astana-view

Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы

«Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутуты ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясы төрайымының орынбасары


1973 жылы 17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

• Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, (1990-1995), Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (1998-2001).

  • Еңбек жолын банк жүйесінде бастаған (1994-1995).
  • 1995-1998 жж. – Қазақстан республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығы.
  • 1998-1999 жж. – ҚР СІМ баспасөз-атташесі, Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі.
  • 1999-2002 жж. – ҚР Қаржы министрінің хатшылығы.
  • 2002 ж. – ҚР ЭБЖМ Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің бөлім бастығы.
  • 2003-2005 жж. – «Dala group» ЖАҚ Бас директорының кеңесшісі, кейіннен Бас директоры.
  • 2006-2007 жж. – ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы.
  • 2007-2008 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2008-2009 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша Қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары.
  • 2011-2013 жж. – ҚР ҚМ Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, іске асырылуын бағалау және жоспарлау департаментінің директоры.
  • 02.2013-10.2019  – «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы хатшылығының басшысы.
  • 2015 жылдан бастап (қазіргі кезде) – «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы. 
  •  2019 жылдан бастап (қазіргі таңда) – «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа мүшесі
  • 02.2019-05.2020 жж.– «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
  • 2017-2021 ж.ж.– Ұлттық Олимпиада комитеті Президентінің кеңесшісі;
  • 11.2019 жылдан бастап (қазіргі таңда)  – «ECOJER» Қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы
  • 06.2018-05.2020 жж. -  Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесі
  • 05.2020 жылдан бастап (қазіргі таңда)  – Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы.
  •  01.2021 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Іскер әйелдер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылды. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары алаңдарында Өңірлік іскер әйелдер кеңестері, сондай-ақ, аудандық деңгейде дәл осындай кеңестер жұмыс істейді.

1 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы  Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің І конгресі өтті.

Конгресте Ұлттық палата жұмысы аясында Кеңес қызметін жүргізудің стратегиялық келешегі, елімізде әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы ахуалды жақсарту бағыттары, сондай-ақ, әйелдер қатысатын шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Кеңесті құрудың басты идеясы – өңір әйелдерінің іскерлік ортадағы белсенділігін күшейту.

Кеңестің міндеттері:

- Әйел-кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін ынталандыру;

- Әйелдердің жеке кәсіпкерлікке араласуын, олардың экономикалық бастамаларын қолдау және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту.

Кеңес өз қызметін мынадай бағыттар бойынша іске асырады:

- Республикадағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру жүйесі туралы ақпараттық-ағартушылық қызметті ұйымдастыру;

- Жаңа бастаған әйел-кәсіпкерлерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету;

- Перспективалы бизнес-идеяларды, жобаларды қолдау;

- Іскер әйелдердің экономикалық құзыреттілігін көтеру және олардың арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту;

- Кәсіпқой әйел-кәсіпкерлердің өңірлерді, қалалар мен кәсіпорындарды экономикалық дамытудың ең тиімді тәсілдері бойынша тәжірибе алмасуын жолға қою;

- Қазақстандық және шетелдік әйел-кәсіпкерлердің арасындағы сындарлы сұхбатты жолға қою, оның ішінде қазақстандық және шетелдік әйел-кәсіпкерлердің экономикалық әрі мәдени қарым-қатынас жасауы;

- Шетелдік іскерлік орталарда еліміздің әйел-кәсіпкерлерінің оң имиджін қалыптастыру. 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер