2015 жылы Қазақстанның барлық аудан орталықтарында кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтары ашылатын болады – Әлтаев
2015 жылы Қазақстанның барлық аудан орталықтарында кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтары ашылатын болады, деп мәлімдеді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев ОКҚ-да өткен брифингіде.
«Біз 2015 жылы Қазақстанның барлық аудан орталықтарында кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарын ашу міндетін қойып отырмыз, онда «бір терезе» принціпі бойынша қызмет көрсетілетін болады», - деді Н.Әлтаев.
Н.Әлтаев атап өткендей, орталықта ен қажетті қызмет түрлері көрсетілетін болады. Олар – маркетингтік, бизнес жоспарды жасау, заңгерлік, бухгалтерлік қызметтер мен салық салу бойынша кеңес беру, рұқсат қағаздарын алу және т.б.
Бұдан басқа, әр аудан орталықтарында кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарымен қатар кәсіпкерлер үшін мектептер ашылады. «Онда білікті мамандар кәсіпкерлік негізіне адамдарды үйретіп қана қоймай, нақты бір жоба бойынша білімін арттырады. Мысалы бір шағын жылыжай салғын келді ма онда саған осы тұрғысында жан-жақты кеңестер мен мәлімет беріледі», - деп ол толықтырды.
Сонымен қатар, ол еске салып өткендей, 2014 жылы аталмыш жұмыс облыстық деңгейде жүргізіліп, 15 мыңнан астам кәсіпкерге көмек көрсетілді.
Дерекнамасы: Strategy-2050
Пікір қалдыру:
Пікірлер: