astana-view

2022 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына

2022 жылға арналған міндетті мүшелік жарналар туралы

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезде келесі шешімдерді (2016 жылғы 16 маусымдағы №3 хаттама) қабылдағаны туралы хабарлайды:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылау белгіленсін және міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітілсін:

2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНАЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Топ

Сатылау

Жылдық жиынтық табыс, АЕК (2021 жылғы айлық есептiк көрсеткiште)*

2021 жылғы жылдық жиынтық табыс, (теңгеде)

Жарна мөлшері (2022 жылғы айлық есептiк көрсеткiште)**

бастап

дейін

бастап

дейін

МРП

тенге

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының            29-бабы 2-тармағының                   2) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері

1

300 000

420 000

875 100 000

1 225 140 000

105

321 615

2

420 000

690 000

1 225 140 000

2 012 730 000

130

398 190

3

690 000

1 500 000

2 012 730 000

4 375 500 000

155

474 765

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             29-бабының 2-тармағы                    3) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері

4

1 500 000

2 310 000

4 375 500 000

6 738 270 000

505

1 546 815

5

2 310 000

3 120 000

6 738 270 000

9 101 040 000

1 010

3 093 630

6

3 120 000

3 930 000

9 101 040 000

11 463 810 000

1 515

4 640 445

7

3 930 000

4 740 000

11 463 810 000

13 826 580 000

2 020

6 187 260

8

4 740 000

5 550 000

13 826 580 000

16 189 350 000

2 525

7 734 075

9

5 550 000

 

16 189 350 000

0

3 030

9 280 890

* 2021 жылғы айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге

** 2022 жылғы айлық есептiк көрсеткiште – 3 063 теңге

2. Міндетті мүшелік жарна төлеуден «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілер тобы:

1) 50% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы;

2) 25% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы босатылсын.

3. Осы шешімнің 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында:

1) «тиесілігі» деген ұғым жекеменшік құқығындағы тиесілілікті білдіреді;

2) «жанама түрде тиесілігі» деген ұғым әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) жекеменшік құқығымен иеленуін білдіреді;

3) нақты бір заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер сәйкес келген кезде аталған заңды тұлға 25% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылады;

4) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату нақты заңды тұлғаға қатысты бір рет қолданылады.

4. Есепті кезеңде қызметкерлердің жалпы санынан мүгедектер саны елу бір пайыздан кем емес санды құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% мөлшерінде босатылсын.

_______________________________________________________

 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер