Отандық өңделген тауар шығаратын индустриалды-инновациялық қызмет субъектеріне шығындардың белгілі бір бөлігінің орны толтырылады. Отандық өңделген тауар(немесе олардың өнімдерін тарататын еншілес компаниялар)(бұдан әрі - индустриалды-инновациялық қызмет субъектері) тізіміне енген сатылымдар бойынша индустриалды-инновациялық қызмет субъектеріне шығындардың белгілі бір бөлігінің орны толтырылады(бұдан әрі - тізім).
Индустриалды-инновациялық қызмет субъектеріне шығындардың 50%-ы қайтарылып, осы арқылы қолдау көрсету жүзеге асады.
Орны толтырылатын шығындар түрі:
-
Отандық өнімдерді шетелде жарнамалауға жұмсалған шығындар:
Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар – төменде көрсетілген шығындар:
Шетелде жарнама үшін бұқаралық ақпарат құралдары (баспа, телеарна, радио), маманданған және жарнама журналдары мен каталогтарға шығындар;
Шетелде жарнама үшін қоғамдық орындарда (баннер, қоғамдық көліктердің сыртында жарнама ілу, аудио-видеоролик, лайтбокстар), қоғамдық көліктерде ілінетін жарнамаға шығындар;
Жарнамалық ақпараттар және аудио-видеороликтер дайындауға, жарнамалық құрал-жабдықтарға арналған шығындар;
-
Шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысу үшін кететін шығындар
Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар – төменде көрсетілген шығындар:
Тіркеулік жарналарды төлеу шығындары;
Көрмелік аймақтарды жалдау шығындары;
Көрмелік стендтарға монтаж/демонтаж жасау, қосымша жабдықтарды алу немесе жалдау шығындары;
Көрмелік аймақтарды әзірлеу, безендіру және дизайн дайындау шығындары;
Жарнамалық, таратылатын ақпаратты әзірлеу, аудару, дизайнын дайындау шығындары;
Көрмеге қатысатын индустриалды-инновациялық қызмет субъектерінің екі қызметкерін аз шығын келтіретін санатпен ұшақ арқылы жолын өтеу шығындары;
Көрмеге қатысатын индустриалды-инновациялық қызмет субъектерінің екі қызметкерін орналасқан қонақ үйінің шығынын өтеу. Шетелдік көрмелерге қатысатын индустриалды-инновациялық қызмет субъектері қызметкерлерінің АҚШ доллары мен еврода (бір қызметкерге шаққанда) көрсетілген қонақ үй жалдау көлемін шектік көрсеткішінен аспайтын шығындарын төлеу. Қызметкерлердің тұрақтау уақыты 5 тәуліктен аспайтын, 1 қосымшада көрсетілген барлық Ережелерге сай орындалуы керек;
-
Каталогты дайындау мен шығару:
Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар – төменде көрсетілген шығындар: шетелде таратуға арналған арнайы каталогты басып шығару, шетел тіліне аудар, дайындауға байланысты барлық жұмыстарды жүргізу үшін шығындар;
-
Шетелде орналасқан қойма, сауда нүктесі, уәкілдік ету орнына арналған шығындар;
Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар:
Уәкілдіктің жұмыс орнын жалға алу үшін шығындар;
Сауда орындары мен қойманы жалға алу үшін шығындар;
-
Өнім мен тауар белгісін шетелде тіркеуге байланысты, орындалатын барлық шараларды өткізу үшін шығындар:
Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар:
Өнімді шетелде тіркеуге байланысты шығындар;
Тауар белгісін (бренд) шетелде тіркеуге байланысты шығындар;
-
Тауарды шетелде сертификаттауға байланысты өткізілетін рәсімдердің шығындары:
Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар:
Тауарды шетелде сертификаттауға байланысты шығындар;
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің 2015 жылдың 30 қарашасынан шыққан №1128 қаулысына сәйкес өтініш берушілерге талаптар мен қажет құжаттар тізімі бекітілді.
Қосымша ақпарат:
Бұл бағдарламаға қатысу бойынша кеңес алу үшін төменде көрсетілген нөмірге хабарласа аласыздар:
+7 (7172) 919350 (ішкі байланыс 1918)