astana-view

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ «Қазақстан – бизнес-идеялар жерұйығы» атты III Конгресінің ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ

«Қазақстан – бизнес-идеялар жерұйығы» атты

III Конгресінің

ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Біз «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі ІІІ Конгресінің қатысушылары өз қызметіне БҰҰ-ның A/RES/S-23/2 «Әйелдер 2000 жылы: ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік, ХХІ ғасырдағы даму және бейбітшілік» Декларациясын және Қазақстан Республикасы Парламенті 2016 жылы 23 қарашада қабылдаған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл Декларациясын негізге ала отырып,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылы 6 желтоқсандағы Жарлығымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып,

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі (ары арай – «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесі) қызметінің негізі ретінде «Қазақстан – бизнес-идеялар жерұйығы» атты осы Декларацияны жариялаймыз (ары қарай – Декларация).

I. Әйелдің қоғамдағы ролі

Әйелдер – отбасының ұйытқысы, ал отбасы қоғамның ең басты бөлшегі. Тиісінше бақытты әрі өзін-өзі танытқан әйелдер өмір сапасын және қоғамның барлық саласындағы тіршілік қарекетінің өндірімділігін анықтайды.

Әйелдің құндылық сапасы мен өзін-өзі бағалауының деңгейі отбасында бала тәрбиесінің сапасын алдын ала анықтайды, тиісінше әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы елімізде белсенді өмірлік ұстанымы бар және мемлекетті бизнесте ғана емес, білім, ғылым, технологиялық даму, мемлекеттік қызмет пен еліміздің өзге де бағыттарында алдыңғы орынға шығаруға ұмтылатын талапты жаңа ұрпақтың өсуіне ықпал етеді.

Қазақстан әйелдерінің зияткерлік даму деңгейі жоғары болып әрі жақсы білім алса, кез келген қолдау деңгейінде жоғары нәтижелілікті көрсетуге қабілетті.

Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы қоғам дамуының, әйелдердің қауіпсіздігін, құқығы мен заңды мүддесін қорғайтын мемлекеттік жүйе тиімділігінің маңызды көрсеткіші екеніне сенімдіміз.

Әйелдер кәсіпкерлігінің оң серпіні еліміздің экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ахуалды, сондай-ақ қоғамның тұрақтылығы мен өңірлік даму көрсеткіштерін жақсартуға ықпал ететіндігіне сенімдіміз.

 

II. Ағымдағы жағдай және жетістік 

Бүгінде Қазақстан әйелдері мемлекеттің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосып отыр. Қыз-келіншектер еліміздегі түрлі салаларда, оның ішінде мемлекеттік қызмет, ғылым, жеке бизнес, білім беру мен медицинада еңбек етеді.

ҚР Парламенті Мәжілісінде әйелдердің алып отырған үлесі 2016 жылы 27,1%-ға жетті. Ресми мәліметке сәйкес, елімізде мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін әйелдердің саны 55%.

Бизнестің дамуында әйелдердің қатысуы мен үлесі әрдайым өсіп келеді. ҚР Статистика комитетінің мәліметінше жеке кәсіпкерлердің 47%-ын әйелдер құрайды, заңды тұлғалардың - 26%, шаруа және фермерлік шаруашылықтардың 19%-ын әйелдер басқарады. Бүгінде Қазақстанның ЖІӨ 40%-ын әйелдер қалыптастырады.

Әйел-кәсіпкерлердің бірігуі қажеттілігіне сенімді бола отырып, «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесі 2015 жылдан бастап жұмыс істеген уақытта 16 өңірлік кеңес және  аудан орталықтарында 170 кеңес құрылды, оны табысты әйелдер басқарып отыр.

 

III. Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың міндеттері

Нақты істерде біздің ортақ құндылықтарымызды жүзеге асыру үшін біз аса мән беретін негізгі міндеттерді және оны жүзеге асырудағы әрекеттерімізді анықтадық.

«Атамекен» Іскер әйелдер кеңесі өз алдына мына міндеттерді қойды:

1. Толық қолдау көрсетуге және Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін саясаткер, мемлекеттік қызметкер, ғалым, білім беру және медицина,  бизнес пен ҮЕҰ саласының қызметкерлері қатарынан табысты әйелдердің әлеуетін шоғырландыру;

2. Қаржыландыру, инвестициялауды тарту механизмдерін және әйелдер кәсіпкерлігі бизнес-мүмкіндіктерін кеңейтудің басқа құралдарын құру.

3. Әйелдер кәсіпкерлігі жобаларын жүзеге асыру. 

IV. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша іс-әрекеттер жоспары

1) «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесі қойған міндеттерге сәйкес әйелдердің өңірлік және салалық ұйымдарын, Әйелдер құқығын қорғау жөніндегі кеңесті, әйелдер қауымдастықтарын біріктіру керек деп есептейміз.

2) «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесі орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін әйелдер кәсіпкерлігін өңірлерде және салаға қарай бөле отырып дамыту мәселесінде стратегиялық Серіктес болатынына сенімдіміз

3) ҚР «Қоғамдық кеңес туралы» заңына сәйкес біздің өкілдерімізді орталық атқару органдарының және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жанындағы Қоғамдық кеңестерге енгізуді жоспарлап отырмыз.

4) «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ары қарай – «Атамекен» ҚР ҰКП) Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Тапсырмасы бойынша Үкіметпен бірлесіп, елімізде бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалардың рейтингісін жүргізу жұмысын атқарады. Біз бұл рейтингтің жүйесіне мемлекеттік органдар мен институттардың әйелдер кәсіпкерлігін қолдауды бағалауы бойынша өңірлер мен салалардың ахуалын дайындаймыз әрі енгіземіз. Аталған рейтингтің негізінде біз әйелдердің бизнес-бастамаларын ынталандыру жүйесін құруды жоспарлап отырмыз.

5) Біз кәсіпкер-әйелдер – ҚР Үкіметімен, ҚР Парламентімен, өзара іс-қимыл бойынша «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері үшін жариялық саясат құралдары, жобалық басқару, инвестиция тарту бойынша арнайы курстар ашамыз. Сонымен қатар аталған мәселелер бойынша әдістемелік құралдары шығаруды жолға қоямыз. Бұл шаралар «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесінің әлеуетін арттыруға бағытталған.

6) «Атамекен» ҚР ҰКП өңірлік және салалық құрылымы базасында барлық өңірде әйелдер кәсіпкерлігін атқару бойынша ресурстық орталықтарды ашамыз, бұл орталықтар кәсіпкер әйелдерді оқыту орталығы қызметін қоса атқаратын болады.

7) «Әйелдер кәсіпкерлігінің 10 жобасы» байқауын жариялаймыз.

8) «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесі гендерлік саясаттың жүзеге асыру және Қазақстан әйелдерінің бизнес-мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерінде  тәжірибе алмасу үшін және еліміздің және «Атамекен» ҚР ҰКП жетістігін тарату мақсатында ШЫҰ, БҰҰ, ДСҰ, ЭЫДҰ халықарылық ірі ұйымдарда және шетелдік ірі әйелдер бизнес-ұйымдарында өз өкілдіктерін ашуды жоспарлап отыр.

 

V. Қорытынды

Біз Қазақстандағы қыз-келіншектерді әйелдер кәсіпкерлігін дамыту қозғалысына қосылуға шақырамыз,

Біз Қазақстанның барлық азаматын әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға барынша көмек көрсетуге шақырамыз.

Әйелдер – ерлерге шабыт сыйлаушы, балаларға үлгі боларлық тұлға және өзін өзі қадірлеудің қайнар бұлағы!

Астана қаласы, 12 маусым 2017 жыл

Еншілес ұйымдар

Серіктестер