Сервистік қолдау
Құрметті кәсіпкерлер!
Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары» төртінші бағыты аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсететіндігін хабарлайды.
Қызметтер онлайн режимінде мына мекенжай бойынша көрсетіледі: www.services.atameken.kz сілтемесі бойынша:
- бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер;
- кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;
- заң қызметін көрсету;
- маркетинг сұрақтары бойынша қызметтер;
- ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында кеңес беру;
- кәсіпкерлік бастамасы бар кәсіпкерлер мен халықтың өтініштерін сүйемелдеу;
- Мемлекеттік сатып алумен, ұлттық компаниялардың жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алуларымен байланысты қызметтердің түрлері;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы кеңестер.
Сондай-ақ, КҚКО офлайн режимінде де келесі қызмет түрлерін алуға болады:
- Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер;
- Кәсіпкерлік бастамасы бар кәсіпкерлер мен халықтың өтініштерін сүйемелдеу;
- Заң қызметтерін көрсету;
- Маркетинг сұрақтары бойынша қызметтер.
Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.
Толық ақпаратты 331-01-33 телефоны бойынша немесе Алматы қаласы, Достық даңғылы, 160 мекенжайы бойынша КҚКО-дан алуға болады.