АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ
Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы.
Кеңестің басты міндеті – іскерлік ортада белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіру. Кеңестің өз алдына қойған басты мақсаты – қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту.
Кеңестің міндеті:
Кәсіпкер әйелдің экономикалық белсенділігін ынталандыру;
Әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
«Іскерлік әрі әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін жоғарылату;
Әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашу, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамту жағдайында да жұмыс орнымен қамтамасыз ету;
Бизнес ортада гендерлік тепе-теңдік.
Кеңес өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
- республикадағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру жүйесі туралы ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
- жаңадан кәсіптерін бастаған кәсіпкер әйелдерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, кеңестік және ақпараттық көмек көрсету;
- перспективалық бизнес-идеяларды, жобаларды қолдау;
- іскер әйелдердің экономикалық біліктілігін арттыру және олардың арасындағы іскерлік байланысты жақсарту;
- облыстардың, қалалардың және кәсіпорындардың экономикалық дамуының тиімді жолдары бойынша кәсіпқой кәсіпкер әйелдердің тәжірибесімен алмасу;
- қазақстандық және шетелдік кәсіпкер әйелдер арасында, оның ішінде қазақстандық және шетелдік кәсіпкер әйелдер арасындағы мәдени және экономикалық әріптестік мәселелері бойынша сындарлы диалог орнату;
- шетелдік іскер топтарда еліміздің кәсіпкер әйелдерінің оң имиджін қалыптастыру.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ
БАҒЫТЫ: КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫ Мақсаты: кәсіпкерлердің экспорттық және инвестициялық бастамаларын қолдау. Кәсіпкерлерді коммуникация, маркетинг, қаржы салаларында оқыту. |
||
1. |
ЕРАЛИЕВА Ақеркін Егембергенқызы |
Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы |
2. |
ШАЯХМЕТОВА Үміт Болатханқызы
|
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасы
|
3. |
ЖҰБАНИЯЗОВА Жанар Әділбекызы
|
Halyk life төрағасы
|
БАҒЫТЫ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА Мақсаты: әлеуметтік саладағы кәсіпкерлікті дамыту. Медициналық туризмді дамыту. Әлеуметтік кәсіпкерлік және денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру. |
||
4. |
КАН Светлана Олеговна
|
«Korean Medical Travel» ЖШС бас директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, таэквондодан қара белбеу иегері.
|
5. |
ҚАНАҒАТОВА Алмагүл Медихатқызы |
Қазақстанның Кәсіпкерлік университеттері қауымдастығының төрағасы, Almaty Management University президентінің кеңесшісі. Философия ғылымдарының докторы, доцент.
|
6. |
ЛИ Елена Эдуардовна |
«Dolce Pharm» компаниясының құрылтайшысы |
БАҒЫТЫ: ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ БАҚ Мақсаты: PR кампанияларын, баспасөз конференцияларын өткізу, қоғамның әлеуметтік осал топтары үшін қайырымдылық акцияларын өткізу. Балалардың, жалғызбасты аналардың, қарттардың құқықтарын қорғау бойынша іс-шаралар өткізу.
|
||
7. |
КАРАУЛОВА Әсел Әділқызы
|
Қазақстан баспасөз клубының президенті |
8. |
САЙЫН Аружан
|
«Мейірім» еріктілер қоғамы қорының директоры Қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса. «Аружан және компания» продюсерлік орталығының жетекшісі
|
БАҒЫТ: СӘН ЖӘНЕ ДИЗАЙН Мақсаты: жас дизайнерлерді қолдау, оқыту, сән индустриясы алаңдарын құру, іс-шаралар ұйымдастыру, жеңіл өнеркәсіптегі бастамаларды қолдау.
|
||
9. |
ТҰРЫСБЕК Айнұр Заутбекқызы
|
Дизайнер. Заң ғылымдарының докторы, профессор
|
10. |
АРАЛБАЕВА Сымбат Қабдылхамитқызы
|
«ASD Jewellry» брендінің және «CarloBay» сұлулық орталығының негізін қалаушы |
11. |
БЕРТАЕВА Жанель |
The Front Row, Kazakhstan Fashion Institute негізін қалаушы Mercedes-Benz Fashion Week Бас директоры
|
12. |
КИМ Ольга Вячеславовна |
Brosh, Athena және OlgaKim Jewellery брендтерінің негізін қалаушы, танымал Instagram блогері
|
13. |
АПЕНКО Инна Сергеевна
|
Mimiorikі Бас директоры |
БАҒЫТЫ: RESTO CLUB Мақсаты: қоғамдық тамақтандыру саласындағы жас кәсіпкерлерді қолдау және оқыту
|
||
14. |
ҮСЕНОВА Айзада Кубанышбекқызы |
«Social Coffee», «Urban Coffee», «Daily» кофеханалардың басқарушы директоры
|
15. |
БУГИМБАЕВА Шынар Шаймарданқызы
|
«Кағанат Сервис» компаниясының Бас директоры
|