astana-view

ЭКСПОРТТАУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА

2018 жылдан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  мемлекеттік бағдарлама аясында экспорттаушыларға көмек көрстеу бойынша келісімдерге қол қойды, бағдарламада отандық өңделген тауарларды шығарумен айналысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу қарастырылған.

Жарнамалық өнім, шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелер мен фестивальдарға қатысуға, сондай-ақ жарнамалық каталогтарды әзірлеуге және таратуға байланысты шығындар өтелетін болады. Бұдан басқа, шетелдердегі өкілдікті, сауда нүктесін немесе қойманы ұстауға, тауар белгілерін тіркеу және өнімді сертификаттау жөніндегі рәсімдерді жүргізуге арналған соманың бір бөлігі өтеледі.

 Кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдау екінші тоқсанда басталады. Өтінімдерді жұмыс тобы мен ведомствоаралық комиссия қарайды, соның негізінде кәсіпкермен қаражат аудару туралы келісім жасалады.

Сол сияқты, «Атамекен» ҚР ҰКП-да Қазақстанның сыртқы сауда палатасының (ССП) еншілес ұйымы жұмыс істейді. Оның міндеті – сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнестің мүдделерін білдіру.

 Бүгінгі күні Қазақстанның сыртқы сауда палатасына қойылған міндеттер шеңберінде бірнеше іс-шаралар өткізу жоспарланған. Оның ішінде: түрлі халықаралық көрмелер мен конференцияларды ұйымдастыру және қатысу, ақпараттық қолдау көрсету, консалтингтік қызметтер, экспорт және импорт мәселелері бойынша ақпаратты жинау, талдау және тағы басқалар.

Бизнес өкілдері үшін халықаралық сарапшылардың қатысуымен бірқатар семинарлар жоспарланған. Сондай-ақ отандық тауарлар мен қызметтердің экспорты мәселелеріне арналған оннан астам вебинар бар. Бұл онлайн-семинарлар бизнеске өндірістен қол үзбей экспорт туралы барлық қажетті ақпаратты және халықаралық саудаға қатысты басқа да көптеген мәселелерді алуға мүмкіндік туғызады.            

Сонымен қатар, ағымдағы жылға 15 сауда миссиясын өткізу жоспарланған. Сауда миссиялары шеңберінде отандық компаниялар үшін шетелдік серіктестерді іздеу алаңдары құрылуда. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, отандық кәсіпорындардың шетелдік сауда миссияларына қатысуы өндірілетін тауарлар мен қызметтер экспортының географиясын кеңейтеді. Оның нақты мәліметтерін мына кестеден көре аласыздар.

 Бизнес өкілдерінің хабардарлығын арттыру үшін «Қазақстанның экспорттық өнімі» электрондық анықтамалығы дайындалады және өңдеуші салалардың қазақстандық экспорттаушылары мен шетелдік сатып алушыларға арналған портал іске қосылады. Тағы бір маңызды жаңалық: осы жылдан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП экспорттаушылардың өтінімдері бойынша шетелдік нарыққа талдау жүргізеді.  Осы мақсатта Ұлттық палата мен ҚР ИДМ тиісті келісім жасасты. Бұл әлеуетті экспорттаушылар қазақстандық өнімге қандай елдер қызығушылық танытатыны және қай елдің нақты қайсы компаниясы екені туралы өзекті ақпарат ала алатынын білдіреді. Соның нәтижесінде бизнес таяу болашақта қандай тауарларды тиімді шығаруға болатынын болжай алады. Ең бастысы, ақпарат Қазақстан өңірлері бойынша да, басқа елдер деңгейінде де қолжетімді.

Барлық сұрақтар бойынша экспорттаушылар «Атамекен» ҚР ҰКП байланыс орталығының -1432 қысқа номеріне хабарласа алады.

Қазақстандық экспорттаушыларға арналған портал - www.export.gov.kz

Экспорттық-саудалық қаржыландыру

Аванстық төлемдерді қайтару бойынша экспорттаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

KazakhExport «Экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ қаржы лизингін ерікті сақтандыру»

Қарыздарды ерікті сақтандыру. Банктік төлем кепілдіктерін сақтандыру

Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу

Отандық өңделген тауарларды ілгерілетуде бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін, оларды жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесін өтеу

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер