Қазақстан республикасының дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеті
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің негізгі шарттарына тауар көрсеткіштерінің қатары бойынша тарифтік міндеттемелер жатады – алу тізімі, ДСҰ шарттарында ЕАЭО аясында қолданыстағы кеден салығынан өзгеше жеткізілетін мөлшерлеме.
Бүгінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылы 14 қазандаға № 59 «ДСҰ-ға кіру шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасына қатысты ЕАЭО Бірыңғай кедендік тариф бажы мөлшерлемесімен салыстырғанда әлдеқайда төмен кедендік әкелім бажы қолданылатын тауарлар тізімі туралы» бекітілген Шешімімен Алу тізімінде 1347 тауар атауы бар (Сыртқы экономикалық қызмет Тауар номенклатурасы аясында 97 тауар тобынан 58 тауар тобы, оның ішінде: ауыл шаруашылығы өнімі, жеңіл өнеркәсіп, көлік құралдары және т.б.).
Тізімдегі тауарларды Еуразиялық кэономикалық одаққа мүше-мемлекеттерге қайта экспорттауды болдырмау мақсатында Еуращиялық экономикалық одақ Жоғарғы кеңесінің 2015 жылы 16 қазанда өткен отырысының қорытындысында Қазақстан Республикасы өз аумағына төмендетілген импорттық салықпен жеткізілген тауарларды ЕАЭО мүше-мемлекеттердің аумағына шығаруға жол бермеу міндеттемесін алды.
«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды жеткізу және айналымындағы кейбір мәселелер туралы» Хаттаманың нормаларында (ЕАЭО Жоғары Кеңесінің 16.10.2015 № 22 шешімі) декларация өткізушілерге, тауарлардың иелері мен тасымалдаушыларға Хаттама нормаларын сқтау және тауарды сүйемелдейтін құжаттардың болу талабы енгізілген.
Осыған орай, ҚР Қаржы министрлігі ҚР нормативті-құқықты базасына тауар сүймелдейтін екі құжатты рәсімдеу қарастырылатын өзгерістер енгізді: кедендік декларация және Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара сауданы жүзеге асырғанда эклектронды шот-фактура.
Егер кәсіпкер тауар тек Қазақстан аумағында қолданылатынына сенімді болса, онда тауарды кеденнен ДСҰ мөлшерлемесі бойынша өткізуге болады.
Егер тауар Қазақстан аумағынан тыс, Одаққа мүше-мемлекеттердің аумағына шығарылса, онда Бірыңғай кедендік тариф мөлшерлемесі бойынша тауарларды тазалау қажет.
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі ретіндегі міндеттемелерге сәйкес, еліміз ДСҰ-ға кіретін кезде өзіне ветеринарлық-санитарлық шаралар саласында Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринарлық бақылау мен қадағалауына жататын тауарларға қатысты нормативтік актілерінен өзгеше міндеттемелерді алған (Еурапалық одақ форматында 13 ветеринарлық сертификат –Қазақстан Респбликасы).
Кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден жеткізілетін, ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын және одан жасалған өнім тауарлар ЕАЭО ветеринарлық-санитарлық шаралары мен ЕАЭО Бірыңғай кедендік тариф мөлшерлемесіне сай жеткізілгенде ғана Кеден Одағы аумағында айналымда жүре алатынын есте сақтаулары тиіс.
Кедендік жеткізілім салығының мөлшерлемесі Кеңестің 2016 жылы 11 қаңтардағы №59 Шешімімен бекітілген тауарлар тізімі бойынша ЕАЭО Бірыңғай кеден тарифі салығының мөлшерлемесімен салыстырғанда әлдеқайда төмен.