«ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫС» ҚҰРАЛЫ
Құрметті Кәсіпкерлер, Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы Сіздерді «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға шақырады!
Жобаның мақсаты-халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету. Жоба екі кезеңнен тұрады.
1 кезең. Біліктілікті арттыру және кәсіпкерлікті жүргізудің қазіргі заманғы әдістеріне, маркетингке, бизнес-серіктестермен іскерлік байланыстар орнатуға үйрету бойынша тегін 3 апталық бизнес-тренингтер (шетелдік және отандық бизнес-тренерлер мен консультанттардың басшылығымен).
Оқыту бағдарламасы
Тренинг аяқталғаннан кейін:
• Бизнес-жоспарларды дербес пысықтау.
• Курстарды сәтті аяқтау туралы сертификат алу.
Қатысу шарттары:
1. Кәсіпорын мәртебесі: шағын немесе орта кәсіпкерлік;
2. Қатысушының лауазымы: кәсіпорынның орта буынының басшысынан немесе басшысынан төмен емес;
3. Ағымдағы қызмет: экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес болуы тиіс («Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасына 1-қосымша»);
4. Шығыстар: бизнес-тренингтер тегін жүргізіледі.
- кезең. Германиядағы 4 апталық тақырыптық бизнес-тағылымдама және шетелдік ұйымдармен іскерлік байланыстар орнату
әріптестермен төмендегі мәселелері бойынша:
- технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;
- тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өзара жеткізу;
- франшизалар мен лицензиялар сатып алу;
- халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу;
- бірлескен кәсіпорындар құру.
Тағылымдамаға қатысушыларды іріктеуді Қазақстан-Герман бірлескен комиссиясы жүзеге асырады және оған:
- үміткерлермен олардың тағылымдамаға қатысу мақсаты туралы әңгімелесу;
- жобалық тапсырманы бағалау;
- конкурстық құжаттаманы талдау.
Қатысу шарттары:
- Назарбаев Университетінде бизнес-тренингтерді (жобаның бірінші кезеңін) аяқтау туралы немесе "ШОБ топ-менеджментін оқыту" компоненті бойынша сертификаттың болуы;
- Қазақстаннан тағылымдамадан өту еліне және кері қайту үшін, сондай-ақ тұру үшін шығыстар қатысушы көтермейді. Қазақстаннан ұшып шығу орнына қатысушы өз бетінше жетеді.
Өтінім нысанын мына жерден көшіріп алуға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жай бойынша хабарласыңыз:
Алматы қ. Кәсіпкерлер Палатасы: Алматы қ., Жібек жолы д-лы, 135, қабат-8.
Байланыс телефоны: 8 (727) 33 101 33 ішкі.7557
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Алматы қ., Достық даңғ., 160. Байланыс телефоны: 8(727)3310133.