astana-view

Хабарландыру

БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Сізден «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңының (10-баптың 2-тармағы) негізінде «Атамекен» ҚР ҰКП (Астана қаласы) өткізетін сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз.

Сауалнаманың мақсаты әрбір жекелеген өңір/аудан экономикасының басым салаларында кәсіпкерлік қызметті жүргізуге жағдай жасау бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс нәтижелерін бағалау және салыстыру болып табылады. 

Зерттеу нәтижелері ел өңірлерінде бизнесті дамыту үшін ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Біз үшін әркімнің пікірі маңызды. Сауалнаманың қорытындылары мен нәтижелері ел басшылығы мен Үкіметке толық көлемде жеткізілетін болады.

Сіздің пікіріңіз тыңдалып қана қоймай, нақты іске асырылатынына сендіреміз.

Сіздің пікіріңіздің анонимділігі мен құпиялылығына кепілдік беріледі.

 

Егер Сіз шағын және микро кәсіпкерлік субъектісі болсаңыз, онда мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://invest.eoz.kz/polls/small

Егер Сіз орта кәсіпкерлік субъектісі болсаңыз, онда мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://invest.eoz.kz/polls/medium

 

Сауда әлемі 19-шы Халықаралық Конвенті 6-8 маусым аралығында Алматыда өтеді

     6-8 маусым аралығында Алматыда Сауда әлемі 19-шы Халықаралық Конвенті өтеді - бөлшек сауда индустриясындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Бір алаңда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения және Грузияның жетекші сауда желілері мен дистрибьюторлары, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің қазіргі заманғы ритейліне арналған тауарлар, қызметтер мен жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілер жиналады.

     Конвент бағдарламасына барлығы 1000-ға жуық бөлшек сауда индустриясының, тауар өндірісінің топ-менеджерлері, FMCG импорттаушылары мен дистрибьюторлары қатысады. Сауда әлемі Конвентіне қатысушылар іс-шараның барлық мүмкіндіктері мен алаңдарына қол жеткізе алады, атап айтқанда:

  1. Сауда әлемі Сатып алу орталығы

     Өндірушілер мен жеткізушілерге сауда желілерінің өкілдерімен жеке танысуға, өз өнімдерін таныстыруға және байланыстармен алмасуға мүмкіндік беретін Сауда әлемі Конвенті бағдарламасындағы негізгі іс-шара. Екі күн ішінде қатысушылар онлайн және офлайн форматтарда 50-ге жуық келіссөздер жүргізеді. Сауда әлемі Сатып алу орталығының арқасында түрлі елдердің жеткізушілері мен сатып алушылары арасында жылына 1000-нан астам келісімшарт жасалады.

     Іс-шараға қатысатын сауда желілерінің арасында Magnum Cash&Carry, Carefood, INMART, My Mart, JLC, «Тоймарт», «Светофор», Arbuz.kz, Clever интернет-дүкендері, Қазақстаннан A-store және Airba Fresh ірі супермаркеттері, Ресейден «Доброцен», «Хороший выбор», Өзбекстаннан Bi1, Korzinka, Makro, Havas, TEGEN, BarakaMarket, M Cosmetic, Беларусьтен ЕУРООПТ, UNISTORE cash and carry, «7 пятниц», «Хит», «Грошык», «Соседи», «Пайкар», Тәжікстаннан AMID, Қырғызстаннан Globus, «Народный», «Достор», SPAR, Әзірбайжаннан Rahat Market, Грузиядан Nikora және көптеген басқалары.

  1. Сауда әлемі көрмесі

    Сауда әлемі көрмесі гипермаркет форматындағы әртүрлі тауарлар мен қызметтердің байланыс және ынтымақтастық шарттарын келісу аймағы бар арнайы жабдықталған стендтердегі көрсетілімі болып табылады. Мұндай көрме форматтары өнімнің барлық сипаттамаларын, соның ішінде оны дүкеннің нақты сөрелерінде орналастыруды барынша тиімді көрсетуге мүмкіндік береді.

 

  1. Еуразиялық сауда конгресі

    Еуразиялық сауда конгресі бір сахнада бөлшек сауда компаниялары мен сауда желілерінің көшбасшыларын, үздік сарапшылар мен практиктерді жинайды. Мұнда спикерлер сауда нарығының қызу тақырыптары мен сын-қатерлерін талқылайды, инсайттармен және нақты табысты істермен бөліседі. Іскерлік бағдарламаның дәстүрлі блогы - МЕГА-САРАПТАУ, мұнда ең жақсы сараптамалық және маркетингтік компаниялар нарықты зерттеудің эксклюзивті нәтижелерін ұсынады.

     Дәстүр бойынша Конвенттің іскерлік бағдарламасы саланың ең өзекті және талқыланатын тақырыптарын қозғайды. Мәселен, биылғы жылы «Бөлшек индустрияны дамытудағы банктер» пленарлық сессиясында банк секторының бөлшек индустриямен өзара іс-қимыл мәселелері қозғалады. Банк секторының, сауда желілері мен маркетплейстердің жетекші сарапшылары өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөліседі, қазір мүмкіндіктер туралы және болашақта сауда нарығына қатысушыларға қандай өзгерістер күтетіні туралы әңгімелейді.

     Конвентте ритейлді мемлекеттік реттеуге үлкен мән беріледі. Бағдарламада бөлшек бизнеске мемлекеттік араласу мәселелері қаралатын болады. Қатысушылар реттеудің тиімділігін, салық және сауда саясатының бөлшек сауданы дамытуға әсерін, сондай-ақ саланы қолдау үшін мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастық келешегін талдайды.

     Қазіргі заманғы бизнестің тағы бір өзекті тақырыбы - бөлшек бизнесте жасанды интеллектті қолдану. Қатысушылар қоймаларды басқаруда, логистиканы оңтайландыруда, тұтынушылық мінез-құлық туралы деректерді талдауда және клиенттік тәжірибені дербестендіруде ЖИ сәтті іске асыру мысалдарын талқылайды.

     Осы және басқа да көптеген тақырыптар Еуразиялық сауда Конгресінің бағдарламасында шешуші болады.

      4. EURASIAN SUPPLIERS AWARDS 2024

     Сауда әлемі Конвентінде алғаш рет FMCG нарығының үздік жеткізушілері мен өндірушілерін – КОНВЕНТКЕ қатысушыларды марапаттау өтеді. EURASIAN SUPPLIERS AWARDS 2024 серпінді сауда саласындағы компаниялардың көрнекті жетістіктерін атап өтуге және ынталандыруға арналған.

  1. РИТЕЙЛ ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2024 Байқауы

 

     Сауда әлемі Конвенті аясында бөлшек саудада жұмыс істейтін әйелдерді қолдауға және шабыттандыруға бағытталған іс - шара өтеді - Қазақстан Ритейл Аруы 2024 Байқауы. Конкурс бөлшек сауда саласының өкілдері үшін өздерінің жетістіктерін, кәсіби қасиеттері мен сұлулығын көрсетудің бірегей мүмкіндігі болып табылады.

  1. Қазақстанның жетекші сауда желісіне экскурсия

    Сауда әлемі Конвентінің үшінші күні Қазақстанның жетекші сауда желілерінің біріне экскурсияға арналған. Қатысушылар желі жұмысына енгізілген ең тиімді бизнес-шешімдер туралы біледі, сондай-ақ тауарлар ассортиментімен танысады және сауда залында ынтымақтастық шарттарын талқылайды.

    «Сауда әлемі Конвенті - бұл стратегиялар мен трендтерді талқылайтын алаң ғана емес, сонымен қатар, ритейлді дамытудың болашақ бағыттары қалыптасатын орын. Біз идеялармен алмасудың күшіне және жеке қарым-қатынастың маңыздылығына сенеміз, сондықтан 10 жылдан астам уақыт бойы Конвент көптеген елдерде мәмілелер жасасу және ұзақ мерзімді серіктестіктер орнату бойынша жақсы нәтижелер көрсетіп келеді», - деп атап өтті Сауда әлемі конвенциясының ұйымдастырушысы Елена Саргалдакова.

Сауда әлемі Конвенті EXIM EXPO бөлшек сауда индустриясының іскерлік іс-шараларының халықаралық операторы (BBCG Kazakhstan ЖШС) ұйымдастырылған және Атамекен ҚР ҰКП, әр түрлі елдердің Сауда-өнеркәсіп палаталарының, салалық қауымдастықтар мен бірлестіктердің қолдауымен өткізіледі.

Барлық елдердегі Сауда әлемі Конвенттерін ортақ ұйымдастырушылары: INFOLine ақпараттық-талдау агенттігі, NLT Trade халықаралық компаниясы, Trade Help және Retail Analytics консалтингтік компаниялары және басқа да әріптестер.

        EXIM EXPO- 2013 жылдан бастап ТМД елдерінде жыл сайын 300-ден астам жетекші ритейлер мен әр түрлі елдерден 1000 жеткізушінің қатысуымен кәсіби B2B келіссөздері мен іскерлік іс-шараларының жалғыз ұйымдастырушысы.

 

       Ритейлерлер мен дистрибьюторлардың қатысуы тегін, жеткізушілер ақылы. Барлық қатысушыларды eximexpo.kz сайтында тіркеу.

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Mob/WhatsApp/Telegram +7 777 125 11 11, info@eximexpo.kz.

       

Еуразиялық сауда Конгресіне спикерлерді тіркеу: Mob/WhatsApp/Telegram +7 777 383 52 20, e-mail: pr@eximexpo.kz.

Ozon Қазақстанда белсенді түрде кеңеюде: 2023 жылы сатып алушылар саны шамамен 3,5 есе, ал қазақстандық сатушылардың тапсырыстары – өткен жылмен салыстырғанда 3 есе өсті. Өсу жалғасып жатыр, демек — Ozon-ға шығу уақыты келді.

Мұны қалай жасау керектігін маркетплейс өкілдері 12 наурызда, сағат 10:00-де өтетін Қазақстандағы алғашқы Ozon Day іс-шарасында айтады. Бұл, алаңда сатуды бастау туралы үлкен онлайн-кездесу. Бірнеше сағат ішінде сіз бастау үшін қажет нәрсенің бәрін біліп алатын боласыз:

  • сұранысқа ие тауарларды таңдау жолдары, 
  • карточкаларды рәсімдеу және клиенттерді тарту тәсілдері, 
  • сатуды өсіру және талдау жолдары,
  • тауарды сатып алушыларға ел ішінде, сондай-ақ Ресейге немесе ТМД-ның басқа елдеріне жеткізу тәсілдері.

Онлайн-кездесудің соңында сізде Ozon-да бизнесті қалай бастау керектігі туралы қадамдық жоспар болады.

Ozon-да сатушы ретінде тіркелген алғашқы 50 қатысушы алға жылжытуға 3000 бонус алады. Соның арқасында, тауарлар мыңдаған сатып алушының көзіне түсіп, тезірек табылатын болады. Сондай-ақ, кездесуде компания өкілдері бонустарды қалай алуға болатынын айтып береді.

 

Тіркеліңіз және Ozon-да сату туралы барлық ақпаратты дереккөзден біліп алу және спикерлерге сұрақтарыңызды қою үшін онлайн-кездесуге келіңіз.

 

Күні мен уақыты:12 наурыз, Астана уақытымен 10:00 (онлайн)

Құрметті әріптестер!

2023 жылдың 18 қарашасында 69 жасқа қараған шағында ауыр дертпен ұзақ күрестен кейін «Қазинспектсервис» ЗТБ басшысы Бияров Мұхтархан Нұралдинұлы өмірден озғанын қайғыра хабарлаймыз.

Марқұмның отбасы, туған-туысына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Тас түскен жеріне ауыр. Мезгілсіз қаза отбасы, туған-туыс, ұжым мен барлық ниеттес адамдар үшін ауыр соққы.

 Мұхтархан Нұралдинұлының көрегендігі,  жауапкершілігі мен мейірбандығы көптеген адамға үлгі болды. Мұхтархан Нұралдинұлы жүрегімізде елгезек, жанашыр, дана басшы және сенімді дос ретінде қалады. Иманы саламат болсын.

Құрметті Ораз Әлиұлы! 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұжымы орны толмас қаза – әкеңіз Жандосов Әли Оразұлының қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. 

Саналы өмірінде Әли Оразұлы еліміздің дамуына үлес қосқан іскер, еңбекқор ұл тәрбиелеп өсірді. 

Әкеңіздің өмір жолы өз Отанына және халқына деген шынайы сүйіспеншіліктің, даналықтың, шексіз мейірімнің үлгісі саналады. Артында қалған туған-туысқандарына Алла тағала сабырлық беріп, қасиетті күндер мен түндерге сау саламатта, аман-есендікте жетулерін нәсіп етсін.

Тас түскен жеріне ауыр, бекем болыңыз. Өнегелі өмір иесі, мейірімді болған марқұмның жаны пейіште шалқысын, ұрпағымен мың жасасын.

Қолдауды 5,6 млн теңгеге дейін көтерді

28 қыркүйекте тапсырыс беру пункттерін іске қосу туралы онлайн кездесу өтеді. Бұл түсінікті және дәлелденген бизнес, жұмыстың екінші айынан бастап кіріс әкеле бастайды. Өйткені, пункт жұмысының алғашқы 6 айында біз 5,6 млн теңгеге дейін қаржылай қолдау көрсетеміз.

Бұл ретте беру пунктін кез келген жерден ашуға болады: Астана мен Алматыда да, шағын қалаларда да — жақсы орындар көп. Ал ақшалай қолдау барлық жерге дерлік бөлінеді. Адамдар көп жиналатын жерде қолайлы орын тауып, қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сәлемдемелер беруді бастасаңыз жеткілікті.

Кездесуге келіңіз және:

  • максималды қолдаумен беру пунктін қалай ашуға болады;
  • пункт үшін дұрыс орынды қалай таңдауға болады – сізге ыңғайлы болу үшін карта жасадық және кепілдендірілген қолдау аймақтарын бөлдік;
  • шағын қалалар мен ауылдарда да қалай ақша табуға болатынын біліңіз.

Күні мен уақыты: 2023 жылғы 28 қыркүйек Астана уақытымен сағат 13: 00-де (Мәскеу уақытымен сағат 10.00-де)

https://lp.ozon.ru/stream/view/1012?utm_source=gr&utm_medium=other&utm_campaign=apvz_rk_webinar_28.09

«Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің хатшылығы және Астана, Алматы, Шымкент қалалары, облыстардың өңірлік кеңестерінің төрағалары Серік Мәкенұлы Төрегелдиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына  қайғырып көңіл айтады.  

Серік Мәкенұлы ұзақ уақыт бойы Қарағанды облысында жауапты басшылық қызметтерді басқарды.  «Атамекен» ҰКП Кеңесінің мүшесі, Қарағанды және Ұлытау облыстары кеңестерінің төрағасы болды. Серік Мәкенұлы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне елеулі үлес қосты.

Серік аға білікті маман, іскер басқарушы, кәсібіне адал адам ретінде жүрегімізде қалады.

 Серік Мәкенұлының отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

 

  Ақтөбе облысының Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұжымы  Исламбек Төлеубайұлы Салжановқа ағасы Қайыр Сұлтангерейұлы Салжановтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты қайғыны бөлісе отырып, отбасына көңіл айтады.

Еңбегімен, өнегелі ісімен, ақыл-кеңесімен қадірменді болған Қайыр Сұлтангерейұлы ағамыздың артында қалған туған-туысқандарына Алла тағала сабырлық беріп, қасиетті күндер мен түндерге сау саламатта, аман-есендікте жетулерін нәсіп етсін.

Марқұмның иманы жолдас, топырағы торқа болып, жәннәттан орын бұйырсын.

 

 

«Атамекен» ҰКП Төралқасының Геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитеті Геологиялық сала қосалқы комитетінің мүшесі Асқар Амангелдіұлы Шәменов жол апатынан 47 жасында қаза тапты. Өкінішке қарай, осы жылдың 30 шілдесіне қараған түні оның өмірін қиған жол апатында ұлы мен қызы да қайтыс болды.

Асқар Шәменов Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін пайдалы қазбалар кен орнын барлау мамандығы бойынша үздік бітірді. Қазақстанның тау-кен секторында, өндіріс саласында, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік компанияларда 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ерен еңбегі үшін «Жер қойнауын барлау үздігі» (2008), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), III дәрежелі «Еңбек Даңқы» (2020), III дәрежелі «Кенші даңқы» (2021), «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» (2022) мемлекеттік наградалар мен атақтарын алды.

1999 жылдан 2003 жылға дейін Ақмола облысындағы Васильковское алтын кен орнында мамандығы бойынша жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап 10 жыл бойы Геология комитетінде мемлекеттік қызметте еңбек етті.  Геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге белсенді қатысты, бақылау функцияларын іске асырды.

2013 жылдан бастап «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының жер қойнауын пайдалану департаментін басқарды. Оның қызметінің аясында Қазақстанның ең ірі вольфрам-молибден Жоғарғы Қайрақты кені, Шалқия, Алайғыр қорғасын кендерін қоса алғанда, Қазақстан минералдық-шикізат базасын толықтыруды қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдалануға 10-нан астам келісімшарт жасалды. Осы уақытқа дейін «Полюс Қазақстан» ЖШС геологиялық барлау компаниясын басқарды.

Асқар Амангелдіұлының отбасына, туған-туысына қайрығып көңіл айтамыз.

 «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов

Қазір Қазақстанда Ресейдің ең танымал франшизаларының бірі — Ozon беру пункттері дамып келеді. Сіздерді алғашқылардың қатарында қаржылай қолдаумен өз пункттеріңізді ашуға шақырамыз, бұл екі айдың ішінде инвестицияларды өтеуге көмектеседі.

03 тамызда сағат 14:00-де (Астана бойынша) вебинарға келіп, беру пункті үшін ең жақсы орынды іздеу туралы, үй-жайды жұмысқа дайындау туралы, сіз қанша ақша табатыныңыз және Ozon-дан қандай кепілдендірілген қолдау алатыныңыз туралы біліңіз.

Неліктен Франчайзинг соншалықты танымал

  • Ресейде Ozon серіктестері ашқан 30 000-нан астам тапсырыс беру пункттері бар. Және бәрі себебі:
  • Франчайзинг тегін
  • алғашқы алты айда Озон серіктестерге қаржылық жағынан көмектеседі
  • ашуға дайындық өте қарапайым-минималды талаптар
  • Ozon сізге трафикті әкеледі
  • біз тегін белгі мен басқа маркетингтік материалдарды береміз.

Тіркелу

https://lp.ozon.ru/stream/view/726?utm_source=gr&utm_medium=other&utm_campaign=apvz_rk_webinar_27.07

 

2023 жылғы 19 шілдеде «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің отырысы өтті. Онда комитет мүшелері Нагуманова Тахмина Өтеғалиқызын комитет төрайымы етіп сайлады.

ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті жеңіл, химия, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі, цемент және бетон өндірушілері, кабельдік өнімдер, индустриялық үй құрылысы комбинаттары, Қазақстанның тас өңдеу саласы және өңдеу өнеркәсібінің басқа да салаларының қауымдастықтары мен одақтарын біріктіреді.

 Тахмина Нагуманова «Қазақстан Республикасы химиктерінің одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті. Маман химия және мұнай-химия саласының кәсіпорындары мен ұйымдарында қызмет еткен, сондай-ақ қаржы секторында үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

 Жаңа төрайым Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің жүйелі мәселелерін шешуге бағытталған комитеттің одан әрі жұмысын күшейтуді ұсынды.

 

 

 

Құрметті кәсіпкерлер!

Назарыңызға  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және бала құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын (ҚР Білім Министрлігі әзірлеген) ұсынамыз.

 Заң жобасымен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске, «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», Білім туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Заң жобасында:

  • ата, әже, бауыр, сіңлі-қарындастың баламен тілдесуіндегі құқығы енгізіледі;
  • асыраушы кәсіби отбасы, асырап алушы кәсіби тәрбиешілерге берілген баланың күту ұғымы;
  • балалар әлауқатының индексі;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретінен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру құзыреті алынып тасталады;
  • Бұдан басқа «Білім беру туралы» ҚР заңына оқу, тағылымдамадан өту үшін педагогтардың академиялық ұтқырлығы енгізіледі;
  •  желілік мектептер, білім сапасы ұғымы;
  • оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді сатып алуды ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайтын білім беру саласындағы құқықтық қатынастарға жатқызу.
  • білім беру жүйесі мен білім беру үдерісін әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік тапсырысты орналастыруды өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, оның ішінде республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыретіне жатқызу;
  •  жалпы білім беретін пәндерді қоспағанда дуальды оқыту кезіндегі оқу уақытының көлемі;
  •  колледж мамандықтары бойынша лицензиялау, желілік мектептерді лицензиялау процесі;
  •  білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу нәтижелеріне кешенді талдау;
  •  колледждерге қатысты мемлекеттік бақылау;
  •  колледждің қажеттіліктеріне қосымша қаржыландыру алу үшін өз өнімдерін сатуға мүмкіндік;
  • педагогикалық этиканың сақталуына мониторинг пен бақылау енгізіледі.

Егер заң жобасы бойынша ұсыныстар болса, мына байланыс деректері бойынша хабарласыңыз: 8 (7172) 919 343, d.sharipbayeva@atameken.kz

 

 

 

Құрметті фермерлер! 2023 жылдың 9 маусымында тиімді басқару нәтижелерімен танысуға "Заградовское" сүт фермасына шақырамыз.

«EXPO TIME» ұжымы Қазақстанда практикалық нәтижелері бар және ферманың асыл тұқымды қашарлар мен кунажындарды сату фактісі бар нысанды табу мақсатын қойды.

Бүгінгі таңда, «Заградовское» ЖШС бұған ферманың тиімді менеджменті болған жағдайда қол жеткізуге болатындығын айқын дәлелдеді.

Сүтті мал шаруашылығындағы барлық технологиялық талаптарды орындаудың арқасында, «Заградовское» ЖШС-де 4 (төрт) симменталды ірі қара тұқымды асыл тұқымды қашарларды үш жыл ішінде 300-ден астамын сатты. Симментал тұқымының қашарларының келесі сатылымы тамыз айына жоспарланған.

«EXPO TIME» компаниясы Қазақстанның сүт фермалары мамандарының біліктілігін арттыру, практикалық тәжірибе алмасу үшін 2023 жылдың 9 маусымында «Заградовское» СТФ-ның конференц-залы мен фермасында «Jańa Dala / Kaz Milk '2023» бизнес-турын өткізуге ниетті. Практикалық семинардың тақырыбы: "Ірі қара малдың денсаулығы және ұрпақтылығы: тиімді мал шаруашылығының шешімдері".

Бұған республиканың әртүрлі облыстарының мамандарының осы ІҚМ тұқымымен жұмыс істеудің жақсы нәтижелеріне қол жеткізген шаруашылық тәжірибесін көруге және зерделеуге деген ұмтылысы ықпалын тигізді. «EXPO TIME» қызметі өндіріс процесінде ғылымды қажетсінетін, технологияларды белсенді енгізетін шаруашылықтарды іздеуге бағытталған. Бұл жұмыста мамандарға кеңес беретін «Қазақстандық ветеринарлық палатамен» де белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«EXPO TIME» компаниясы 2023 жылдың 9 маусымында «Заградовское» ЖШС-нің базасында өтетін «JAŃA DALA / KAZ MILK '2023» Бизнес-турына шақырады.

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы.

Бизнес-тур бағдарламасына мыналар кіреді:

- «Ірі қара малдың денсаулығы және ұрпақтылығы: тиімді мал шаруашылығының шешімдері» практикалық семинары;

- МТФ үшін техника мен жабдықтарды жеткізушілердің көрмесі;

- «Заградовское» фермасына көру.

СТФ-ның басшыларына, фермаларды басқарушыларға, ветеринарларға, зоотехниктерге және басқа да ферма мамандарына арналған практикалық семинарға қатысу тегін!

Орындар саны шектеулі.

Қатысу сұрақтары бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 588 5497, +7 707 545 1662. E-mail: expotime.kz@gmail.com

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Мен кәсіпкер» құралын іске асыру үшін Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының (ӘКДО) бағыты бойынша менеджер-консультанттарды қабылдауды жариялайды.

«Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетті, экономикалық белсенділікті ынталандыруға, қолданыстағы бизнестің, стартаптардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған

Кандидаттарға қойылатын негізгі біліктілік талаптары:

  • Жоғары білімі (заң, экономика);
  • Кәсіпкерлік және/немесе бизнес-консалтинг саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі (кемінде 2 жыл) бар;
  • Кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен заңдарды білу;
  • ШОБ-ты мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдау шараларын білу;
  • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін білу;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
  • Жоғары коммуникативтік құзыреттіліктер, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушылармен «кері байланыс» орната білу;
  • Дербес компьютерді, Internet, Microsoft Office – Word, Excel пайдалану дағдылары;
  • Әлеуметтік желілерде, қосымшаларда жұмыс істеу дағдылары: «WhatsApp Messenger», «Telegram Messenger», «Facebook», «Instagram»;

* Іріктеуге қатысушылар арасынан әйелдер қауымдастықтарында және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар; іс-шараларды, форумдар мен конференцияларды ұйымдастыру дағдылары; әлеуметтік медиа маркетингіндегі (SMM) тәжірибесі бар әйелдерге артықшылық беріледі.

Қажетті құжаттар тізбесі:

  • жеке куәліктің көшірмесі; 
  • білім туралы дипломның көшірмесі; 
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасы/еңбек шарты және/немесе техникалық ерекшелікпен ақылы қызмет көрсету шарты

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
САУАЛНАМА

Өтінім нысанын, сауалнаманы және іріктеуге қатысу шарттарын кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде орналасқан мекенжайыңыз бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде алуға болады


Барлық ниет білдірушілер орналасқан жері бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіне алады. Сізді командамызда көруге қуанышты болар едік! 
Өтінімдер 2023 жылғы 22 ақпанға сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
КҚКО мекенжайлары 

«Климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдайға 
жауап ретінде нөлдік шығарындыларға және климаттың өзгеруіне төзімді дамуға қол жеткізу үшін ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды (ҰДАС) пайдалану» жобасын іске асыру шеңберінде 10 пилоттық ферманы іріктеу туралы 
хабарландыру

         «Атамекен» Қазақстан Республикасының  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (бұдан әрі – БҰҰДБ) жасалған келісім шеңберінде «Климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдайға жауап ретінде нөлдік шығарындыларға және климаттың өзгеруіне төзімді дамуға қол жеткізу үшін ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды (ҰДАС) пайдалану» жобасын іске асыру шеңберінде 10 пилоттық ферманы іріктеуді жариялайды.

1. Іріктеуді өткізу мерзім

Өтінімдер қабылдаудың басталу күні
 
08:00, 01.11.2022 ж.
 
Өтінімдер қабылдаудың аяқталу күні
 
18:30, 08.11.2022 ж.
 
Пилоттық фермаларды анықтау күні
 
18:30, 30.11.2022 ж.
 

 

2. Өтінімдерді қабылдау орны, электрондық пошта мекенжайы: «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаменті, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, каб. 511; e-mail: a.serikbekova@atameken.kz.

3. Грант беру нәтижесі:
Пилоттық фермаларда жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) және ылғал үнемдейтін технологияларды енгізу.
 

4. Іске асыру орны және жобалар саны:
Табиғи-климаттық және географиялық аймақтарды, Қазақстан өңірлерінің әлеуетін, жобадан ықтимал мультипликативтік әсерді бағалау қорытындысы бойынша, сондай-ақ БҰҰДБ жобасының басшысымен консультациялар мен келісуден кейін мынадай өңірлер мен жобалар саны таңдалды:
Ақтөбе облысы – 2 (екі) жоба;
Шығыс Қазақстан облысы – 2 (екі) жоба;
Алматы облысы – 4 (төрт) жоба;
Солтүстік Қазақстан облысы – 2 (екі) жоба.

5. Ауыл шаруашылығындағы қызмет түрі
Техникалық тапсырманың талаптарына сәйкес, сондай-ақ БҰҰДБ жобасының басшысымен консультациялар мен келісуден кейін келесі 5 кіші сектор таңдалды:
1) ауыл шаруашылығында жылыжай шаруашылығы;
2) көкөніс шаруашылығы;
3) балық өсіру;
4) сүт шаруашылығы;
5) қой/жылқы шаруашылығы.

6. 10 пилоттық ферманы іріктеуге қатысуға әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар:
6.1. Іріктеуге қатысу үшін қатысушы іріктеуге қатысуға өтінім берген күні мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
Әлеуетті қатысушы таңдалған өңірлердің бірінде тіркеліп, бір немесе бірнеше қызмет түрімен айналысуға тиіс.
Бұл ретте әлеуетті қатысушы жобаға белгілі бір қызметтің бір түрі бойынша ғана қатыса алады.
6.2. Тәжірибе
Әлеуетті қатысушы қызметті таңдалған бағытта кемінде 3 (үш) жыл жүзеге асыруға тиіс.
Шаруашылық қызметін кемінде 3 (үш) жыл растайтын мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, талон немесе жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың хаттары растайтын құжат болып табылады.
6.3. Сенімділік
Әлеуетті қатысушы мұны жазбаша түрде растауы керек:
- оның қаржы институттары алдында 30 күннен астам мерзімі өткен берешегі (Бірінші кредиттік бюроның есебі), өткен күнтізбелік жыл үшін салықтарды (тиісті салық органдарының анықтамасымен расталған), алымдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша берешегі жоқ;
- ол тарату процесінде (заңды тұлға үшін), өзіне қатысты берешекті қайта құрылымдау, оңалту рәсімдерін қолдану туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімдері бар дәрменсіз борышкерлердің тізімдерінде, сондай-ақ соманы/мәжбүрлі міндеттемені өндіріп алу туралы орындалмаған сот актілерінің болмауында болмайды.
Егер ол ұлттық немесе халықаралық ұйымдарға грант беру/инвестициялау бағдарламаларына және/немесе жабдықты жеңілдікпен сатып алатын осындай жобаларға қатысқан жағдайда, қолданыстағы жеткізілген жабдықтың бар-жоғын дәлелдеу қажет.
Ескертпе: https://pk.uchet.kz (контрагентті тексеру сайты) ақпараттық жүйесінен түсіру әлеуетті қатысушының деректерін растау болып табылуы мүмкін. Деректер расталмаған жағдайда, бұл факт жобаға қатысудан бас тартуға негіз бола алады.
6.4. Өндірістік қызметте тиісті инфрақұрылымның және өзге де өлшемшарттардың болуы
Әлеуетті қатысушының инфрақұрылымы мен шаруашылық жүргізу шарттары төмендегілерге сәйкес келуі тиіс:
Жалпы шарттар (негізінен, бірақ міндетті емес):
- шаруашылықтың орналасқан жері облыс орталығынан/аудан орталығынан/ірі елді мекеннен 100 км аспайды;
- жеңіл автокөлікпен шаруашылықтарға жол жүруге жақсы жолдың (қатты жабыны бар) болуы;
- 3G деңгейінен төмен емес интернеттің болуы;
- өндірістік қызметте (жұмыстағы өзара іс-қимыл) кемінде 50 адамды (қызметкерлер, пайда алушылар және т.б.) тікелей және (немесе) жанама қамтуды қамтамасыз ету. Қызметкерлері көп әлеуетті мүшелер артықшылыққа ие болады.
- жабдықтар құнының 10 % мөлшерінде жобаны қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету. Бұл ретте, конкурсқа қатысуға өтінім берілген күнге дейін (құрылыстар салу, техника сатып алу және т.б.) 2 (екі) жылдан ерте емес жұмсалған жобаны іске асыруға жұмсалған шығындарды заттай түрде қоса қаржыландыруға, растауға жол беріледі.
Сондай-ақ өсімдік шаруашылығындағы жобалар үшін:
жер учаскесінен 200 метрден аспайтын радиуста су ресурстары көздерінің болуы;
спринклер жабдығын ауыстыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін меншікті және (немесе) жалға алынатын өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының (трактордың) болуы.
суармалы дақылдарға арналған егіс алаңының болуы.
Мал шаруашылығындағы жобалар үшін:
жобаның бағыты бойынша кемінде 50 мал басының болуы;
жануарларды ұстауға арналған мамандандырылған үй-жайдың болуы;
жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша ветеринарлық әл-ауқат.
Балық шаруашылығындағы жобалар үшін:
азықтың болуы;
жөндеу-аналық табынның болуы;
су қоймасының болуы (көл, тоған, балық каналы немесе сумен қамтамасыз етудің жабық циклі бар басқа су қоймасы және т.б.).
Жылыжай шаруашылығы жобалары үшін:
жылыжай шаруашылығының жиынтық ауданы 100 шаршы метрден;
бөлмені жылыту жүйесінің болуы.
6.5. Басшыға қойылатын талаптар:
- атқаратын лауазымындағы еңбек өтілі – кемінде 3 жыл.
Ескертпе: барлық іріктеу критерийлеріне сәйкес болған жағдайда, БҰҰДБ талабына сәйкес жобаларды іріктеу кезінде гендерлік тәсілді қолдану үшін әйел басшыларға артықшылық берілуі мүмкін.
Әлеуетті қатысушы жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, бұдан әрі жобалау тобы келесі кестеге сәйкес балл бере отырып, құжаттарда ұсынылған деректерді бағалауды жүргізеді:
 

Баллдық өлшемшарттар жүйесі:

Өлшемшарт атауы
 
Бағалау баллы
Әлеуетті қатысушының осы Әдіснаманың – Жоба географиясының 1 және 2-тармақтарына сәйкестігі 3 балл

Қызмет тәжірибесі:
- 3 жылдан 5 жылға дейін;

- 6 жылдан 10 жылға дейін;
- 11 және одан жоғары.

3 балл

4 балл
5 балл

Сенімділік:
- қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешектің болмауы;
- ұқсас бағдарламаларға сәтті қатысу тәжірибесі;
- салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеу бойынша берешектің болмауы;
Берешектер болған кезде ұйым конкурсқа жіберілмейді.

2 балл

2 балл


2 балл

Заттай түрде қоса қаржыландырудың болуы
- 10%
- 11-20%
- 21-30%
- 31-40%
- 41-50%
- 51% және одан жоғары

1 балл
2 балл
3 балл
4 балл
5 балл
10 балл
Басшының жұмыс өтілі
- 3 жылдан 5 жылға дейін;
- 6 жылдан 10 жылға дейін;
- 11 және одан жоғары
1 балл
3 балл
5 балл
Жалдамалы қызметкерлерді/пайда алушыларды қоса алғанда, ферма қызметкерлерінің саны
- 500 адамнан
- 250-499 адам
- 100-249 адам
- 100 адамға дейін
10 балл
5 балл
2 балл
1 балл
Егер кәсіпорын басшысы әйел болса 5 балл

 

Өлшемшарттарды бағалау және балл беру Жобаның талаптарына барынша сәйкес келетін пилоттық фермаларды іріктеу үшін әлеуетті қатысушылардың құжаттарында ұсынылған деректер бойынша жүргізіледі.
 

7. Қатысушының төмендегі құжаттарды ұсынуы
Жобаға қатысуға дайын екендігі туралы растау хатын ұсынған жағдайда әлеуетті қатысушылар жобаға қатысу үшін мынадай нысан бойынша іріктелуі мүмкін:

 

Мен, аты-жөні (толық)______________________, басшы (ЖШС, ЖК, ШҚҚ, кооператив) ____________________, БҰҰДБ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп іске асыратын «Климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдайға жауап ретінде нөлдік шығарындыларға және климаттың өзгеруіне төзімді дамуға қол жеткізу үшін ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды (ҰДАС) пайдалану» жобасына (бұдан әрі – Жоба) қатысуға дайын екенімді растаймын және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп өзіне қарсы міндеттемелерді қабылдауға міндеттенемін:
- өндірістік қызмет көрсеткіштерін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, жобаны іске асыруға байланысты мониторингті немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті мәліметтер мен деректерді беру;
- қажет болған жағдайда жабдықты орнатқаннан кейін өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді, жоба мониторингі барысында сұратылуы мүмкін өзге де мәліметтерді ұсыну;
-қажет болған жағдайда, жоба аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде БҰҰДБ және басқа ұйымдардың сарапшыларына ветеринариялық, фитосанитариялық және санитариялық-карантиндік шараларды сақтаған кезде іске асырылған жобаны көрсету үшін шаруашылыққа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- Жобаны іске асыру шеңберінде алынған жабдықтың келесі 5 (бес) жыл ішінде сақталуын және иеліктен шығарылмауын қамтамасыз ету;
- қажет болған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарында ЖЭК және (немесе) ЖК (газеттер, журналдар, ақпараттық ресурстардың веб-беттері, телевизиялық хабарлар немесе басқа да БАҚ) енгізу туралы көпшілік алдында сөз сөйлеу.
- жабдықтар құнының     % мөлшерінде жобаны қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысуға өтінім берілген күнге дейін (құрылыстар салу, техника сатып алу және т.б.) 2 (екі) жылдан ерте емес жұмсалған жобаны іске асыруға жұмсалған шығындарды заттай түрде қоса қаржыландыруға, растауға жол беріледі.
Келесі құжаттар тізбесін ұсыну:
- бірінші басшының жеке куәлігінің көшірмесі;
- тіркеу туралы анықтама;
- жабдық бүлінген (жарамсыз жай-күйі, ұрланған)жағдайда оның құны сомасын қондырғымен өтеу туралы нотариалды куәландырылған келісім;
- ӨИС дерекқорынан анықтама (мал шаруашылығы жобалары үшін);
- статистикалық есептілік (24 аш, 29 АШ, 4 АШ және басқалар);
- жер учаскесіне мемлекеттік актінің көшірмесі;
- Бірінші кредиттік бюроның несиелік есебі;
- есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
Сондай-ақ менің кәсіпорнымда жабдықты (ЖЭК/ВСТ) орнатқаннан кейін жеткізу шартына қол қоюға дайынмын.

____________________
(қолы)

____________________
(күні)

м.о.


8. Өтініш беру тәртібі:
8.1. Әлеуетті қатысушылар конкурстық іріктеу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі бөліміне осы хабарландырудың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді.
8.2. Өтінімге қоса берілетін құжаттарды әлеуетті қатысушылар түпнұсқа немесе көшірме түрінде ұсынады.
8.3. Әлеуетті қатысушылардың іріктеуге қатысу үшін жіберген құжаттары нөмірленген, тігілген, қол қойылған болуы керек.

9. Өтініштерді кері қайтарып алу тәртібі:
9.1. Әлеуетті қатысушылар «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментіне өтінімді кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберу арқылы іріктеуге қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта іріктеуге қатысуға өтінімді қайтарып алуға құқылы. Өтініш пен құжаттарды қайтару өтініш берілген жерде жүзеге асырылады.
9.2. Таңдауға қатысуға өтінімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
9.3. Әлеуетті қатысушы іріктеуге қатысу үшін біреуден артық емес өтінім беруге құқылы.
9.4. Әлеуетті қатысушының өтінімін қабылдамау негіздері:
1) санаттың әлеуетті қатысушысының осы хабарландырудың 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі.
2) әлеуетті қатысушы ұсынған ақпараттың сенімсіздігі фактісін анықтау.
3) әлеуетті қатысушының өтінімдерді беру үшін белгіленген күн мен уақыттан кейін іріктеуге қатысуға өтінім беруі.
4) осы хабарландырудың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе толық ұсынбау.

10. Әлеуетті қатысушылардың өтініштерін қарау қағидалары:
«Климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдайға жауап ретінде нөлдік шығарындыларға және климаттың өзгеруіне төзімді дамуға қол жеткізу үшін ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды (ҰДАС) пайдалану» жобасын іске асыру жөніндегі жобалау тобы іріктеуге қатысуға өтінімдерді және әлеуетті қатысушының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Жобаға қатысушылар туралы түпкілікті шешімді БҰҰДБ қабылдайды.

Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының деректерін жүргізу және өзектендіру әдістемесінің 4.3-тармағына сәйкес қоса берілген файлға сәйкес ТЖҚ БНА кодтарының қатарын жоспардан тыс өзектендіру бойынша жұмыс жүргізгенін хабарлаймыз.

Осыған байланысты өзекті кодтарды қолдануда туындайтын проблемаларды болдырмау мақсатында жаңартылған ТЖҚ БНА кодтарымен танысуыңызды сұраймыз.

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын иелену байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды

Байқаудың негізгі мақсаты – отандық компанияны ынталандыру және экспортқа шығаруда сапасы жоғары өнімдерді «Ұлы дала елі» ортақ брендімен таныстыру, шетелдегі танымалдылығын арттыру. «Ұлы дала елі» ортақ бренді Қазақстанның брендін халықаралық нарыққа шығарып отырған отандық үздік тауар өндірушілерге табысталады.

Байқауға қатысушылар келесі критерийлерге сай болуы қажет:

  • Экспорт көлемінің үлесі өнімнің бір түрінің жалпы өндірісі көлемінен 10%-дан кем емес;
  • Тауар өндіру, қызмет көрсетуде жергілікті қамту үлесі (кемінде 30%);
  • Халықаралық бизнес-қоғамдастықтарға мүше болу;
  • Лицензия, рұқсат, патенттердің болуы;
  • Халықаралық марапатар, дипломдардың болуы;
  • Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша (бизнесті жауапты жүргізу) қаржылай емес есептілікті жариялау тәжірибесінің болуы;
  • Сауда маркасының танымалдылығы, берілген портфолио бойынша компанияның жағымды имиджінің қалыптасуы (мақұлданады).

Байқауға жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады, оған қойылатын талап:

  • Нарықта кемінде 3 жыл қызмет атқаруы керек;
  • Таратылу кезеңінде емес, банкрот деп танылмаған;
  • Өтінімде дұрыс мәліметтерді көрсеткен;
  • Комиссияға кәсіпорынмен танысуға мүмкіншілік жасау (кәсіпорынның қаражаты есебінен).

  Байқаудың өткізілу тәртібі:

  • Байқауға қатысуға ынталы компаниялар 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ережеге сай рәсімделген өтінім мен материалды (сканерленген) info@ulydalaeli.kz электронды почтасына жолдаулары керек;
  • Комиссия Байқауға қатысушылардың өтінімдерін қарайды және жапы өтінім ішінен 12 үміткерді іріктеп алады;
  • Комиссия бірнеше топқа бөлініп, өтінімде берілген ақпараттың растылығын тексеру үшін кәсіпорындарды аралайды (олардың есебінен);
  • Комиссия зерттеу нәтижесі бойынша іріктеудің келесі кезеңіне өткен 6 үміткерді анықтайды;
  • 6 үміткердің тізімі онлайн-дауыс беру үшін «Атамекен» интернет-ресурсында жарияланады;
  • Ең көп дауыс жинаған компаниялар (үштен көп емес) «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығына ие болады;
  • Байқау лауреаттарына «Ұлы дала елі» ортақ брендінің эмблемасы мен диплом салтанатты түрде табысталады;
  • «Ұлы дала елі» ортақ бренді жарнамалық мақсатты қолданылу құқығы 5 жылға беріледі.

 

Барлық қызығушылық танытқан әйелдерді Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының алаңдарында жұмыс істейтін орталықтарға консультация алуға шақырамыз:

Петропавл қ., к. Сүтішев к-сі, 60 "Квартал" БО, 4 қабат, 8(7152) 50-28-74, (консультант: Жантлесова Сәуле Мұқтарқызы, 8 707 920 61 95 (whatsapp).

Талдықорған қ., ш. а. 8.2 "А" құрылысы, көрме кешенінің ғимараты, 2 қабат, 8(7282)401 499. Кеңесші: Серікбаева Ардақ Сұраншықызы, 87759721717

Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 78, 2-қабат, 8 (7122) 777-606, 8 (7122) 763-655. Кеңесші: Жармұханбетова Гүлнафис Ерсайынқызы, 87075250871 (whatsapp)

Түркістан қаласы, Қожанов көшесі 42, 8 (72533) 5 98 98, кеңесші: Есетова Гульназ Даулетовна, 8 747 306 5960

Павлодар қаласы, Луговая көшесі 16, 3 қабат 317 кабинет 8 (7182) 660311 іш.5509 кеңесші Құсайынова Айнұр Мұратқызы 87025273135 (WhatsApp)

Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 29, 1 қабат 8(7212) 50 64 12 (консультант: Серікбай Арайлым Талғатқызы, 8 702 348 34 83 (whatsapp).

Орал қ., Исатай-Махамбет к-сі, 84, 1 қабат 87112 243095, (консультант: Илиясова Айслу Гайфулловна, 87055910055 (whatsapp).

Көкшетау қ., Абай к-сі 96, "Green wich" БО 8 қабат, 802 кабинет (консуллтант: Кусаинова Алима Жанабаевна 87718367570, 8(7142)72-25-41)

Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі, 123, 1 қабат (Арсенал жанындағы ғимарат), 87242400202, (консультант: Нурханова Жадыра Мейрамбеккызы, 87051161910(whatsapp).

Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26/1, 1 қабат, каб.1, г. н. 8 (7232)742-810, (консультант: Елемесова Жанар Бахитовна, +77774115401 (WhatsApp)

Тараз қ., Төле би к-сі, 93А, "Арай плаза" БО, 2 қабат, 8(7262)555 900 (консультант: Метерова Гульмира Кайратовна, 8 747 208 56 48).

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 114. 8 (7142) 394208 іш.3942, (консультант Буламбаева Алтынай Балғожақызы 87076469090)

Ақтау қаласы, 35 шағын аудан, 2 ғимарат, 1 қабат, 103 кабинет, 8 (7292) 30 40 40, (консультант: Оглан Наргиз Маратовна, 87089873913)

Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғ., 22К, 1 қабат, г. н.: 8(7132) 744-615, (консультант: Жаманқұлова Лаззат Ерболатқызы, 8 775 550 90 03 (whatsapp).

Алматы қ., Жібек-Жолы даңғ., 135, Блок 2, офис 8 қабат, г. н. 8 727 3310133, (консультант: Алменова Алия Амангельдиевна с. н 8 7001757070).

Нұр-сұлтан Қ., Б. Момышұлы даңғылы, 2/11 "Avenue" БО, 1 қабат, жұмыс телефоны 8(7172) 919 087, (консультант: Сейтжан Гүлбарам Серікжанқызы, 8 707 747 41 37 (whatsapp).

Шымкент қ., Ерімбетов к., 304г, "Заңғар" БО, 1 қабат, 8(7252)394994, (консультант: Балсугурова Майра, 8 708 931 3474).

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздердің назарларыңызға «сервистік қолдау» шеңберінде кәсіпкерлік қызметте дербес қолдануға арналған интерактивті оқу бейнероликтерін ұсынамыз.

Бейнероликтерге сілтеме  https://youtube.com/playlist?list=PLEdnrximKlo71oCG4CvWOEtpEBP9kR9ar

https://youtube.com/playlist?list=PLEdnrximKlo6xcEUbZHHXkjDAcvq6a5aT

2022 жылғы 6 сәуірде АҚШ Ресейдің екі банкіне – «Сбербанк» ЖАҚ және «Альфа-Банк» АҚ-ға қатысты санкцияларды кеңейтті. АҚШ Қаржы министрлігі Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) шешімімен бұл банктер және олардың еншілес ұйымдары, оның ішінде Қазақстанда орналасқан ұйымдары SDN (Specially Designated Nationals) тізіміне енгізілді, оның нәтижесінде АҚШ қаржылық мекемелерін қоса алғанда, АҚШ иелігіндегі немесе АҚШ тұлғалары бақылауындағы, немесе АҚШ юрисдикциясы шегіндегі барлық меншік және меншіктегі мүдделер бұғатталады және олар туралы OFAC-қа хабарлау қажет.

Бұдан басқа, бір немесе бірнеше бұғатталған адамға тікелей немесе жанама, жеке немесе жиынтығында, 50 немесе одан көп пайызға тиесілі кез келген адамның бүкіл мүлкі және мүліктегі үлестері де бұғатталады. Тиісінше, АҚШ тұлғаларына, оның ішінде АҚШ қаржылық мекемелеріне, егер бұл ұйымдар  OFAC-тан босатылмаса немесе уәкілеттік берілмесе, олармен операциялар жасауына тыйым салынған.

OFAC Альфа-Банкпен 2022 жылғы 6 мамырға дейін, Сбербанкпен 2022 жылғы 13 сәуірге дейін мәмілелер аяқтау мерзімін белгіледі.

Бұл екі банктің клиенттеріне АҚШ долларымен төлемдермен және аударымдармен операциялар қолжетімсіз болады. Бұл ретте клиенттер ұлттық валютадағы банкішілік операцияларды қандай да болмасын шектеусіз жүзеге асыра алады.

Атап айтқанда, Альфа-Банкке қатысты енгізілген санкциялар бірқатар уақытша шектеулерге әкелді. Банк жеке және заңды тұлғалар үшін АҚШ долларындағы және еуродағы аударымдарды тоқтата тұрды. Бұдан басқа, жеке және заңды тұлғалар үшін банкоматтар мен POS терминалдардың меншікті желісінен тыс Visa және MasterCard карталарының жұмысы тоқтатыла тұрды. Альфа-Банк уақытша жеке және заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақша алуға және аударым жасауға лимиттер енгізді, кредиттер беруді тоқтатты. Альфа-Банкті қоспағанда, басқа банктердің карталарымен заңды тұлғалар үшін POS-терминалдардағы төлемдерді қабылдау тоқтатылды.

Бұл ретте клиенттер банкоматтардан қолма-қол ақша алып, жедел төлем жүйесіне (ЖТЖ-не)  қатысушы банктерге телефон нөмірі бойынша мобильдік қосымшадағы ақшаны теңгемен және тәуліктік лимит шегінде басқа банктерге шот деректемелерін аудара алады. Коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс және басқа да қызметтер үшін төлемдер тәуліктік лимит шеңберінде штаттық режимде өтеді.

Жалпы алғанда, Ресейдің еншілес банктері клиенттер алдындағы міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындайды, оның ішінде салымдарға, кредиттерге қызмет көрсету, сондай-ақ ақша қаражатын қабылдау және беру. Бұл банктер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады, бұл азаматтар қаражатының сақталуына кепілдік береді.

Ресейдің еншілес банктеріне қатысты енгізілген санкциялар мен шектеулер Қазақстан банктерінің қызметіне байланысты емес және оларға әсер етпейді.

Қазақстанның банк секторы капиталдың және өтімділіктің елеулі қорына ие – 16 трлн теңге немесе активтердің 42,3%-ы, бұл банктерге ағымдағы сыртқы экономикалық күйзелістерді сіңіруге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың басынан бері банктердің жиынтық активтері 148 млрд теңгеге немесе 37,8 трлн теңге көрсеткішіне дейін 0,4%-ға өсті. Меншікті капитал 96 млрд теңгеге немесе 2,1%-ға өсіп, 4,6 трлн теңгені құрады.

ЕДБ капиталы мен өтімділігінің нормативтері заңнамада белгіленген ең төменгі мәндерден бірнеше есе асып түседі, бұл банктерге штаттық режимде жұмыс істеуге және халық пен корпоративтік клиенттер үшін үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз тарапынан, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторындағы ахуалды күнделікті мониторингтеуді жүзеге асырады және қажет болған жағдайда, сыртқы экономикалық тәуекелдердің қаржы нарығының тұрақтылығына ықпалын әлсірету үшін қажетті шаралар қабылдайды.

 https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/353345?lang=kk

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілі қолданысқа енгізілетінін хабарлайды.

Заңды жүзеге асыру үшін «электрондық қаржы орталығы»АҚ электрондық дүкенді анықтауға қойылатын талаптарды әзірледі, олар «Электрондық қаржы орталығы» АҚ веб-сайтында орналастырылған (https://ecc.kz/ru/post/priem-zayavok-11-01-2022), сондай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-порталында (https://www.goszakup.gov.kz/).

Мүдделі электрондық дүкендердің иелері өтінімдерді Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18, «Мәскеу» БО, 19 қабат, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ мекенжайына қолма-қол жіберуі тиіс. Анықтама телефоны: 91-90-90 (іш. 2116).

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын иелену байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды

Байқаудың негізгі мақсаты – отандық компанияны ынталандыру және экспортқа шығаруда сапасы жоғары өнімдерді «Ұлы дала елі» ортақ брендімен таныстыру, шетелдегі танымалдылығын арттыру.

«Ұлы дала елі» ортақ бренді Қазақстанның брендін халықаралық нарыққа шығарып отырған отандық үздік тауар өндірушілерге табысталады.

Байқауға қатысушылар келесі критерийлерге сай болулары қажет:

  • Экспорт көлемінің үлесі өнімнің бір түрінің жалпы өндірісі көлемінен 10%-дан кем емес;
  • Тауар өндіру, қызмет көрсетуде жергілікті қамту үлесі (кемінде 30%);
  • Халықаралық бизнес-қоғамдастықтарға мүше болу;
  • Лицензия, рұқсат, патенттердің болуы;
  • Халықаралық марапатар, дипломдардың болуы;
  • Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша (бизнесті жауапты жүргізу) қаржылай емес есептілікті жариялау тәжірибесінің болуы;
  • Сауда маркасының танымалдылығы, берілген портфолио бойынша комипанияның жағымды имджінің қалыптасуы (мақұлданады).

Байқауға жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады, оған қойылатын талап:

  • Нарықта кемінде 3 жыл қызмет атқаруы керек;
  • Таратылу кезеңінде емес, банкрот деп танылмаған;
  • Өтінімде дұрыс мәліметтерді көрсеткен;
  • Комиссияға кәсіпорынмен танысуға мүмкіншілік жасау (кәсіпорынның қаражаты есебінен).

Байқаудың өткізілу тәртібі:

  • Байқауға қатысуға ынталы компаниялар 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ережеге сай рәсімделген өтінім мен материалды (сканерленген) info@ulydalaeli.kz электронды почтасына жолдаулары керек;
  •  

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауды ұйымдастырушы ретінде 2021 жылғы 29 сәуірінде, 13 және 27 мамырында, 3,10, 17, және 24 маусымында сағат 14.30-ден 17.30-ға дейін «Алтын сапа» байқауының әлеуетті қатысушылары үшін вебинар өткізеді.

www.altynsapa.kz сайтында «Оқыту семинарлары» бөлімінде байқаулар бойынша бейне дәрістер орналастырылды. Байқауға қатысуға ниет білдірушілерге барлық бейне дәрістерді қарап, вебинарға қатысуды ұсынамыз.

Бейне дәрістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне сәйкес жасалған оқыту бағдарламасына сәйкес жазылған.

Бейне дәрістер келесі мәліметтермен таныстыруға бағытталған:

  • «Алтын сапа» байқауының нормативтік құқықтық негізіне;
  • байқауға қатысу үшін өтінім беру;
  • ұйымның өзін-өзі бағалау әдістемесі.

Тыңдаушылар ұйым қызметін модельдеу негіздерімен танысады, өзін-өзі бағалау бойынша есепті әзірлеу үшін қажетті білім мен мысалдар алады. Бейне дәрістер ақпараты тыңдаушыларға ұйымды диагностикалаудың тәсілдерін түсінуге, модельді практикада құрал ретінде нәтижелі қолдануға, үздік компаниялардың тәжірибесін зерделеуге, жақсартуды тәжірибеге енгізуге, сапа саласындағы байқауларға белсенді қатысуға ынталандырады.

Вебинарға altynsapa.kz сайтында өтінім берген «Алтын сапа» конкурсының әлеуетті қатысушылары қатыса алады. Өзіңізге ыңғайлы кез-келген күні бір рет қатыса аласыз.

Вебинарға қатысқысы келетіндерге сілтеме алу керек, оны алу үшін  вебинар басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын +7 701 925 14 64 телефон нөміріне WhatsApp-қа «вебинар» сөзін жазыу арқылы және/немесе сіздің өңіріңіздегі ӨКП жауапты тұлғасына хабарласу қажет. Өңірлердегі байқауларға жауапты тұлғалардың байланыстары (осында) жарияланған.

2021 жылдың 26 сәуірінен бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталатын болады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады, оның ішінде:

- ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

- мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

- сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар.

         Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Оқыту қорытындысы бойынша бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі.

Жоба шеңберінде оқыту үшін қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.

Өтініш беруші https://atameken.co сайтына электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тіркелу үшін және одан әру оқыту топтарына қабылдану үшін оқуға жолдамамен "Атамекен" ӨКП немесе оның аудандық және қалалық филиалдарына кеңес алуға жүгінеді.

Толық ақпарат алу үшін облысының аудандары мен қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына хабарласу қажет.

 

«Самұрық-Қазына» корпоративті университеті және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Samruk Qyzmet тегін маңсаптық интенсивтің басталуы туралы хабарлайды. 

Бес күн бойы (29 наурыздан бастап 2 сәуірге дейін) маңсапты құру бойынша онлайн-оқыту өтеді, оған әр қазақастандық қатыса алады. 

Жобаға қосылу үшін не істеу керек?
1)  https://lnkd.in/dBQfzie сайтынан тіркеуден өту
2)  «Қатысамын» түймесін басу
3)  «Аты-жөні» және  «e-mail» жолақтарын міндетті түрде дұрыс толтыру
- Барлық ақпарат Qsamruk.kz сайтында сіздің жеке кабинетіңізге және поштаңызға келеді. 
- Маңсаптық интенсив бағдарламасымен мына сілтемеден танысуға болады https://lnkd.in/dei5HFD

Құрметті кәсіпкерлер!

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Сізді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға шақырады.

Сіз қандай да бір салада белсенділік танытып, мұқтаждарға көмектескен болсаңыз, экологияны жақсарту, табиғатты қорғау және басқа да бағытта еңбек етіп, азаматтық позицияңызды көрсеткен болсаңыз, жобаға қатысуыңызды сұраймыз. 

Басқа кәсіпкерлерге үлгі болып, «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» бірі болуға мүмкіндігіңіз мол.

Жобаға қатысу үшін өтінім 2021 жылғы 22 ақпаннан 21 наурызға дейін қабылданады.

Ол үшін 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру керек және осы сайтта жобаға қатысты толық ақпарат бар.

«Атамекен» өңірлiк палаталар арқылы «100 жаңа есім» жобасына қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуы үшін ақпараттық қолдау көрсетіп отыр.

Құрметті кәсіпкерлер!

Жобаға қатысып, үздік жүздікке кiруге асығыңыз!

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – еліміздің кез келген өңірінде тұратын, Тәуелсіздік жылдарында елеулі табысқа қол жеткізген нақты адамдардың тарихы. Жоба алғаш рет 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылды. Биыл ол ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізіледі, осыған байланысты байқауға Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан және белгілі бір биіктерге жеткен жастар қатысуы өте маңызды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың басынан бері COVID-19 пандемиясына қарсы күресте көптеген отандасымыз өздерінің кәсіби және азаматтық парызын орындай отырып, жоғары кәсібилік пен өз ісіне адалдығын көрсетті.

Министрлік қазақстандықтар арасында отандастардың еңбегі мен жетістіктерін халыққа танытуды, көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар, еңбек пен табыстың бірегей тарихы бар азаматтарды, мысалы:

- дәрігерлер - үйге бармай артық жұмыс істей отырып, адамдардың өмірін құтқаруға ат салысқан тұлғалар;

- мұғалімдер - оқытудың жаңа тәсілдерін онлайн және офлайн оқыту форматта бейімдеп қолданғандар;

- кәсіпкерлер, еріктілер, табиғатты қорғау белсенділері - мұқтаж қазақстандықтарға үнемі қолдау көрсетіп, «көмек қозғалысын» өз мысалдары бойынша кеңейткен азаматтар, табиғатты сақтау мен елдің экологиясын жақсартуда белсенді азаматтық ұстанымы бар қазақстандықтар және т.б. ;

- IT мамандары – өмірдің түрлі саласының сандық форматқа жаппай көшуін, бірегей IT шешімдерін әзірлеушілер;

– коронавирустық инфекцияға қарсы қазақстандық вакцинаны зерттеуге және жасауға үлес қосқан ғалымдар және т.б. азаматтарды "Қазақстанның 100 жаңа есімі"  жобасына қатысу үшін үміткер ретінде ұсынуды сұрайды.

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздердің назарларыңызға ҚР Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірлегенін ( берілген) хабарлаймыз.

Қаржы министрлігі ұсынған өзгерістер байқау бағалық ұсыныс, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің қаржы тұрақтылығы көрсеткіштеріне әсер ететін критерийлерді қайта қарауға байланысты мемлекеттік сатып алуларды іске асыру ережелеріне қатысты.

Құрметті кәсіпкерлер, жобаны қарап, егер ұсыныстар болса, оларды «Атамекен» ҚР ҰКП Сатып алулар және жергілікті қамту департаментіне мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз a.alinova@atameken.kz.

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) осымен ҚР ҰКП Төралқасы Съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

ҚР ҰКП-ның Съезі 2020 жылғы 29 қазанда сағат 15.00 өтеді.

Съезді өткізу нысаны: бейне-конференцбайланысты (zoom) және онлайн дауыс беру жүйесін қолдана отырып, онлайн түрінде.

Онлайн түрінде өтетін Съезге қатысуға арналған сілтемелер толық нұсқаулықпен қоса, Съезд қатысушыларының электрондық мекенжайларына жолданатын болады.

Съезд қатысушыларын бейне-конференцбайланыста және онлайн дауыс беру жүйесінде тіркеу (авторизациялау) 2020 жылғы 29 қазанда сағат 13.00 басталады, 2020 жылғы 29 қазанда сағат 15.00 аяқталады.

Күн тәртібі:

  1. ҚР ҰКП Жарғысы мен Съездің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын ҚР ҰКП қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту туралы.
  3. ҚР ҰКП трансформациясы туралы.
  4. ҚР ҰКП Басқармасының өкілеттік мерзімін ұзарту туралы.
  5. ҰКП Ревизиялық комиссиясының жылдық есебін бекіту туралы.
  6. ҚР ҰКП Төралқасы жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау туралы.
  7. Басқа да мәселелер.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Съезд қатысушыларының атына электрондық байланыс арқылы Съезд өткізілетін күнге дейін қосымша жолданатын болады.

Анықтама телефондары: +7(7172) 91-93-00, 1432

Еншілес ұйымдар

Серіктестер