Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі
ТУРСЫНОВА ЛЯНА АЛЕКСЕЕВНА
Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы
Турсынова Ляна Алексеевна 10.05.1958 жылы туылған. 1981 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетін аяқтаған. 1992 жылы Алматы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің «сауда экономикасы» мамандығын тәмамдаған.
Л.А.Турсынованың еңбек бағытындағы негізгі жұмысы қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру саласы. Оның еңбек жолындағы жетістіктері «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер», «Қоғамдық тамақтану саласындағы үздік кәсіпкер», «Ресторан бизнесіндегі үздік кәсіпкер», «БҚО өндірістік тауар» сияқты марапаттар аталып өтті.
Л.А.Турсынова басқарып отырған ұжым, Республикалық «Алтын дастархан» дипломымен марапатталып, үлкен күміс және алтын медальдерге ие болғанын атап өтуге болады.
Ұжымның Батыс Қазақстан облысы әкімінің де «Үздік кафе» «Сапалы қызмет» сияқты арнайы дипломдары мен марапаттары бар, яғни қоғамдық жұмыс пен кәсіпкерлік саласындағы белсенді жұмысы тиісті деңгейде аталып өтілуде.
«Отау-Алан» ЖШС-і ҚР экономика саласында жүргізілген ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша «Саласы үздігі-2014» номинациясы бойынша 1-ші орынды иеленді.
Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде, құқықтық сұрақтар мен жергілікті өзін-өзі басқару тұраұты комиссиясын басқарып келеді. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында саясикеңес мүшесі бола отырып, тұрғындарға, әсіресі медицина саласындағы қызметкерлерге карантиндік шаралар кезінде үлкен көмегін тигізгенін атап өту қажет. Оның еңбегін әлеуметтік-медицина саласының қызметкерлері үнемі айтып отырады.
Көптеген шаралары, БҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы ретінде жасалып келеді.
Бүгінгі күні, Л.А.Турсынова Өңірлік кеңес мүшесі, «БҚО қоғамдық тамақтану Ассоциациясы» жеке кәсіпкрелер мен заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы.
Әрдайым өзінің тәжірбиесімен әріптестер арасында бөлісіп отырады.
Еңбек жолында жеткен үлкен жетістіктерін ескере отырып, Турсынова Ляна Алексеевна ҚР Тәуелсіздік күніне орай, марапатына ұсынылады.
Оның кандидатурасы БҚО кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің отырысында талқыланып, ұсынылып отыр.
Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Кеңестің басты міндеті – іскерлік ортада белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіру. Кеңестің өз алдына қойған басты мақсаты – қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту.
Кеңестің міндеті:
-
Кәсіпкер әйелдің экономикалық белсенділігін ынталандыру;
-
Әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
-
«Іскерлік әрі әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін жоғарылату;
-
Әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашу, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамту жағдайында да жұмыс орнымен қамтамасыз ету;
-
Бизнес ортада гендерлік тепе-теңдік.


