәрігердің №18 қаулысына сәйкес) және карантиндік кезеңге арналған іс-шараларды жүргізудің бекітілген алгоритмдері бар нысандар қосыла алады.

 «Ashyq» жобасына ерікті қатысушыларға қатысты жеңілдіктер қарастырылмаған. Жобаға ерікті қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктер сайттарына жариялау жоспарланған.

  1. Шетелдік азаматтарды қалай белгілеуге болады?


Қазіргі кезде бейрезиденттерді нысанда төлқұжат нөмірін қолмен теру арқылы тіркеуге болады. Шетелдіктер ПТР тапсыруында төлқұжат деректері терілетіндіктен Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасымен салыстыру іске асырылып, келушіге сәйкес статус беріледі.

  1. Желі немесе қосымшаның өзінде техникалық ақау орын алса не істеу керек?

 Интернет, wi-fi-ға байланысты техникалық ақаулар шыққанда бизнес субъетісі жұмыс істеуін тоқтатпайды. Техникалық кедергілер туындаған кезде нысанға «күзетші режимін» қосып, келушінің деректерін қолмен теруге кеңес береміз. 

16. «Ashyq» қосымшасын қолданудағы ең басты артықшылық қандай?

Қосымшаның басты артықшылығы – қауіпсіздік.  Қазіргі кезде бизнес коронавирустың қайта өршу қаупіне байланысты айтарлықтай шектеулермен жұмыс істеп жатыр. Бір жағынан халық та осы режимге бейімделіп, әдеткі белсенділіктен бас тартуға мәжбүр. ,

«Ashyq»  қосымшасы  QR-код және ПТР базасымен интеграция арқылы қоғамдық орынға келушінің ковид-статусын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша бизнес субъектісі – жобаға қатысушы санитарлық нормалармен қатар қосымша бақылауды қамтамасыз етеді.

Нысанға келушілер мен персоналдың індетті жұқтыру тәуекелдері азайғандықтан пилоттық жоба карантиндік шектеулер кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жалғастыру (қайта бастау) алгоритмдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

 Қосымшаның іске қосылуынан бері үші ай ішінде «қызыл» және «сары» статусы бар карантин режимін бұзған  600-дан астам келуші анықталды. Көбі – Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тұрады.

17. Көпшіліктің пікірінше, қосымша адамдардың жүріп-тұруын бақылау үшін іске қосылған. Вакцина салдырғандар және салдырмағандар деп бөлу көзделген бе?

 Қосымшаны іске қосуда халықтың жүріп-тұруын бақылау көзделмеген, бастысы – қоғамдық орындарда инфекция жұқтырғандар және науқас адамдармен байланыста болған адамдардың нысандарға келуін шектеу, індетті жұқтыру қаупін төмендету. «Ashyq» қосымшасы вакцинация статусын есептемейді. Келушінің «қызыл/сары» статусы сәйкесінше індетті жұқтырған және науқас адаммен байланыста болғанын көрсетеді.

18. Нысанға баруды қалай жоспарлауға болады? «Сары» және «қызыл» статус қанша уақытқа дейін сақталады?

Егер адам инфекцияны жұқтырса немесе науқас адаммен байланыста болса, онда 14 күн бойы үй карантинінде жатуы керек. 14 күн өткен соң оған «көк»  статус автоматты түрде беріледі, егер үй карантині аяқталған соң ол теріс нәтижелі ПТР-тестін алса, оған «жасыл» статус беріледі.

 «Қызыл» статус оң нәтижелі ПТР-тесті шыққан соң 14 күннен кейін алынып тасталады. Тестілеуден теріс нәтиже алған соң статус «жасыл» түске ауысады, ол 3 күнге жарамды. Егер тестілеу қайта тапсырылмаса, статус «көк» түскен өзгереді.

 «Сары» статусы бар адамдар (науқаспен байланыста болған) COVID-19 індетіне оң нәтижесі бар науқастармен байланыста болған күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткен соң «көк» статусқа ауысады.

19. Статусты QR кодты қолданбай ЖСН арқылы тексеруге бола ма?

Егер, келуші өз статусын тексере алмаса, онда бұл процедураны ресепшен әкімшісі/қызметкер «күзетші» режимі – келушінің рұқсатымен базаға ЖСН дерегін қолмен енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

20. Көпшілік бұл қосымша алдағы уақытты ақылы болады деген пікірде (кәсіпкерді ақылы қосымшаға байлап қоюдың жаңа әдісі).

Қосымшаны қолдану кәсіпкерлерге де, азаматтарға да тегін.

21. Ресепшн қызметкері «қызыл» статусы бар адамға қызмет көрсеткен болса, «байланыста болған» деп есептеле ме?  

 Жоқ, ресепшн қызметкерлері әлеуметтік арақашықтық пен маска кию режимін сақтап, келушілермен аз уақыт тілдесетіндіктен байланыста болған деп саналмайды. Науқас адаммен бірге тұратын, науқас адаммен жұмыс орнында, бір кабинетте, цехте, сыныпта үнемі бірге болған адам «байланыста» болған деп есептеледі.

22. QR-кодты нысаннан шыға берісте сканерлеу қажет пе?

Жоба іске қосылған кезде бұл міндетті шарт болған. Алайда Бас санитар дәрігердің 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес QR-код шыға берісте сканерлеу талап етілмейді.

23. Нысандарға бару үшін ПТР-тестіні қайта-қайта тапсыру керек пе?

Нысандарға келу мақсатында ПТР-ды арнайы тапсыру қажет етілмейді. Егер соңғы ПТР-тестілеуден кейін 3 тәуліктен аса уақыт өтсе, сізге «көк» статус беріледі, бұл статуспен нысандарға кіруге рұқсат.

24. Егер «қызыл» статус жанса, осындай статусы бар адам неге белгіленген режимді ұстанбайды, жауапты орган неге бақыламайды?

КВИ-ді жұқтырған барлық адамдарға, соның ішінде байланысты болғандарға медициналық ұйым тарапынан 14 күндік карантинде болу (егер ауруханаға жатқызу қажеттігі болмаса) қажеттілігі туралы қолхат алынады. Бүгінде  індетті жұқтырған адамдардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу фактілерін анықтау кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінің алгоритмі әзірленді. Бұл алгоритмді Ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 7 желтоқсанында мақұлдады. Сондай-ақ, тәртіпті бұзған адамдарға қаысты айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

25.  Мәселен, ЭҚЖЖ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) коды азық-түлік дүкенін ашуға берілген, бірақ дүкенмен қоса фитнес-орталық ашқан бизнес субъектілері бар ма?

Фитнес-орталығына QR-код алу үшін ЭҚЖЖ қызмет түріне сәйкес келуі шарт. Сәйкестік тиісті бақылау жүргізу үшін қажет, өйткені әр қызмет түріне жеке шектеулер белгіленген.

Бас санитар дәрігердің 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес нысанның ЭҚЖЖ-ға сәйкес келмеуі «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға рұқсат бермеуге негіз бола алады. Заңды тұлғаны уақытында тіркеуге кеңес береміз. 

26. Қосымшаға енгізілген жеке деректер қалай қорғалады? Осыған кім жауапты?

Қазіргі кезде «Ashyq» қосымшасы бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікке тексеріліп жатыр. Сонымен қатар аталған қосымшаның сервері «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы саналатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-тың қорғау контурына алынған.

27.  «Ashyq» жобасы аясында нысанға келушілерді тексерусіз кіргізген қатысушыларға жауапкершілік қарастырылған ба?

 Қарастырылған. Бас санитар дәрігердің 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына қосылған нысандарда кәсіпкерлік субъектілері келушінің статусын QR- код немесе ЖСН арқылы тексереді. Жобаға қатысушы шектеу шаралары, соның ішінде карантин талаптарын бұзғаны анықталған жағдайда сәйкес шараларды мониторинг тобы іске асырады.

 Ағымдағы жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы, мониторингтік топтың нәтижелері бойынша жобаға 2 аптадан ерте уақытта қосыла алмайды.

28. Қосымша жұмысында ақау шығып (статус көрсетілмей, СМС келмесе), статустар тексерілмеген жағдайда мониторинг тобы жаза қолдана ма?

Қазіргі таңда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ әзірлеушілері осындай мәселелерді болдыртпау үшін барлық қажетті техникалық шараларды қолға алған. Қабылданған шаралар жобаны 26 сәуірден бастап ел ауқымында таратуға мүмкіндік береді.

 Жуық арада техникалық ақауларда әрекет ету алгоритмі әзірленеді, ол жеке хабарланады.

 29.  Жобаға ерікті қатысушы ретінде өтініш қалай беруге болады? Салалық қауымдастық арқылы өтініш беруге бола ма?

Салалық қауымдастықтың байланыс деректері, өтінім беру тәртібі, оны Infokazakhstan сайты арқылы толтыру форматы, соның ішінде ерікті қатысушы болу ережесін өңірлік кәсіпкерлер палаталарынан білуге болады.

 30. Бұл шараның халыққа пайдасы қандай?

Қауіпсіздік.  Бүгінде кез келген формада (ауру белгілері бар немесе белгілері жоқ) COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, оны қолхатта жеке қол қолтаңбамен растайды.

Алайда көп жағдайда өзін-өзі оқшалау режимі бұзылып жатады. Аурып қалған немесе науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға барады, коронавирустың таралуына себепші болады.

Қосымша осындай келушілерді анықтауға және басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.

31. Бұл қалай жұмыс істейді?

 «Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану және Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын: ол вирус жұқтырған ба жоқ па анықтауға мүмкіндік береді.

Яғни жобаға қатысушы – бизнес субъектісі қолданылып жатқан санитарлық нормалармен (маска, термометрия, бөлмені желдету және т.б.) қоса қосымша бақылау жүргізеді. Келушілер мен персоналдың індетті жұқтырып алу қатері азайғандықтан жоба келешекте бизнес пен халыққа карантиндік шектеулерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

 32. Осы мобильді қосымшаның әзірлеушісі кім?

  «Ashyq» мобильді қосымшасы ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен  отандық ІТ-компания әзірлеген.

 33. QR-код кімге беріледі – бизнес субъектісіне, әлде келушіге ме?

QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі.

34. Жүйе адамдардың жүріп-тұруын шектей ала ма?

 Бүгінде жекелеген қызмет түрлерінің (боулинг, бильярд, караоке, компьютер залдары және т.б.) жұмысы бойынша санитарлық шектеулер бар. Бір жылға жуық уақыт бұл нысандар жұмыссыз. Сонымен қатар демалыс күндері жұмыс істемейтін және өңір қызыл аймаққа түскенде жұмысы тоқтайтын бірқатар субъектілер (мысалы, фитнес-клубтар) бар.

«Ashyq» қосымшасы қауіпсіз қызметке жағдай жасау арқылы, керісінше келешекте карантиндік шектеулерді азайту және азаматтардың жүріп-тұруын оңайлатуға жағдай жасайды.

 35. Адамдарды байланыссыз термометриямен бақылау практикасы неге жеткіліксіз болды?

 Термометрия Covid-19 індетінің ең айқын белгілерінің бірін (дене қызуының көтерілуі) анықтауға көмектеседі. Осы қосымшаны қолдану нысанға келушілер мен персонал қауіпсіздігінің қосымша кепілі.

 36. Қосымшаны қолдану баршаға міндетті бола ма?

Кәсіпкерлерді де, азаматтарды да қосымшаны қолдануға міндеттемейді.

 Осы жылдың 17 қаңтарынан баста пилоттық режимде «Ashyq» қосымшасын бірнеше фитнес-клуб, спа-орталықтар, сауналар және ресепшіні бар басқа да нысандар қолдана бастады. Пилотқа қатысу ерікті жүргізіледі.

 37. Фитнес-орталықтар мен SPA-салондарынан басқа нысандар қосымшаны қолдана ала ма?

 Әрине қолдана алады, келушілері мен персоналының қауіпсіздігіне алаңдайтын бизнес иелері өз қалауынша қолдана алады.

 Жобаға әр түрлі бизнес түрлерінің қатысу алгоритмдері бизнес қоғамдастық және санитарлық дәрігерлермен келісіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кейбір комментаторлар жазатындай, қосымшаны сауда орталықтары, базарлар, үй жанындағы дүкендер мен қоғамдық көліктерде күшпен қолдану жоспарланбайды.

 38. Қосымшаны қолдану қаншалықты қиын уақыт жағынан шығынды ма?

  1. Нысанға келуші өз телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алуы тиіс, телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ді енгізу керек (1 рет, алдына ала енгізген абзалырақ).
  2. Нысанға кіре берісте кіруді тіркеу үшін нысанның QR-кодын сканерлеу керек. Экранда статус (көк, жасыл, қызыл немесе  сары) көрінеді.
  3. Шыға берісте – нысаннан шығуды тіркеу үшін QR-кодты сканерлеу керек.

39. Мобильді қосымша смартфоны жоқ адамдарға кедергі келтіре ме?

Келушінің қолында смартфоны болмаған жағдайда немесе қосымшаны жүктеуде қиындықтар туындаса, нысандағы жауапты қызметкерге қосымшада арнайы рөл беріледі, қызметкер келушінің ЖСН-і арқылы оның нысанға кіруін тіркей алады.

 40. Статус түсі нені білдіреді?

Жасыл статус жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады.

Көк статус –ПТР-тестілеудің нәтижесі жоқ, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ.

Сары статус – деректер базасында байланыста болғандар есебінде тұрған адам.

Қызыл статус– жүріп-тұрудың шектелгенін, Covid-19-ке оң нәтиже шыққанын, үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.

 41. Нысанға келген сайын ПТР-тестіні тапсыру қажет пе?

 Әрине қажеті жоқ.

42. Статус қаншалықты ұзақ сақталады?

 Барлық статустар уақытша құбылыс. Жасыл статус – 3 күн, яғни ПТР анықтама жарамдылығына пара пар.

«Қызыл» немесе «сары» – ПТР-тестілеу теріс нәтиже көрсеткен бойда және науқас немесе жақын байланысатын адам үшін белгіленген оқшаулау режимінің аяқталғаннан соң алынып тасталады  

43. Осы жоба елде жаппай вакциналауды бастаумен байланысты ма?

 Бұл жобаның КВИ-ға қарсы вакцияналаумен байланысы жоқ.

44. Бұл жоба басқа ауруларға шалдыққан (ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары), тұмау және т.б.) азаматтарды  есепке ала ма?

 Жоқ, жоба басқа инфекциялық аурулармен байланысты емес.

 QR-кодты сауда және ойын-сауық орталығы, дәріханалар, үй жанындағы дүкендерге орнату міндетті бола ма?

Жоқ, егер кәсіпкерлік субъектісі оны өз еркімен орнатқысы келмесе, жобалық кеңсе осы нысандарға қосымшаны орнатуды қарастырмаған.

45. Нысаннан шығарда QR-кодты не үшін сканерлеу керек?

Нысан жұмысының режимін бақылау үшін. Қосымша бір мезгілде нысандағы адам санын (жеке деректерсіз) және жұмыс ету уақытын талдауға бақылауға мүмкіндік береді.  Осылайша мониторингтік тексерулерді жүргізу қажеттілігі азаяды.

46. Әлемде мұндай практика енгізілген елдер бар ма?

Бүгінгі таңда QR-кодтарды қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең таралған. Басқа елдерде де балама қондырғылар бар.

  47. ЖСН бойынша деректер қайда жіберіледі?

 Деректер ешқайда жіберілмейді және қосымша профилінде қалады. Енгізілген деректер бойынша QR-кодты сканерлеуде пайдаланушы статусын тексеру жүргізіледі.

 Пилоттық жобаға қатысушы-кәсіпкер клиенттің «қызыл» статусы туралы СЭҚ қызметіне хабарлауы қажет?

 Иә, жергілікті атқарушы органдардың үйлестіру орталықтары және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберуі керек.

48.  Пилоттық жоба бойынша ресми аккаунт құрыла ма, барлық қажетті ақпарат қайда жарияланады?

 Қазіргі кезде телеграмда @support_ashyq_bot техникалық қолдау көрсету қызметі іске қосылған. Қосымша таралатын болса басқа арналарды қосу қарастырылуда.

49.QR-коды кімге беріледі – кәсіпкерлік субъектісіне әлде клиентке ме?

QR-код бизнес субъектісіне беріледі. Кәсіпкерлер пилоттық жобаға қатысу үшін жеке QR-кодты InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы ала алады.

50. Бұл қандай QR-код?

QR-код бизнес субъектісінің электронды  идентификаторы, онда субъектінің атауы, оның орналасқан жері және сәйкестендіру деректері көрсетіледі. 1 нысанға кіре беріске және шыға беріске ең кемі 2 QR-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіреберіс болса, онда әр кіреберіске жекелеген QR-код орнатылады.

 51. Құрылғы келуші үшін қалай жұмыс істейді?

 1. Нысанға келуші өзінің жеке телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациядан өтіп, ЖСН дерегін теріп, өзінің нысанға келуін растауы үшін нысанның QR-кодын телефоны арқылы  сканерлейді. Сондай-ақ шыға берісте де шығуды белгілеп кету үшін QR-кодты сканерлеу қажет.

