astana-view

Бизнесті қорғау

Бизнестің құқығы мен оның мүддесін жан-жақты қорғау ҚР «Атамекен» Ұлттық палатасының басты қызметінің бірі. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін ҰКП құрылымында кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаменті, 16 аймақтық кәсіпкерлерді қолдау палаталарында құқық қорғау, қоғамдық мониторинг және мемлекеттік органдармен ықпалдастық бөлімі құрылды, аймақтық палаталарда заңгер-сарапшылар жұмыс істейді.

Палатаның бастамасымен кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі құрылды. Ұлттық палата жанындағы кеңеске депутаттар, заңгер-тәжірибешілер, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен БАҚ өкілдері кіреді. Кеңес құрылған бастапқы кезеңде Кеңесті Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ҚР Парламент сенатындағы сол кездегі өкілі Ғани Қасымов басқарып келді. қазіргі кезде Кеңеске Қайырбек Сүлейменов төрағалық етеді.

Кеңестің ай сайынғы отырысында бизнес субъектілерінің заңдарын шектеуге қатысты нақты жағдайларды шешу жолдары талқыланады. Хаттамадағы кеңес шешімдері алдағы уақытта өзге кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кезінде қолданылады. Бизнестің мүддесін қорғау үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Бас прокуратурасы арасында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылып, бірлесіп атқаратын шаралар жоспары жасалған.

Бизнестің мүддесін қорғау үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Бас прокуратурасымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жоспарда төмендегі мәселелер қарастырылған:

  • Кәсіпкерлердің жүгінімдері бойынша туындаған мәселелерді шешудің біріңғай жүйесін жасау үшін жұмыс тобын құру.
  • Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Мықты бизнес-мықты Қазақстан» жобасын жасау және жүзеге асыру.
  • Кәсіпкерлердің мәселелер картасын жасау.
  • және өзге де шаралар

Осыған ұқсас прокуратура органдарымен бірлесіп жасалған құжатқа облыстарда, Астана және Алматы қалаларында да қол қойылды.

Енді кез келген кәсіпкер бизнесті жүзеге асырып отырған аймағына қарамастан заңдық тұрғыдағы мәселелері бойынша видеоконференция арқылы Баспрокуратураның бірінші басшылары мен облыс прокурорларымен тікелей байланыса алады. Әріптестік жөніндегі меморандум аясында ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (қаржы полициясы) де әріптестік орнатылды. Қаржы полициясы өкілдерімен бірлесіп республиканың барлық өңірлерінде жұмыс тобы құрылуда. Осылайша, Ұлттық палата бизнесті жүйелі негізде қорғауды жүзеге асыруға қажетті барлық жағдайды жасады. 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер