МЖӘ жобаларын іске асыруды мониторингілеу жөніндегі кеңес
МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ДЕГЕН НЕ?
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) – мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығының ұзақ мерзімді формасы
МЖӘ – тиісті шарттарда айқындалатын тәуекелдер, табыс пен шығындар, құқық пен міндеттерді теңгерімді бөлу шарттарында мемлекеттің жауапкершілігіне жататын салаларда мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің өзара тиімді ынтымақтастығы.
МЖӘ мақсаты: қоғамдық игіліктер мен қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру жолымен мемлекет пен жеке сектор арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру және күшейту.
МЖӘ міндеттері:
- мемлекеттік активтерді басқаруға жеке секторды тарту
- бюджетке түсетін жүктемені азайту
- инвестицияларды тарту
- мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының модельдерін кеңейту
«Мемлекеттік-жекменшік әріптестік туралы ҚР заңы
Жеке инвестицияларды тарту
№ |
Жоба атауы |
байланыс |
1. |
«Метеорология бойынша бағдарламалық-аппараттық кешенді және есептеу кластерін (суперкомпьютер) енгізу және бейімдеу» жобасы |
ҚР Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» РМК, Астана қ., Орынбор к-сі, 11/1.
8 (7172) 79-83-13
8-701-752-76-01 |
2. |
«Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратының жарықтандыру жүйесін жаңғырту және пайдалану» жобасы (қызығушылық білдіруге сұраныс) |
Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр д-лы, 32/1, каб. 1921,
телефоны +7 (7172) 75 46 03 |
3. |
«Мемлекеттік телерадиоарналардың басты технологиялық алаңын жаңғырту және техникалық сүйемелдеу» жобасы |
Мадрайымов Ғалым Ерланұлы, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары телефон: 55-39-77, 55-35-98, электрон мекенжайы: priemnaya@kmo.kz |
4. |
«Қазмедиа орталығы» ТРК технологиялық инфрақұрылымын жаңғырту және техникалық сүйемелдеу» жобасы |
Мадрайымов Ғалым Ерланұлы, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары телефон: 55-39-77, 55-35-98, электрон мекенжайы: priemnaya@kmo.kz |
5. |
«Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасы |
Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1 құрылыс, әкімдік ғимараты, 4 қабат, 429-кабинет.
Ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ.
Жағабаев Е. М., Жұпарбеков Б.,
8 (7242) 60-54-75,
8 (7242) 60-54-77,
Жаманбаев Г. У. 8 (7242) 26-23-65 ("Қорқыт Ата "Әуежайы"АҚ |
6. |
«Аттракциондарды орналастыру үшін Екібастұз қаласының 50 жылдығы саябағын жаңғырту шартымен сенімгерлік басқаруға беру»
|
«Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ, 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115. |
7. |
Алматы облысы Қарасай ауданының «Қаскелең «ҚС 220кВ ОРУ-110 кВ жалғаумен» Көкөзек «ҚС 110/10кВ құрылысы» жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі екі кезеңдік конкурсты өткізу туралы.
|
Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы |
Кәсіпкер МЖӘ жобасын мынадай жағдайларда бастамалай алады:
1. егер МЖӘ жобасына бастамашылық жасалатын объект оның меншік немесе ұзақ мерзімді жалдау құқығында болса;
2. егер МЖӘ жобасы әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік меншікті іске асырумен тығыз байланысты болса.
Жеке қаржылық бастама кезінде кәсіпкер:
1. әлеуетті Мемлекеттік әріптеске МЖӘ жобаларын жоспарлау мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы № 725 бұйрықпен бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша әзірленген МЖӘ жобасының тұжырымдамасын ұсынады.
2. әлеуетті мемлекеттік әріптес МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлерін, мемлекеттік қолдаудың сұратылатын шараларын көрсете отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарламаны күнтізбелік 30 күн мерзімге жариялайды;
3. МЖӘ жобасының тұжырымдамасы мемлекеттік әріптестің сараптамасынан өтеді;
4. мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының әлеуетті тараптары арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары туралы келіссөздер жүргізу;
5. мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартын жасау.
Жоспарланған МЖӘ жобасы шеңберінде басқа жекеменшік әріптестерден балама ұсыныстар болған жағдайда жекеменшік әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс тәсілімен айқындалады.
Жеке әріптеске қойылатын талаптар
Жеке әріптес:
1. құқықтық қабілетке және азаматтық әрекетке қабілеттілікке ие болу;
2. төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;
3. МЖӘ жобасы бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық, еңбек ресурстарының болуы;
4. банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, оның Қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;
5. соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылмауға тиіс.
Біліктілік талаптарына сәйкестікті растау үшін қажетті құжаттар
- шоттарда ақшаның болуын растайтын банктік анықтама,
- әлеуетті жекеменшік әріптестің меншік құқығы және жылжымайтын және жылжымалы мүліктің құны;
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің түпнұсқасы.
- соңғы қаржы жылындағы «негізгі құралдар» бухгалтерлік балансының баптарын таратып жазу;
- соңғы қаржы жылындағы дебиторлық және кредиторлық берешекті ашып көрсету. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыз шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;
- әлеуетті жекеменшік әріптестің төлем қабілеттілігі, таратылуға жатпайтындығы, оның мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, сот шешімінің негізінде соңғы үш жыл ішінде жасалған МЖӘ шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылмағандығы туралы кепіл-хат, заңды күшіне енген;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есепті де ұсынады;
- Жарғының нотариус куәландырған көшірмесі;
- тіркелген заңды тұлға туралы анықтама;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға кәсіпкердің жеке куәлігінің нотариус куәландырған көшірмелерін ұсынады;
- әлеуетті жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар, міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес бірнеше Екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.
- әлеуетті жекеменшік әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар, міндеттемелердің барлық түрі бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеменшік әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.
Кәсіпкер мемлекеттік бастама болған жағдайда МЖӘ-ге қатыса алады
Жекеменшік әріптесті айқындау жөніндегі байқауды өткізу туралы ақпарат облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Кәсіпкер мемлекеттік әріптес хабарлағаннан кейін МЖӘ жобасына қатысуға конкурстық өтінім береді.
Хабарламада конкурстық өтінімдерді беру күні, орны, мерзімі, уақыты, әлеуетті жекеше әріптестерді іріктеу өлшемшарттары, МЖӘ жобасы бойынша негізгі техникалық параметрлер көрсетіледі.
Конкурстық өтінім конкурстық құжаттамада белгіленген нысан бойынша жазбаша ресімделеді. Әлеуетті жекеменшік әріптестер құжаттарды оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін беттері нөмірленген және парақталған, тігілген түрде ұсынады. Соңғы беті әлеуетті жекеменшік әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетіле отырып, оның қолымен және мөр басылған «конвертте» куәландырылады.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін комиссия конкурс өткізеді. Комиссия ең жақсы өтінімді анықтайды, ал өтініш беруші жеңімпаз деп танылады.
Конкурстық комиссияның осы шешімі негізінде конкурсты ұйымдастырушы жекеменшік әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазымен МЖӘ шартын жасайды.
МЖӘ-ға:
- Байқауға қатыса отырып (мемлекеттік бастама болған жағдайда).
- Тікелей келіссөздер арқылы (жеке қаржылық бастама болған жағдайда) қатысуға болады.