 2. Клиенттің қолында смартфон болмаған жағдада, немесе аталған мобильді қосымшаны жүктеуге қиындықтар туындаса нысандағы жауапты қызметкерге қосымшада арнайы жауапкершілік жүктеледі, оның көмегімен қызметкер келушінің ЖСН дерегі арқылы клиенттің нысанға кіргенін тіркеп алады.

 52. Мобильді қосымшада келушіні тіркеу не үшін қажет?

 QR-кодты сканерлеген соң мобильді қосымшада келушінің статусы түрлі-түсті форматта жанады, ол арқылы келушінің індетке шалдығуы немесе науқас адамдармен байланыста болғаны анықталады.

 Қызыл статус – жүріп-тұрудың шектелгенін, амбулаториялық бақылауда жүрген тұлғаларды үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.

Сары статус – жүріп-тұру ішінара шектелген – пайдаланушы ПТР деректер базасында науқас адаммен байланыста болған деп белгіленген: пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспауы тиіс азық-түлік және құрылыс дүкендері, дәріханаларға баруға рұқсат етілген.

 Көк статус – бұл статусқа ПТР міндетті болып саналатын орындардан (мысалға әуежай) басқа жүріп-тұруда шектеу қарастырылмаған.

Жасыл статус – жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады.

53. Қосымша неге негізделіп келушіге статус белгілейді?

Статус ақпараттық жүйелермен сәйкестендіру негізінде ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 басқару орталығымен беріледі

54. Қазіргі кезде қосымша пилот режимінде іске қосылған ба?

  «Аshyq» пилоттық жобасы техникалық олқылықтарды жойып, интерфейсті жақсартуға, жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік беріп, бизнес және халықты  үйренуіне уақыт береді.  Осы ретте пилотқа қатысуға ниет білдірген бизнес салаларының тізімі айтарлықтай кең, алайда бұл мобилтді қосымша мәселенің шешімі емес екенін түсінеміз. Дегенмен пилоттық жоба санитарлық дәрігерлерге сараптаманы жолға қойып, ағымдағы шектеулерді оңтайландыруға болатынын анықтауға жағдай жасайды.

Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде бизнес объектілеріне жеңілдіктер беру және әсер ету туралы шешімдер республикадағы COVID-19 бойынша эпидахуалды зерделей келе Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында пилоттың нәтижелерін бақылағаннан кейін қабылданады.

55. QR-кодты қанша жастан бастап қолдануға болады?

 Қосымшада кәмелетке толған ҚР азаматтарына ғана беріледі.

«Ashyq» қосымшасында резидент емес азаматтарды тіркеу қалай жүргізілмек?

 Қазіргі кезед пилоттық жобада шетел азаматтарын тіркеу қарастырылмаған. Келешекте – төлқұжат нөмірі қолданылады.

 56. ПТР-тестілер нәтижесі және COVID 19 індетн жұқтыру туралы ақпарат дәрігерлік құпия саналмай ма?

 Жоқ, өйткені қосымша ерікті саналады, ЖСН дерегі келушінің келісімімен енгізіледі. Бұдан бөлек, Денсаулық туралы кодекстің 273-бабына сәйкес «медицина қызметкері құпиясын құрайтын мәліметтерді адамның келісімінсіз беру айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері кезінде рұқсат етіледі».   

57. Егер клиенттің статусы «қызыл» немесе «сары» болып шықса не істеу керек?  

 Кез келген адам вирусты тасымалдаушы болуы мүмкін деген қағидатпен стандартты сақтық шараларды ұстану қажет. Егер клиентте «қызыл» немесе «сары» статус жанса, ол «күту аймағына» ауыстырылады немесе нысанға ішіне жіберілмейді. Қауіпті статусы анықталған келушінің бары туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық бөліміне хабарлау қажет.

 58. Ресепшндегі қызметкер «сары» статусы бар клиентпен байланыста болса, қызметкер індет жұқтырған санала ма?

 Егер клиенттің статусы «сары» белгіні көрсетсе, ресепшн қызметкері байланыста болған деп саналмайды.

 59. QR-кода болмаса қандай да бір жауапкершілік жүктеле ме?

 QR-коды пилоттық жобаға қатысушы бизнес субъектісіне ғана беріледі. Ал келуші Ashyq қосымшасын ғана жүктеп алады.

 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер