astana-view

2014 жылғы міндетті мүшелік жарна

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 2014 жылға арналған міндетті мүшелік жарналар туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жыл 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналарды төлеу ережесін бекіту туралы»  №1555 қаулысының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының шешімімен (2014 жыл 29 қаңтардағы №1 Хаттама) Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына

2014 жылға арналған міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітілді:

1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын және бір жарым миллион еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

2) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы бір жарым миллион еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына төрт мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

2014 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Топ Жылдық жиынтық табыс, АЕК (2013 жылғы АЕК)*   2013 жылдағы жылдық жиынтық табыс (теңгеде)

Жарналар мөлшері

(2014 жылда АЕК-те)**
бастап дейін бастап дейін МРП тенге
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының            29-бабы 2-тармағының                   2) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері 60 000 1 500 000 103 860 000 2 596 500 000 160 296 320
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             29-бабының 2-тармағы                    3) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері 1 500 000   2 596 500 000   4 400 8 148 800

** 2014 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 1 852 теңге, *2013 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 1 731 теңге.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер