ХАБАРЛАНДЫРУ-2020
Көше сауда объектілерін және (немесе) қызметтерді орналастыру үшін жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама
«Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамы көше сауда объектілерін және (немесе) қызметтерді орналастыру үшін жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау басталғандығы туралы хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 16.11.2020-27.11.2020 ж.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі:
Нұрсәт шағын ауданы, №131 көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ (22-330-050-121), ауданы 0,0009 га;
Нурсат шағын ауданы, аумағы 0,0016 га, No 96 көп қабатты тұрғын үйдың жанында (22-330-050-135);
Нурсат шағын ауданы, №121 үйдің алдында (22-330-050-123), ауданы 0,0009 га;
Нурсат шағын ауданы, №134 көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ (22-330-050-118), ауданы 0,0016 га;
Нурсат шағын ауданы, №132 көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ (22-330-050-122), ауданы 0,0016 га;
16 шағын ауданы, №17 көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ (22-329-007-084), ауданы 0,0012 га;
16 шағын ауданы, №2 үйдың жанында, (22-329-007-088), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, №24 үйдің жанында (22-329-008-069), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, «Атлант» аялдамасының (22-329-008-064), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, «Атлант» аялдамасы (22-329-008-061), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, №37 үйдың жанында (22-329-008-060), ауданы 0,0016 га;
Мотросова көш., № 23 балабақшаның аумағы (22-327-064-058), ауданы 0,0061 га;
Гагарина көш., аялдаманың жанында (22-327-064-059), ауданы 0,0012 га;
Гагарина көш., «Аль Акрам» дүкенің жанында (22-327-040-025), ауданы 0,0009 га;
Құрманбеков көш. бойында (22-327-064-057), ауданы 0,0011 га;
8 шағын ауданы, №8 үйдың жанында, (22-327-062-097), ауданы 0,0009 га;
Қазына көш., «Самал» дүкенінің жанында (22-327-028-031), ауданы 0,0009 га;
Аргынбеков көш., «Аяжан» дүкенінің жанында (22-327-009-207), ауданы 0,0009 га;
18 шағын ауданы, №16 үйдің жанында (22-329-006-116), ауданы 0,0016 га;
18 шағын ауданы, №18 үйдің жанында (22-329-006-117), ауданы 0,0016 га;
11 шағын ауданы, №97 үйдің жанында (22-329-014-076), ауданы 0,0025 га;
Уалиханов и Шаяхметов көшелерінің қиылысында (22-329-009-070), ауданы 0,0016 га;
12 шағын ауданы, №54 үйдің жанында (22-329-009-069), ауданы 0,0025 га;
12 шағын ауданы, Уалиханова көш., 217А үйдің жанында, (22-329-009-066), ауданы 0,0025 га;
Нурсат шағын ауданы «Жасат» дәріхананың жанында, (22-330-050-128), ауданы 0,0009 га.
Жер учаскелерінің орналасқан жерін «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамының http://openspk.kz/ ресми сайтынан білуге болады.
Ескерту:
1. Кәсіпкер көшедегі сауда және (немесе) қызмет көрсету нысанының құрылысын өз есебінен жүзеге асырады (күрделі емес құрылым немесе уақытша жеңіл ғимарат болуы тиіс);
2. Кәсіпкер инженерлік инфрақұрылымның құрылысын өз есебінен жүзеге асырады;
3. Кәсіпкер өз есебінен көшедегі сауда және (немесе) қызмет көрсету нысанының коммуналдық қызметтері үшін қызмет көрсетушілермен келісімшарттар жасайды.
Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке кәсіпкер ретінде Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар.
Конкурсқа қатысу үшін 10 жұмыс күні ішінде (2020 ж. қараша айының 16 күні сағат 09.00-ден бастап қараша айының 27 күні сағат 18-00-ға дейін) Фронт-офиске (мекен жайы: Шымкент қ., Ерімбетов көшесі, №304 Г, 1 қабат, «Заңғар» бизнес орталығы) келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) Өтініш (өтініш формасын «Shymkent Invest» Фронт-офисінің қызметкерлері ұсынады);
2) Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаның басшысына тағайындау туралы бұйрық қажет);
3) Қызмет түрлері бойынша жеке кәсіпкер/заңды тұлға ретінде тіркеу туралы куәліктің/хабарламаның көшірмесі;
4) Сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірме (өкілдің талабы бойынша);
5) Өтініш берген кезде салықтық берешектің және басқа да міндетті төлемдердің жоқтығы туралы анықтама;
6) Кәсіпкердің қызмет көрсететін Банктен көшедегі сауда нысанын және қызметтерді орнатуға және рұқсат құжаттарды рәсімдеу үшін (инженерлік инфрақұрылымың қосуға) қажет қаражаттың болуы туралы әрбір жер учаскесіне кемінде 1 000 000 (бір миллион) теңге сомасында анықтама (мысалы, кәсіпкер 2 жер учаскесіне өтінім білдірсе, есепшотында кемінде 2 000 000 теңге болу қажет);
7) Жобаның бизнес-жоспары;
8) Лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген көше сауда объектісі мен қызметтерінің эскизі (эскиздік жобасы) (көше сауда объектісінің және (немесе) қызметтердің (сыртқы бөлігінің дизайны шарт жасасқанға дейін конкурс ұйымдастырушысымен келісілген);
9) Тауар өндіруші мәртебесінің бар екендігін растайтын құжат (бар болса);
10) Франчайзингтің бар екендігін растайтын құжат (бар болса).
Комиссия отырысының өтетін күні http://openspk.kz/ сайтында «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланады. Сонымен қатар, «1000 сауда нүктелері» жобасы туралы жаңалықтарды Instagram-да @spk_shymkent ресми парақшасы арқылы бөлісіп тұрамыз.
Өтініштер және консультациялар төменгі мекен жай бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Еримбетов көшесі, 304/Г, «Заңғар» бизнес орталығы 1-қабат,(Фронт-офис «Shymkent Invest»).
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 16.11.2020-27.11.2020 ж.
Байланыс телефондары: 8 (7252) 39-11-77, sayat.ualiev@gmail.com
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Тарихи-мәдени кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны туралы мәлімет
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Тарихи-мәдени кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі - Кәсіпорын) қызметінің мәні мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларын насихаттау және тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым, техника, эстетика, этнология, антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан қызығушылық туғызатын, тарихи процестер мен оқиғалар нәтижесінде пайда болған, өздерімен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым, техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын объектілерді сақтау, оқып білу, көпшілікке ұсыну болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, қайта жаңғырту, сақтауды, кеңінен танытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорын мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызметтің түрлерін жүзеге асырады:
1) мұражайлық заттарды анықтауға және жинауға, оларды оқып білуге, мұражайлық құралдарды насихаттауға және жария етуге бағытталған экспедиция, археологиялық дала зерттеулерін ұйымдастырады;
2) арнайы жабдықталған жайларда мұражай топтамаларын толықтырады, қорларды жинақтайды, есеп жүргізеді, заңнамада белгіленген тәртіпте оларды сақтау бойынша шараны қатаң сақтайды;
3) мұражайлық және кітапханалық қорларда және мұрағаттарда бар өлке тарихымен байланысты материалдарды зерделейді;
4) мұражайдың ғылыми мұрағатын қалыптастырады және ғылыми кітапхананы әдебиеттермен, ғылыми-әдістемелік басылымдармен жинақтайды;
5) экспозицияларды және көрмелерді алады;
6) шаруашылық қызметтi жүзеге асыру арқылы кiрiстер табу.
Кәсіпорынның құрылтайшысы - Шымкент қаласының әкімдігі.
«Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамы көше сауда объектілерін және (немесе) қызметтерді орналастыру үшін жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау басталғандығы туралы хабарлайды.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі:
Нурсат шағын ауданы, №205 көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ (22-330-050-117), ауданы 0,0016 га;
Нұрсәт шағын ауданы, №131 көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ (22-330-050-121), ауданы 0,0009 га;
Нұрсәт шағын ауданы, «Сәдіхан» әлеуметтік дәріханасының жанынан (22-330-050-124), ауданы 0,0009 га;
Нұрсәт шағын ауданы, Т.Назарбекова көш, №18 үйдің жанынан (22-330-050-127), ауданы 0,0028 га;
Нұрсәт шағын ауданы, көш. Т.Назарбекова, No 214 үйдің жанында (22-330-050-130), ауданы 0,0009 га;
Нурсат шағын ауданы, №74А үйдің қасында (22-330-050-131), ауданы 0,0009 га;
Нурсат шағын ауданы, №124 үйдің алдында, Қамқордың қасында (22-330-050-133), ауданы 0,0015 га;
Нурсат шағын ауданы, аумағы 0,0016 га, No 96 көп қабатты тұрғын үйдың жанында (22-330-050-135);
Нурсат шағын ауданы, №74 үйдің жанында (22-330-050-134), ауданы 0,0009 га;
Нурсат шағын ауданы№74 үйдің жанында (22-330-050-120), ауданы 0,0009 га;
Нурсат шағын ауданы, «Sabi-7» балабақшасының жанында (22-330-050-126), ауданы 0,0009 га;
Нурсат шағын ауданы, Гросетто көш. н/ү (22-330-050-136), ауданы 0,0009 га;
Нурсат шағын ауданы, «Жасат» дәріханасының жанында (22-330-050-128), ауданы 0,0009 га;
Нурсат шағын ауданы, №216 үйдің алдында (22-330-050-119), ауданы 0,0009 га;
Нурсат шағын ауданы, №121 үйдің алдында (22-330-050-123), ауданы 0,0009 га;
Нурсат шағын ауданы, №134 көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ (22-330-050-118), ауданы 0,0016 га;
Нурсат шағын ауданы, №132 көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ (22-330-050-122), ауданы 0,0016 га;
16 шағын ауданы, №17 көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ (22-329-007-084), ауданы 0,0012 га;
16 шағын ауданы, №2 үйдың жанында, (22-329-007-088), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, №24 үйдің жанында (22-329-008-068), ауданы 0,0006 га;
Күншығыс шағын ауданы, №24 үйдің жанында (22-329-008-067), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, №24 үйдің жанында (22-329-008-069), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, «Атлант» аялдамасының жанында (22-329-008-062), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, «Атлант» аялдамасының (22-329-008-064), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, «Атлант» аялдамасының (22-329-008-071), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, «Атлант» аялдамасы (22-329-008-061), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, №46 үйдың жанында (22-329-008-066), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, №39 үйдың жанында (22-329-008-065), ауданы 0,0012 га;
Күншығыс шағын ауданы, №37 үйдың жанында (22-329-008-060), ауданы 0,0016 га;
Кремлевская көш., №52 үйдың жанында (22-327-071-085), ауданы 0,0012 га;
Мотросова көш., № 23 балабақшаның аумағы (22-327-064-058), ауданы 0,0061 га;
Гагарина көш., аялдаманың жанында (22-327-064-059), ауданы 0,0012 га;
Гагарина көш., «Аль Акрам» дүкенің жанында (22-327-040-025), ауданы 0,0009 га;
Құрманбеков көш. бойында (22-327-064-057), ауданы 0,0011 га;
Аскаров көш., №41 үйдың жанында (22-327-063-068), ауданы 0,0009 га;
Октябрь көш. бойында (22-327-062-099), ауданы 0,0009 га;
8 шағын ауданы, №17А үйдың жанында, (22-327-062-098), ауданы 0,0009 га;
8 шағын ауданы, №8 үйдың жанында, (22-327-062-097), ауданы 0,0009 га;
Рыскулов көш., «Жарылқасын» сауда орталығының жанында (22-327-045-074), ауданы 0,0020 га;
Рыскулов көш., «Ерасыл» сауда орталығының жанында (22-327-045-073) ауданы 0,0015 га;
Қазына көш., «Самал» дүкенінің жанында (22-327-028-031), ауданы 0,0009 га;
Аргынбеков көш., №87 мектептің алдында (22-327-009-208), ауданы 0,0022 га;
Аргынбеков көш., «Аяжан» дүкенінің жанында (22-327-009-207), ауданы 0,0009 га;
18 шағын ауданы, №16 үйдің жанында (22-329-006-116), ауданы 0,0016 га;
18 шағын ауданы, №18 үйдің жанында (22-329-006-117), ауданы 0,0016 га;
Рыскулов және Шаяхметов көшелерінің қиылысында (22-329-005-118), ауданы 0,0006 га;
Сайрам көш., қалалық емхананың жанында (22-329-004-096), ауданы 0,0025 га;
11 шағын ауданы, №97 үйдің жанында (22-329-014-076), ауданы 0,0025 га;
12 шағын ауданы, Уалиханов көш., №217А үйдің жанында (22-329-009-066), ауданы 0,0025 га;
12 шағын ауданы, Уалиханов көшесі (22-329-009-068), ауданы 0,0025 га;
Уалиханов и Шаяхметов көшелерінің қиылысында (22-329-009-070), ауданы 0,0016 га;
12 шағын ауданы, №54 үйдің жанында (22-329-009-069), ауданы 0,0025 га.
Ескерту:
1. Кәсіпкер көшедегі сауда объектісінің құрылысын өз есебінен жүзеге асырады (күрделі емес құрылым немесе уақытша жеңіл ғимарат болуы тиіс);
2. Кәсіпкер инженерлік инфрақұрылымның құрылысын өз есебінен жүзеге асырады;
3. Кәсіпкер өз есебінен көшедегі сауда объектісінің және (немесе) қызметтердің коммуналдық қызметтері үшін қызмет көрсетушілермен келісімшарттар жасайды.
Конкурсқа келесілер қатысуға рұқсат етіледі:
1)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке кәсіпкер ретінде Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке тұлғалар;
2)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар.
Конкурсқа қатысу үшін 10 жұмыс күні ішінде (2020 ж. қыркүйек айының 28 күні сағат 09.00-ден бастап қазан айының 09 күні сағат 18-00-ға дейін) Фронт-офиске (мекен жайы: Шымкент қ., Ерімбетов көшесі, №304 Г, 1 қабат, «Заңғар» бизнес орталығы) келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1)Өтініш (өтініш формасын «Shymkent Invest» Фронт-офисінің қызметкерлері ұсынады);
2)Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаның басшысына тағайындау туралы бұйрық қажет);
3) Қызмет түрлері бойынша жеке кәсіпкер/заңды тұлға ретінде тіркеу туралы куәліктің/хабарламаның көшірмесі;
4)Сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірме (өкілдің талабы бойынша);
5)Өтініш берген кезде салықтық берешектің және басқа да міндетті төлемдердің жоқтығы туралы анықтама;
6)Кәсіпкердің қызмет көрсететін Банктен көшедегі сауда нысанын және қызметтерді орнатуға және рұқсат құжаттарды рәсімдеу үшін (инженерлік инфрақұрылымың қосуға) қажет қаражаттың болуы туралы кемінде 1 000 000 (бір миллион) теңге сомасында анықтама;
7)Жобаның бизнес-жоспары;
8) Лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген көше сауда объектісі мен қызметтерінің эскизі (эскиздік жобасы) (көше сауда объектісінің және (немесе) қызметтердің (сыртқы бөлігінің дизайны шарт жасасқанға дейін конкурс ұйымдастырушысымен келісілген);
9) Тауар өндіруші мәртебесінің бар екендігін растайтын құжат (бар болса);
10) Франчайзингтің бар екендігін растайтын құжат (бар болса).
Өтініштер және консультациялар төменгі мекен жай бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Еримбетов көшесі, 304/Г, «Заңғар» бизнес орталығы 1-қабат,(Фронт-офис «Shymkent Invest»).
Байланыс телефоны: 8 (7252) 39-11-77
Электронды адрес: sayat.ualiev@gmail.com
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2020 жылға арналған шекті мәндерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігі қаулысының жобасын талқылау бойынша Қоғамдық тыңдау өтеді.
1. Күн тәртібінде: «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2020 жылға арналған шекті мәндерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің қаулы жобасын талқылау.
2. Өткізу күні мен уақыты: 2020 жылғы 1 маусым, сағат 11:00
3. Өтетін орны: Шымкент қ., Солтүстік-Шығыс ш/а, Ерімбетов көшесі, 304Г, "Заңғар" БО, 2-қабат, конференц-зал
4. Қоғамдық тыңдауларға қатысуға ниет білдірушілер Қоғамдық тыңдау материалдарымен мына мекен-жай бойынша таныса алады: Шымкент қ., Солтүстік-Шығыс ш/а, Ерімбетов к-сі, 304Г, "Заңғар" БО, 2-қабат
5. Танысу үшін материалдар мына Интернет-ресурста орналастырылған: https://shymkent.atameken.kz, сондай-ақ, мына электрондық мекен-жай бойынша сұратуға болады: s.adambekova@atameken.kz
6. Ұсыныстар мен ескертулер: shymkent@atameken.kz электронды поштаға қабылданады.
Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласының аумағын абаттандыру Қағидалары бекітілсін.
Шымкент қаласы мәслихаты |
|
Шымкентқаласымәслихаты |
|
|
Шымкентқаласымәслихатының |
Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
3. Шымкент қаласының аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – әкімдік) уәкілетті басқару органдарына, абаттандыру мекемелері мен кәсіпорындарының басшыларына жүктеледі.
4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жалпы пайдалану орындары – бұл халық үшін қол жетімді немесе ашық аумақтар, объектілер;
2) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;
3) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;
4) газон – өсімдіктерді отырғызу және саябақ ғимараттары үшін фон болып табылатын жасанды шөп жабыны бар жер учаскесі;
5) күту тәртібі – ауа райы өзгерген жағдайда уақытылы әрекет ету мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс орнында болу мен жұмысты күту (техникалар, жұмысшылар) кезеңі;
6) қаланы абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын дамыту бойынша) және іс-шаралардың (аумақтару тазалау, құрғату және көгалдандыру, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау, санитариялық тазалау, шу деңгейін азайту бойынша ) жиынтығы;
7) қалдықтармен жұмыс істеу – қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеуді, қайта кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюдықоса алғанда қалдықтармен байланысты қызмет түрлері;
8) қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
9) қауiптi қалдықтар – құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiруi мүмкін қалдықтар;
10) өндірістік және тұтыну қалдықтары – шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін, сондай-ақ сондай-ақ өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;
11) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге және басқа да шағын аудандар, орамдар, елді-мекендер ішіндегі қалалық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
12) полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар – сұйық қалдықтар;полигон жағдайында жарылатын, жарылғыш, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупті қалдықтар; сумен реакцияға түсетін қалдықтар; медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтары; рекультивациялау кезінде тұрақтандырушы материал ретінде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері; жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар; пестицидтер; қабылдау критерийлерін қанағаттандырмайтын қалдықтар; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары;
13) санитарлық тазарту – елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру мақсатындағы іс-шаралар жүйесі;
14) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
15) уәкілетті орган – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
16) ұйым – жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
17) шағын сәулеттік нысандар (ШСН) – дикоротивтік және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
18) іргелес аумақ – тікелей ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) пайдалануындағы, жалдауындағы, теңгеріміндегі басқа да объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
2-тарау. Шымкент қаласының аумағын абаттандыру
1-параграф. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
1) көшелерде, өту жолдарында, қаланың аулаларында сондай-ақ, адамдар және/немесе көлік қозғалысы бар орындарда әзірленетін траншеялар мен шұңқырлар қоршаулы болуы қажет;
2) қоршаулардаалдын ала ескерту жазбаларын және белгілерін орнату қажет, ал түнгі уақыттаолар жарық шағылыстыратын қасиеттері және ескерту сипатындағыдабылы болуы тиіс;
3) жаппай адамдардың жүріп-тұруына жанасатын жердегі уақытша құрылыс қоршаулары тұтас қорғаныс күнқағарменжабдықталуы қажет;
4) жер жұмыстарының өндірісі барысында құнарлы (топырақ) қабатын алу, сақтау және ұтымды пайдалану, қаланың барлық аумағында жүргізу керек,;
5) өндіріс жұмыстары аймағына түсетін ағаштың діңін зақымданудан сақтау қажет.
1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;
3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды;
5) қауіпті қалдықтарды және бұдан әрі кәдеге жарату немесе өңдеу мақсатында мамандандырылған кәсіпорындар полигондарында орналастыруға тыйым салынған қалдықтардың тапсыруын қамтамасыз етеді.
15. Жеке және заңды тұлғаларға жол берілмейді:
1) көшелерде, алаңдарда, жағажайларда, саябақтарда, скверлерде және басқа қоғамдық орындарда ластауға;
2) ҚТҚ, ыдыстарды, өндірістік, тұрмыстық және қауіпті қалдықтарды жалпы пайдалану орындарында, кәсіпорын және жеке тұрғын үйлердің ішкі ауласын қоса алғанда сондай-ақ, контейнерлерде от жағуға;
3) өндірістік кәсіпорындардың тазаланбаған суын су қомаларына лақтыруға;
4) үй жайлардын ішкі кварталдарында және жалпыға ортақ жерлерде су бөлетін құдықтарды, су қоймаларында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде көліктерді сондай-ақ кілем өнімдерін жууға, тазалауға және жөндеуге;
5) топырақты, қоқысты, сусымалы құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, ағаштардың бұтақтарын, оларды брезентпен немесе басқа материалмен жабусыз тасымалдауға;
6) кез-келген түрде және мамандандырылған кәсіпорын болып табылмайтын кез-келген бөгде ұйымдарға және жеке тұлғаларға, полигонда орналастыруға тыйым салынған қауіпті қалдықтардың нысанда иеліктен шығару;
7) кез-келген түрде және мамандандырылған кәсіпорын болып табылмайтын кез келген бөгде ұйымдарға және жеке тұлғаларға, коммуналдық қалдықтардың нысанда иеліктен шығару.
2-параграф. Шымкент қаласының аумақтарын жинауды ұйымдастыру
19. Жалпыға ортақ орындарды жинау және күтіп-ұстау төмендегі жұмыс түрлерін қамтиды:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
2) қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.
1) контейнерлер алаңдарына;
2) газтарату қондырғыларына;
3) қар және қоқыстарды жинау барысында тұрғын үйлердің ішкі орамдарына қолжетімдігін қамтамасыз ету қажет.
40. Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің кондоминиумның басқару органы мен меншік иелері, ғимараттардың және құрылыстардың меншік иелері, және қөқысшығару мекемелер, қызмет көрсету келісім шарттың негізінде, контейнерлік алаңдар мен оған іргелес аумақтын тиісті санитарлық күйін қамтамасыз етеді.
42. Жинау бойынша ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға, келесіге тыйым салынады:
1) аумақты санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды орындау барысында қоқысты көшелердің жүру бөлігіне және өтпе жолдарға жылжытуға;
2) магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдардың жүру бөлігіне, ормаішілік өтпе жолдардан, аула аумақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда объектілерінен тазартылған қарды лақтыруға немесе жылжытуға;
3) қарды жинау барысында жасыл екпелерді зақымдауға және жоюға;
4) жолдардың шетінде қар үйінділерін құру барысында тротуар мен газонға қарды көшіруге;
5) қар үйіндісін тазартқаннан кейін өтпе жолға қарды шығаруға және үюге;
6) нөсер қабылдағыштарға қар үйіндісін жинауға;
7) сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға;
8) жағалау аумағына қоқысты, балшықты, ластанған қарды, тазаланбаған өнеркәсіп және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды тастауға;
9) ағынды су коллекторларына, жауын қабылдағыш құдықтар мен арық жүйесіне сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға;
10) ағаштар мен бұталардың түбіне жапырақтарды жинауға.
43. Күзгі-қысқы тазалау мерзімі әрбір жылдың қазанынан бастап наурызға дейін белгіленеді. Климаттық жағдайларға байланысты жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша қысқы тазартуды жүргізу мерзімі өзгеруі мүмкін.
1) қар суының қалыпты ағып кетуін талап ететін орындарда ағынды қамтамасыз ету үшін ойыстарды жуу және тазарту;
2) еріген су өтетін кәріздердің люктері мен қабылдағыш құдықтарына қарай қар суын жүйелі түрде ағызу;
3) қар ерігеннен кейін қалған қар мен мұзды, қоқысты жинап, аула аумағын жалпы тазарту.
3-параграф. Қалдықтарды жинау және шығару
Қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі әкімдікпен Шымкент қаласының аумағынан қоқыс шығаратын ұйымдарды анықтау бойынша конкурс өткізу арқылы ұйымдастырылады.
80. Аумақтағы контейнерлік алаңшалары бар жеке және заңды тұлғалар және қоқысшығару мекемелер, қызмет қөрсету келісім шартың негізінде,мына талаптарды орындауы тиіс:
1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы және контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы;
2) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз ету;
3) ҚТҚ, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасасу;
4) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға мамандандырылған автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдарды қар мен мұздан тазарту.
81. Жеке және заңды тұлғаларға тыйым салынады:
1) тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстары бар ыдыстарды көшелерге, қоғамдық пайдалану орындарына, баспалдақ аудандарына шығаруға;
2) үйінділерді жасауға, жерге қоқысты көміп тастауға;
3) контейнерлік алаңдардың аумақтарын ластауға, контейнерлерге орнықтыруға және ҚТҚ жатпайтын қоқысты алаңдарда, оның іргелес аумақтарында жинауға;
4) қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды тастауға;
5) жеке тұрғын үйлерге іргелес аумақтарда, ғимараттар мен құрылыстарда қоқыстарды жинауға;
6) қатты тұрмыстық қалдықтары үшін контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күлді, ірі көлемді қоқыстарды тастауға және жинауға.
85. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
91. Заңды тұлғалар және қоқыс жинау ұйымдарымен қоқыстар үшін сауыттар орнатылуы тиіс:
1) халық көп баратын орындарында бір-бірінен елу метр қашықтықта;
2) аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда оннан жүз метрге дейінгі қашықтықта;
3) қоғамдық көлік аялдамаларында және шағын және орта бизнес объектілерінің кіреберісінде екі сауыт.
4-параграф. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру
100. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
көтермелердің, жаяу жолдардың, жүргіншілер жолының, орам ішіндегі кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге; ауланың ішкі аумақтарына құрылыс материалдарын үйуге жол бермеу;
өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
шағын сәулет пішіндерін, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
101. Тұрғын үйлердің, шағын аудандардың аулаларында, сондай-ақ ауланың ішкі аумағында рұқсат етілмейді:
- аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 7-ге дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасауға;
2) ауланың ішкі және ішкі орам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
3) арнайы бөлінген және белгілермен, таңбалармен белгіленген орындардан тыс жерлерге көліктерді қоюға және аялдатуға.
5- параграф. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытшақұрылғыларды орнату, сондай-ақ жалпы пайдаланудағыдемалыс аймағын күтіп ұстау
102. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің нысандарын (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
103. Сәулеттік және түстері туралы шешім сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелерінің қаражаты есебінен, сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген сыртқы түрі мен түсі шешімін сақтауды ескере отырып, орындалады.
104. Ұсақ бөлшектік сауда нысандары мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, маңайында жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды тек осылар үшін арналған орындардан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
105. Сауда нүктелерінің иелері маңайында жатқан аумақтық көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауы керек.
106. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен келісім шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.
107. Көпшілік пайдаланатын демалу аймақтары - саябақтар, скверлер, бульварлар, жаға жайларды осы нысандар бекітілген бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері күтеді.
Көпшілік пайдаланатын демалу аймақтарын тазалау және ағымдағы күту жұмыстарын бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен отырған келісім шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді.
108. Көріктендірудің, ғимараттардың және шағын сәулеттік пішіндердің элементтеріне, көпшілік демалатын аймақтардың құрылымына сәулеттік және түстік шешімдеріне өзгерістерді Алматы қаласы сәулет және қала құрылыс басқармасымен келісіліп, жүргізіледі.
109.Саябақтардың және жаға жайлардың аймақтарында нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес қоғамдық әжетханалар болуы керек.
110. Көпшілік демалатын аймақтарды қолданыстағы нормативтік талаптарға сай қоғамдық тамақтану нысандары және ұсақ бөлшекті сауда нүктелері орналасуына болады. Бұл нысандардың иелері бөлінген және бекітілген аумаққа санитарлық тазалау мен жинау үшін арнайы кәсіпорындармен келісім шартқа отыру керек, немесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өзі жүргізеді. Осы нысандарды жөндеу және сырлау жұмыстары олардың иелері есебінен орындалады.
111. Көпшілік демалатын аймақта рұқсат етілмейді:
- қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерді жууға және тазалауға;
- көгалдарға, гүлзарларға, тротуарларға нысандарды орналастыруға;
- мангалды қолданып, ашық отта кәуап және басқа тағамдарды пісіруге;
- 23.00 кейін қатты музыка қоюға.
6-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау
7-параграф. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау
8-параграф. Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Жоба
Шымкент қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 тіркелген) бұйрығының 102-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
- «Шымкент қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлеккеттік тіркеу туралы тізілімінде №4547 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде №32 «Шымкент келбеті-Панорама Шымкента» газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
- «Шымкент қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін:
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов
Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы « __» шілдедегі
№____ қаулысына қосымша
Шымкент қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы
бөлінген орындар
№ |
Аудан атауы |
Орналасқан орны |
Абай ауданы |
Алматы айналмалы тас жолы мен С.Сағынбаев көшелерінің қиылысы |
|
Абай ауданы |
Д.Құрманбеков көшесі, №2 орталық аурухананың жаны |
|
Абай ауданы |
Көкбұлақ тұрғын алабы, Есіркепұлы Қырықбай ата мешітінің жаны |
|
Абай ауданы |
Игілік тұрғын алабы, №128 мектептің алды |
|
Абай ауданы |
Жаңа талап тұрғын алабы, Шардара көшесі Достық аялдамасының жаны |
|
Абай ауданы |
Қазығұрт шағын ауданы, Ақтас елді мекені 1079 учаскінің алды |
|
Абай ауданы |
Алматы айналмалы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшелерінің қиылысы |
|
Абай ауданы |
Алматы айналмалы тас жолы мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысы |
|
Абай ауданы |
Алматы айналмалы тас жолы мен Барақ хан көшелерінің қиылысы |
|
Абай ауданы |
Алматы айналмалы тас жолы мен Школьная көшелерінің қиылысы (Құрсай ш.а) |
|
Абай ауданы |
Алматы айналмалы тас жолы мен Мақталы көшелерінің қиылысы (Қазығұрт ш.а ) |
|
Абай ауданы |
Ұ.Арғынбеков пен Т.Өтегенов көшелерінің қиылысы |
|
Абай ауданы |
Түркістан көшесінің бойы Отан Мұнай жанар-жағармай бекетінің жаны (тұрлан шағын ауданы) |
|
Абай ауданы |
Жиделібайсын мен Шардара көшесінің бойы |
|
Абай ауданы |
Алматы айналмалы тас жолы мен Барыс базары жаны |
|
Абай ауданы |
Ұ.Арғынбеков пен К.Қазиев көшелерінің қиылысы |
|
Абай ауданы |
Ұ.Арғынбеков пен Айтас көшелерінің қиылысы бойы |
|
Абай ауданы |
Т.Өтегенов көшесі мен А.Шакиров көшелерінің қиылысы бойы |
|
Әл-Фараби ауданы |
Сәуле шағын ауданы Ынтымак көшесі 45/7 үйдің жаны |
|
Әл-Фараби ауданы |
Сәуле шағын ауданы Жанабазар көшесі №1 үйдің жаны |
|
Әл-Фараби ауданы |
Сәуле шағын ауданы Сырым батыра көшесі №10 үйдің жаны |
|
Әл-Фараби ауданы |
Сәуле шағын ауданы Б.Саттарханов көшесі ЧПС аялдамасының жаны |
|
Әл-Фараби ауданы |
Сәуле шағын ауданы Б.Саттарханов көшесі Мелница аялдамасының жаны |
|
Еңбекші ауданы |
Елтай тұрғын алабы, «Алтай» жанар-жағар май бекетінің жаны |
|
Еңбекші ауданы |
Тоғыс тұрғын алабы, «Бейбарс» жанар-жағар май бекетінің жаны |
|
Еңбекші ауданы |
Қапал батыр көшесі, «Петро Казахстан ойл продакшнның» айналма жолының жаны |
|
Еңбекші ауданы |
Базар қақпа тұрғын алабы, Абдуллабад көшесі нөмірсіз, «Рау» жылыжайының жаны |
|
Еңбекші ауданы |
Базар қақпа тұрғын алабы, Ю.Сареми көшесі №39 үйдің жаны |
|
Еңбекші ауданы |
Бадам 1 тұрғын алабы, Ленгер тас жолы №23, №36 үйлердің алды |
|
Еңбекші ауданы |
Бадам 1 тұрғын алабы, Ленгер тас жолы, «КазРосНефть» жанар-жағар май бекетінің қарсы беті |
|
Еңбекші ауданы |
Ленгер тас жолы, «Ауыл агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаны |
|
Еңбекші ауданы |
№1 Автожол көшесі, «Шифер завод» аялдамасының жаны |
|
Еңбекші ауданы |
№1 Автожол көшесі, «Green Bus» автобекетінің жаны |
|
Еңбекші ауданы |
Леңгір тас жолы «Ұлыорда» ЖЖБ-ға жетпей 50 м |
|
Еңбекші ауданы |
Жібек жолы даңғылы және К.Тленшин көшелерінің қиылысы |
|
Еңбекші ауданы |
Жібек жолы даңғылы «мешіт» аялдамасының жаны |
|
Еңбекші ауданы |
Леңгір тас жолы (бұрыңғы мал-базар қарсы беті) |
|
Қаратау ауданы |
Бозарық саяжайы, №71 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы |
|
Қаратау ауданы |
Достық шағын ауданы, Алғыс және Жігер көшелерінің қиылысы |
|
Қаратау ауданы |
Қайнар бұлақ саяжайы, Степная мен Центральная көшелерінің қиылысы |
|
Қаратау ауданы |
Таскен тұрғын алабы, Бабашұлы көшесі №115 мектептің жаны |
|
Қаратау ауданы |
Мирас тұрғын алабы, Кеме қалған көшесі және Қарабұра әулие көшесінің қиылысы |
|
Қаратау ауданы |
Асар шағын ауданы, №1 Қалалық балалар аурухана жаны |
|
Қаратау ауданы |
Бердібек Бабашұлы көшесі №146 үйдің жаны |
|
Қаратау ауданы |
Азат тұрғын алабы, Ақжол көшесі №21, 102 үйлердің қарсы беті |
|
Қаратау ауданы |
Азат тұрғын алабы, Ақбастау көшесі №5, 67 үйлердің жаны |
|
Қаратау ауданы |
Достық шағын ауданы, Н.Әбдіров көшесінің қарсы беті |
|
Қаратау ауданы |
С.Рахимов көшесі, №2 үйдің қарсы беті |
|
Қаратау ауданы |
Бозарық саяжайы, Шаян мен Дархан көшелерінің қиылысы |
|
Қаратау ауданы |
Алатау көшесі, Теміржол өткелінің жаны |
|
Қаратау ауданы |
Алатау көшесі, ШНОС жанармай бекетінің жаны |
|
Қаратау ауданы |
Тассай тұрғын алқабы, Уалиханов көшесі №2 ғимараттың жаны |
|
Қаратау ауданы |
Алматы айналма тас жолы мен Шаян көшелерінің қиылысы |
|
Қаратау ауданы |
Асар-2 шағын ауданы 2-ші көше аялдамасының жаны |
|
Қаратау ауданы |
Бозарық шағын ауданы Шаян тас жолы медициналық пунктінің жаны |
Шымкент қаласының аумағында көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарды айқындау, орын тұраққа қою қағидасын және орын тұрақта тұрғаны үшін тариф бекіту туралы
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
17 сәуірдегі Заңының 42-1-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласында көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Шымкент қаласының аумағында көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарды туралы қағидасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Шымкент қаласының көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда 1 сағат орынтұраққа қойғаны үшін тариф 100 (жүз) теңге көлемінде белгіленсін.
4. «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша филиалына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін, оны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е. Садырға жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі Е. Айтаханов