astana-view

Павлодарда бір жыл ішінде кәсіпкерлерден 500-дей шағым түскен

2014 жылғы 24 Қыркүйек
2178 просмотров

Павлодар кәсіпкерлерінің жұмысына салық және кедендік басқару ісінде кедергілер көп.

Өңірдегі Кәсіпкерлер палатасының өкілдері осылай дейді. Соңғы бір жылда палатаға бизнесмендер тарапынан 500-ге жуық шағым түскен. Палата өкілдері 100-ден көп проблеманы оңынан шештік деп отыр. Жиі ұшырасқан сұрақтардың ішіндемемлекеттік сатып алу, жер қатынастары, сондай-ақ интеллектуалдық меншік мәселелері де болыпты. Дегенмен, жөнсіз тексеруге ұрынған кәсіпкер кезікпеген. Қазір облыстың әрбір ауданы мен шағын қалаларында көмек қолын созатын арнайы бөлімшелер ашылған.

Бақытжан Ілиясова, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Кәсіпкерлер өз құқықтарын мағлұмдау бойынша арнайы жобаға қатыссын деген оймен палата біраз жұмыстарды атқарды. Әңгіме «сенім сертификаты» жөнінде болып отыр. Оны беретін мемлекет. Ол құжат қандай да бір кәсіпорынды еңбек заңы бойынша тексеруден босатады. Қазір өңірде осындай сертификат алған 5 кәсіпорын бар. Қуанарлығы сол, кәсіпкерлер күннен күнге сауаттарын ашуға құлық танытып келеді.

Кәсіпкерлерді көп алаңдататын жайттің бірі – «электрондық кілт». Әсіресе, интернетіәлсіздеу ауыл-аймақтағы бизнесмендер онымен қалай жұмыс істеуге болатынын біле бермейді. Сол үшін «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сервистік қолдау көрсететін операторлардың қызметі пайда болды. Осы аралықта 7 сервистік компания бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласы бойынша кәсіпкерлерге тегін кеңес береді. Облыс бойынша қазір 200-ден астам бизнес өкілібұл қызметті пайдалынып үлгерген.

Нұрғали Бейсенбаев, сервистік компанияның басшысы:

- Электрондық кілтті қалай қолдануға, қалай салық декларацияларын жіберуге, көбінесе осындай сұрақтар болады. Келісім бойынша 32 кәсіпкерден кем болмауы тиіс, бірақ бізге әлі келіп жатыр. Біз қазіргі уақытта 39 кәсіпкерді қамтамасыз еттік.

Дерекнамасы: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер